Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет44/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
МК-Лекция

2 Бағдаламалаудың негізгі құрылымы
Бағдарламалау тілдерінің негізгі констукциялары:
Синтаксис. Кәдімгі тілдердегідей, бағдарламалау тілдері элементтерінің синтаксисі бар. Бағдарламалау тілдері элементтерінің синтаксисі - бұл тілдегі қандай символдар тізбегі мүмкін өрнектер болып есептелетінін анықтайтын ережелер жиыны. Синтаксис формальды шартты белгіле көмегімен беріледі. Синтаксистің кең таралған формальды шартты белгісі - бұл Бекус Наураның кеңейтілген формасы (БНКФ). БНКФ-де біз ең жоғарғы деңгейдегі обьектіден (бағдарламалардан) бастауымыз керек және обьектілерді декомпозициялау ережелерін қолдана отырып, белгілі бір символ деңгейіне жеткенге дейін. Мысалы: Айнымалыны - жариялау::= тип-спецификаторы идентификатор {идентификатор}; Бұл былай оқылады: Айнымалыны жариялау тип спецификаторын көрсетеді, одан соң идентификатор (айнымалының аты) ұсынылады және бір-бірінен үтірмен ажыратылған міндетті емес идентификаторлар тізбегі, соңында нүктелі үтір қойылады.
Семантика - бұл бағдарламалау тілдері сөйлемдерінің (бағдарламаның) мағынасы, бағдарламалау тілінің семантикасын құрастыру қосымша үстемділік- бағдарламаның дұрыстығын дәлелдеу мүмкіндігін береді.
Бағдарламаның орындалуын, қалай оператор кірістегі бекітілімдерді қанағаттандыратын күйді шығыстағы бекітілімдерді қанағаттандыратын күйге айналдыратынын сипаттайтын аксиомалар көмегімен қалыптастыруға болады.
Деректер. Бағдарламалау тілдерімен алғашқы танысқанда көңіліңіз оператор мен командаларға бөлінеді. Операторларды үйреніп, оларды қолдана бастаған кезде, деректерге көңіл аударасыз. Қазіргі тілдерде операторлар белгілі бір обьект үшін қолданылатын деректерді манипуляциялау құралдары деп есептеледі. Бағдарламалаудың орталық концепциясы:
Тип -бұл шамалардың көпшесі және оларға жасалатын көптеген операциялар. Типті анықтау тілге байланысты. Деректерді талдау үшін кейбір анықтамалар қажет.
Шама. Қарапайым анықталмаған түсінік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет