автоматты жобалау жүйесі сипатталады. Өзінің табиғаты бойынша бұл
графикалық редактор пайдаланушыға сұхбаттық режимде қандай да бір
конструкторлық міндеттерді, бірден экран мониторынан оның іс-әрекетінің
нәтижесін көрсете отырып шешу мүмкіндігін береді. AutoCAD командалары
адам қабылдауына оңай, әрі түсінікті, ал онымен сұхбаттасу әртүрлі менюлер
(бас, экрандық, құлайтын, контекстік, графикалық), сұхбаттық терезелер,
мәтіндік терезелер, инструменттер панельдері көмегімен іске асырылады.
AutoCAD жүйесінде сызба даярлау үшін қажет базалық геометриялық
объектілердің – кесінділердің, нүктелердің, шеңберлердің, доғалардың,
көпбұрыштардың және тағы басқалардың кең ауқымы келтірілген.
AutoCAD командалары және инструменттік құралдары кез келген жобалық
жұмыстарды орындауда қолданылатын сызба мен модельдердің дәл, әрі толық
кескіндерін алуға мүмкіндік береді.
AutoCAD бекітілген стандарт бойынша өлшемдерді қоюдың тез, әрі оңай
процедураларын қамтамасыз етеді.
Тетікбөлшектің материалын көрсету үшін, жекелеген тетікбөлшектердің
немесе функционалды элементтерінің шектерін көрсету үшін AutoCAD
штрихтау және түске бояуды басқару сұхбаттық құралдары қарастырылған.
Олар алдын-ала берілген штрихтау тәсілдерімен қатар, пайдаланушы ұсынған
әдістерді де қолдануға мүмкіндік береді. Штрихтау шекарасы автоматты түрде
орнатылады, сол арқылы таңдалған стильді көріп шығуға, сол секілді штрихтау
сызықтарының қалыңдығын, көлбеулік бұрышын, штрихтар арасындағы
қашықтықты анықтауға болады.
AutoCAD қаріптердің кең таңдауын ұсына отырып, мәтіндік ақпаратты
енгізудің және оны редакциялаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырады.
AutoCAD командаларының көмегімен үшөлшемді қатты денелі модельдер
жасауға болады, сонымен қатар модельделінетін объектінің көлемін, инерция
моментін, салмақ центрінің орнын және тағы да басқа физикалық шамаларын
есептеуге болады.
Сол секілді, дербес компьютерде жұмыс істеп үйренбейінше, информатика
және сызу курстарын білмейінше, тіпті AutoCAD жүйесі секілді әмбебап
инструментті де үздік меңгеру мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |