«Информатика» пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны: Мектепте информатика пәнін оқытудың мақсатын ұғыну, информатика негіздерін игеру мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуді талап етеді.
Бірінші кезең (7-9 сыныптар) –базалық курс, информатика пәні бойынша оқушылдардың міндетті жалпыбілімдік дайындық деңгейін қамтамасыз етеді Бұл кезеңде оқушылар ЭЕМ-нің архитектурасы және информациялық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене отырып, оқу процесінде компьютерді жан-жақты, тиімді пайдалана отырып, өзіндік танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырады. Негізгі курсты оқытудағы басқару ісіндегі информацияның мәні, информациялық процесстердің жалпы заңдылықтары және жүйелі информациялық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары, программалау тілдерімен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептеррді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері туралы мағлұматтар алады.
Достарыңызбен бөлісу: |