Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Бағалаудың ұстанымдары мен жүйесі



бет64/68
Дата18.05.2022
өлшемі7.7 Mb.
#456994
түріСеминар
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
комп.графика УМКД

1. Бағалаудың ұстанымдары мен жүйесі
Пәннің оқытылуы бөлінген сағат көлемінде дәріс, практикалық және зертханалық сабақ түрінде өтеді, сондай-ақ ағымдағы, аралық бақылау (8 және 15 апта) және қорытынды бақылау (емтихан) бірге жүргізіледі. Оқу қорытындысында жақсы баға алынған болса, пән бойынша кредит есептеледі.
Студент оқу материалының бағдарламасын толық меңгерген жағдайда, тапсырылған жеке, өзіндік және практикалық жұмыстарды орындап, барлық дәріс жазбалары түгел болса жақсы баға қойылады. Бағдарлама шеңберіндегі сұрақтарға дұрыс, саналы және сенімді жауап беруі керек. Түрлі практикалық тапсырмаларды алған білімімен өз бетінше орындай алуы. Ауызша жауап беруде әдеби, кәсіби тілді қолданып, қате жібермейді.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәндік оқу бағдарламаларына байланысты мына түрлерді қамтиды: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, аралас бақылау, пікір сайыстар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-сатылар, тесттер мен үй тапсырмаларын сұрау.


2. Білім алушылардың білімін өлшеу құралдары
Білім алушылардың білімін өлшеу құралдары ретінде баға шкаласы енгізіледі. Баға шкаласы балдық-рейтингілік әріптік жүйеге негізделген. Балдык-рейтингілік әріптік жүйеде он балдық жүйемен бағалау әдісі қалыптасады және дәстүрлі бағалар мен бағаның пайыздық мөлшері әріптік жүйе бойынша бағалаудан тұратын сандық балама балмен сәйкестендіріледі. Білім деңгейін әріптік жүйемен бағалауда ағылшын тілі алфавитінің А (ең жоғары баға) мен Ғ (ең нашар баға) аралығындағы әріптері қолданылады.
Он балдық жүйемен есептеуде араб санымен 4,0 -ден 1,0- re дейінгі сандық баламалар - оң бағалар, 0 қанағаттанарлықсыз бағаның сандық баламалы балы болып табылады.
Бағалаудың пайыздық мазмұны пайызбен анықталады. Бұған қоса 50%-дан 100%-ға дейінгі бағалаулар жағымды бағаларға жатады да, 0%-дан 49%-ға дейінгілер бағалаулар қанағаттанарлықсыз бағалауларга жатады.
Дәстүрлі баға шкаласы төрт балдық шкалада «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» қатарында түзіледі.
Балдық-рейтингілік әріптік жүйе оқытудың барлық білім алушыларға қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет