Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет47/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
МК-Лекция

Бағдарламалау ортасы
Тіл - бұл таңбалар тізбегінен құрылатын бағдарламаны жазуға қажет ережелер жиыны.
Редактор- бұл бағдарламалау тілінде жазылған бағдарламадан құрылған таңбалық файл болатын алғашқы файлды құру және өзгерту үшін қажет саймандық құрал.
Компилятор- алғашқы файлдағы таңбаларды нақты компьютер үшін машиналық кодтағы командалардан құрылған объектілік модульге аударады.
Кітапхана - кітапхана деп аталатын объектілік файлдар жиынтығын қолдайды.
Құрастырушы (компоновщик) немесе байланыс редакторы - бағдарлама компоненттерінің объектілік файлдарын жинақтайтын және орындалатын файлды құрастыра отырып, бір компьютерден екіншіге сыртқы сілтемелерді рұхсаттайды.
Жүктеуші - бағдарлама орындалар алдында дискіден орындалатын файлды жадқа көшіреді де, компьютерді инициализациялайды.
Өңдеуші (Отладчик) бұл саймандық құрал, ол бағдарламалаушыға жеке операторлар
деңгейінде қателерді диагностикалау үшін бағдарлама орындалуын басқаруға мүмкіндік береді.
Тестілеу құралдары бағдарламаны тестілеу үрдісінде тестілеу нәтижесін құруды және орындауды автоматтандырады.
Конфигурациялау құралдары бағдарлама жасауды және файлдың бастапқы деңгейіне дейінгі өзгерістерді қадағалауды автоматтандырады.
Интерпретатор бастапқы файлды объектілікке аударатын компиляторға қарағанда ол бағдарламаның бастапқы кодын тікелей орындайды. Бағдарламалау ортасын жекеленген саймандар құралдарынан құрастыруға болады. Бұдан басқа көптеген жабдықтаушылар интегралданған бағдарламалау орталарын сатады.
2 Процедуралық бағдарламалау
Тілдерде ішкі бағдарламалармен жұмыс істеуді мүмкіндейтін құралдардың пайда болуы нәтижесінде көптеген есептегіш және қызметші ішкі бағдарламалардың үлкен кітапханалары пайда болды. Оларды қажет уақытта негізгі бағдарламадан шақыруға болады.
Сол кездегі бағдарлама басты бағдарламадан, глобальды деректер аймағынан және барлық деректерді немесе олардың бөліктерін өңдей алатын ішкі бағдарламалар жиынынан тұрды. Мұндай архитектураның әлсіз жері, ішкі бағдарламалар саны өскен сайын кейбір ішкі бағдарламалардағы глобальды деректер бөліктерінің бұрмалану ықтималдылығы өсіп отырды.
Осындай қателерді азайту үшін ішкі бағдарламаларда локальды деректерді орналастыру ұсынылды. Ішкі бағдарламаларды қолдау құралдарының пайда болуы бірнеше бағдаламалаушыларға паральлельді түрде құрастыруға мүмкіндік берді.
Бағдарламаны жобалауға арналған әр түрлі амалдар мен тәсілдер бар.
Модельдерді құру барысында екі принципті қолданады дедуктивті (жалпыдан жекеге) және индуктивті (жекеден жалпыға). Есептегіш емес алгоритмге сұрыптау және іздеу жатады. Сызықтық іздеу процедурасы сілтемнің барлық элементтерін қарапайым тізбектеп қарап шығудан және оларды эталонмен салыстырудан тұрады. Тең бөліп іздеу реттелген деректерге қолданылады. Келесі сұрыптаулар аса кеңінен қолданылады: қосу, таңдау және алмастыру көмегімен. Екілік қосу әдісі. Ағаш көмегімен сұрыптау әдісі. Файлдарды сұрыптау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет