Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата07.02.2024
өлшемі1.76 Mb.
#491126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
AutoCAD--курс лекц

1.4 AutoCAD примитивтері 
АЖЖ міндеттеріне орай, AutoCAD объектілер кескіндерімен емес, 
объектілердің техникалық кескінін құрайтын геометриялық сипаттамаларымен 
жұмыс істейді. Мысалы, кесінді екі нүктемен сипатталады, шеңбер центрі және 
радиусы арқылы сипатталады, доға –центрі, радиусы және центрлік бұрышы 


арқылы сипатталады. Объектілерді бұлайша бейнелеу векторлық деп аталады. 
Ол кез келген күрделіліктегі техникалық кескінді жасау үшін жеткілікті. 
AutoCAD – тың графикалық объектілері графикалық примитивтер деп 
аталатын, типі бойынша алуан түрлі болып келетін элементтерден құралады. 
AutoCAD примитивтеріне бірқатар қасиет тән: қабатқа тиістілігі, сызық типі, 
сызық түсі, салмағы және т.б.
AutoCAD графикалық редакторы пайдаланушыға примитвтердің белгілі 
бір жиынын ұсынады. 
Нүкте – әртүрлі графикалық белгілердің көмегімен кескінделетін 
қарапайым примитив. 
Кесінді – екі шеткі нүктесі арқылы берілетін түзу сызықтың бөлігі. 
Түзу – Түзуге тиісті екі нүкте арқылы берілетін, шексіз ұзын түзу сызық. 
Сәуле – берілген нүктеде басталып, шексіздікке кететін түзу сызық. 
Мультисызық (Мсызық) – параллель сызықтар жиынтығы (1-ден 16-ға 
дейін), олардың әрбіреуінің өз түсіжәне типі болуы мүмкін. 
Шеңбер – центрінен бірдей қашықтықта орналасқан барлық нүктелер. 
Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін. 
Доға – центрі, радиусы және шеңбер бойындағы екі нүктемен анықталатын 
шеңбер бөлігі. Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін. 
Эллипс – үлкен және кіші осьтерін көрсету арқылы салынатын екінші 
ретті қисық сызық. 
Сплайн – берілген нүктелер жиыны арқылы өтетін тегіс қисық сызық. 
Полисызық – түзусызықты және доғалық сегменттер жиынынан тұратын 
біртұтас объект түріндегі сызық. Қалаңдығын полисызыққа түгел немесе оның 
жекелеген сегменттеріне жеке-жеке беруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет