Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау. Бақылауды мұғалімнің, жолдасының, компьютердің және өзіндік бақылау деп бөлуге болады.
Информатика курсындағы бақылаудың ерекшелігін төмендегідей тұжырымдауға болады: жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны компьютердің шығарғаны деп есептейді; компьютер оқушының өзінің іс-әрекетін ұғынуына нәтиженің дұрыс немесе қате екендігі жөнінде хабарлама береді.
Мұғалімнің дәстүрлі бақылауымен қатар, жолдастарының бақылауының да маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлау жүрісін түсінуді үйренеді де, өзінің білімін сыртқа шығарып, сөйлесуге дағдыланады. Кері байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиімді, бірақ өте жоғары жылдам реакция –мұғалімнің түсініктемесі –оқушының ойлау жүрісінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал. Оқытуда ұйымдастыруға қатысты бақылауды ауызша және жазбаша деп бөлуге болады. Жазба тіл пайдалы, үлкен еңбекті талап етеді. Компьютер экранындағы текст жазба тілдің бір түрі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |