2 Процессордың архитектурасының ұйымдасуы
ЭЕМ–нің архитиктурасында процессор негізгі орынға ие болады. Ол тікелей мәліметтерді
өңдеп және бағдарламаны басқарып отырады. Әр команданы орындау кішігірім амалдарды орындаудан басталады–микрокомандалар, олар белгілі бір элементарлық әрекеттерді орындау-ға бағытталған. Микрокомандалар жиынтығы ЭЕМ – нің командалар жүйесі және логикалық құрылымы арқылы анықталады. Сондықтан ЭЕМ – нің әрбір командасы тұрақты есте сақтау құрылғысында (ЕҚС) сақталатын тиісті командаларға сәйкес жүзеге асады. Кейбір ЭЕМ–нің барлық немесе кейбір командалары аппаратты түрде жүзеге асады. Микрокомандалар арасында уақыттық қатынасты анықтау үшін бірлік уақыты (такт) орнатылады, осы аралықта микрокоманда орындалады. Сондықтан ЭЕМ бір команданы орындау үшін бірнеше тактілерді орындау қажет етеді. Тактілер шекарасы синхро импульс бойынша беріледі, процессордың арнайы құрылғысы тактілік генератор арқылы тактілік жиілік мГц өлшемі арқылы сипатталады. Орталық процессордың негізгі бөліктері: басқарушы регистрлер (БР), басқару құрылғысы (БУ), тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ), арифметикалық логикалық құрылғылар (АЛҚ), резистрлі жады (РЖ), Кэш жадысы және интерфейсті блок. Басқару құрылғысы–басқару сигналдарын өндіреді. Сонымен бірге ЭЕМ – сының жұмыс істеуін қадағалайды. Практикада басқару схемаларының көпшілігі ЭЕМ – де таратылған. Басқарушы регистрлердің қызметі басқару элементтерін уақытша сақтау үшін арналған. Олардың құрамында регистрмен есептегіштер бар. Регистрлі жады блогында кіші көлемді жоғары оперативті жады регистрлері орналасқан. Бұл регистрмен операнттарды сақтау үшін қызмет етеді. Арифметикалық амалдарды орындау үшін қызмет етеді. Мұнда сандарға арифметикалық амалдар қолданылады. Логикалық амалдар жеке биттарға және байттарға қолданылады.
3 Компьютер жадысының ұйымдастырылуы
Микропроцессор. Компьютердің ең басты элементі – микропроцессор, оның әр түрлі логикалық функцияны орындайтын программалау мүмкіндігі бар, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы бөлігін немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы ретінде қолданады.
Микропроцессорге жедел және тұрақты жад, енгізу-шығару құрылғылары қосылады. Микропроцессор үш түрлі ақпараттарды өңдейді: деректер, адрестер және программа командалары. Ол ұзындығы 8-ден 32 битке дейін жететін машина сөздері түріндегі ақпараттармен әрекеттер жасайды. Сонымен қатар микропроцессордың секундына бірнеше жүздеген миллион операцияларды орындау қабілеті бар.
Жалпы алғанда микропроцессор орындайтын функцияларды төмендегідей топтарға бөлуге болады:
Компьютер блоктары арасында қажет кезеңінде басқарушы сигналдарды таратады, операцияны қолдануға жад ұяларының адрестерін белгілейді және оны компьютердің басқа блоктарына таратады, яғни басқарушы құрылғы;
Арифметика-логикалық құрылғы, себебі ол барлық логикалық және арифметикалық операцияларды сандық және таңбалық ақпараттармен орындауға мүмкіндік береді.
Кәсіби компьютерлердің ішкі жады үш бөлімнен тұрады.
1. Негізгі жад (640 Кбайт)
2. Жоғарғы жад
3. Қосымша жад
Қосымша жад
|
Жоғарғы жад
|
Негізгі жад
|
...
|
Бейне жад
|
ТЕСҚ
|
Жоғарғы жадтың құрамында компьютерді жасап шығарған зауытты DOS-тың бір бөлігі ВІОS жазылып қойылған бөлім бар. Оны тұрақты есте сақтау құрылғысы деп атайды.
ТЕСҚ-ның көлемі үлкен емес 32-64Кб. Пайдаланушының ТЕСҚ-ға берілетіндерді өз про-граммасын енгізу мүмкін емес. Ондағы бейнежад-монитор адаптері (бейнеадаптер) пайда-ланылатын жад.
Достарыңызбен бөлісу: |