Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет3/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
МК-Лекция

2 Информатиканың объектілері және құрама бөліктері
Компьютерлік информатика есептеуіш техника құралдарының көмегімен ақпаратты жинау, сақтау және бейнелеумен айналысатын жаратылыс-ғылыми пәні болып табылады.
Информатиканың үш негізгі тармағын көрсетуге болады:
1.теориялық, математикалық информатика (brainWare) формальді жүйелермен, модельдермен, алгоритмдермен және программалау, кодтау мен жүйелерді ұйымдастыру теорияларямен байланысты информатиканың теориялық проблемаларын зерттейді;
2.практикалық,қолданбалы информатика (soft Ware) программалаумен және модельдерді, программалық және компьютерлік технологиялар мен жүйлерді қолданумен байланысты информатикалық және нақты проблемаларын зерттейді;
3. техникалық инженерлі-физикалық информатика (hаrd Ware) ақпаратты өңдеудің тех-никалық құралдары, ЭЕМ және ЭЕМ жүйелері, желілерді құрастыру және зерттеумен байланысты информатиканың техникалық, инженерлі-физикалық проблемеларын зерттейді.
Информатиканың негізгі түсініктері:
ақпарат және хабарлама;
 алгоритм және алгоритмдеу;
жүйе және құрылым, қатынас және байланыс, тәртіп таңдау;
 модель және модельдеу;
орындаушы және оның операциялық ортасы;
тілдер және грамматика;
жүйлерді проектілеу және технология;
Информатика ақпараттық процестер мен жүйелер; моделдермен оларды сипаттау тілдері; білім алуға бағытталған және оны қолдануға арналған технологиның негізінде ғылым салаларында дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік тудыруды қамтитын пән.
Ақпараттық процесс–бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады. Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.
Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.
Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.
Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.
Модель – қандай да бір объектінің, процестің немесе сыртқы өмірдегі құбылыстың математикалық немесе басқа арнайы символдың көмегімен өрнектеліп, шамамен сипатталуы.
Ақпараттық модел –объектінің, процестің, құбылыстың күйін және қасиетін, сол сияқты олардың сыртқы ортамен өзара байланысын сипаттайтын ақпараттың жиынтығы.
Ақпараттық модель былай жіктеледі:
Ауызша (ақпараттық модель ойша немесе сөзбен).
 Таңба (ақпараттық модель таңбаның көмегімен беріледі, яғни кез-келген формальді тіл арқылы).
Информатика басқа ғылым салаларының мәселерін зерттеуге арналған ғылым. Ол басқа ғылымдардың жалпы және жеке зерттеу әдістерін жасауға және жетілдіруге көмектесіп, пән аралық байланыстарды күшейтіп, басқа ғылым салаларында өз идеяларын, әдістерін, технологиялармен нәтижелерін қолдануға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет