«Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері
«Информатика» жалпы білім беретін оқу орындарының негізгі (7-9 сыныптар) және жоғарғы (10-11сыныптар) сатысында оқытылатын оқу пәні ретінде қарастырылады.
«Информатика» оқу пәні көлемінде мынадай бағдарламалар жүзеге асырылады:
Білім берудің негізгі бағдарламасы –информатиканың базалық курсы (7-9-сыныптар)-3 жыл
Бағдарлы білім беру бағдарламасы – қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша информатиканың бағдарлы курсы (10-11-сыныптар)-2 жыл.
Қосымша білім беру бағдарламасы –бұл стандарт көлемінен тыс, информатика пәні бойынша оқушылардың білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған факультативтік және (немесе) арнайы курс -2 және одан да көп жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |