Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет18/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
МК-Лекция

2 Windows операциялық жүйесіық жүйе болып табылады.Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын бас
WINDOWS операциялық жүйесі кең тараған операциял қару;
- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- колданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WIN DOWS жүйесі:
- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
- әртүрлі программалар арасында мәліметтермен алмасуды;
- масштабталатын қаріптерді қолдауды;
- мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
- бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.
WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары
Терезе - WINDOWS жүйесіндегі ең негізгі үғым болып саналады, WINDOWS
сөзінің нақты аудармасы "терезелер" екені осыны білдіреді.
Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. WINDOWS терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мүнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін терезе ішінде екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның жұмысы да аяқталады. Болашақта WINDOWS ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болса да, бәрінің кейбір ортақ элементтері, қасиеттері бар. Енді сол элементтермен танысайық. Терезе шекаралары - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік мәзір батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек мәзір жолы бар. Ал мәзір жолынан төменгі төртбұрышты аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі ақпарат болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б. Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан ақпарат көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде де) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симайтын ақпараттың бар екендігін көрсетеді. Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
- толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;
- қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;
- белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет