Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



бет1/24
Дата01.04.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497193
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
b226


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Азамат Тілеуберді




САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮР АРҚЫЛЫ ЭТНОМӘДЕНИ ТӘРБИЕ БЕРУ

Павлодар, 2008


ӘОЖ 37.013(574)
ББК
А

Баспаға ұсынған С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесі.




Пікір жазғандар:
Е.Жұматаева - педагогика ғылымдарының докторы, профессор
С.Т.Каргин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Н.А.Минжанов - педагогика ғылымдарының докторы, профессор

А
Т.Азамат


Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру. Павлодар: «Кереку» баспасы. – 2008. – 154 б.

ISBN
Редакция алқасы:


Е.М.Арын (бас редактор), Е.Жұматаева (жауапты редактор), А.Е.Беисова,
Е.С.Иманбаев, Ж.Қ.Бижан, М.Ш.Құнанбаева, А.К.Асаинова,
С.Ш.Кабдиева, С.М.Мұхамедиярова.

Монографияның кµкейкестілігі мен оныњ жалпы ѓылыми баѓыты µнер арќылы ізгілендіру, білім беру процесін б‰гінгі заман ±станымына бейімдеу т±рѓысына негізделген. Б±л ењбектіњ ќ±ндылыѓы айырыќша. Автор жалпы µнер кењістігінен, ќазаќ халќыныњ бастапќы тєњірлік ±станымындаѓы дєуірінен ескерткіш ретінде ќалѓан т±рмыс-салт жырларынан тµрт т‰лік мал, к‰нтізбе, жасќа ќатысты бірте-бірте µрлеу ќаѓидасымен сал-серілік дєст‰рге ±штасуын дєйекті ой-пікірлерімен т‰йіндеп келтірген. Автор сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасы мен моделін тұңғыш ұсынып отыр. Сонымен бірге «Біржантану» арнаулы курсының бағдарламасы ұсынылған.


ISBN ББК
© Т.Азамат, 2008
© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім
берудің инновациялық технологиялары ғылыми орталығы
АЛҒЫ СӨЗ

Қазақстан Республикасының жаңа ұстанымына орай және әлеуметтік-мәдени хал-ахуалында, қазіргі жағдайында педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінде дамып келе жатқан жетістіктерді, өнімді табыстарды есепке алу, оның үстіне эстетикалық талғамды жоғары дәрежеде дамыту мақсатында бұрынғы өткен замандардан бергі бүгінгіге дейінгі сал-серілік өнер арқылы тәрбиелеу мен білімдендірудің тұжырымдамасы даярланды.


Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін қазақ халқы арнаулы мектеп ашпаса да, оның орнын ел-жұрт, орта дала сахынасы ауыстырып отырғаны анықталады.
Сал-серілердің табиғат аясынан өздеріне рухани нәр алуы, әрбір өнер иесі өзін табиғаттың бір бөлшегімін деп қарауы байқалады. Бұдан сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру амалының табиғат пен адам арасындағы тұтастық қағиданың ізгілікті жолын онтологиялық деңгейге жеткені сараланады.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру амалы адамның қоршаған ортасына, әлеуметтік сипатқа ақиқатты тұрғыда қарауына, өзін жағымды істерге бейімдеуіне танымдық тағылым жасауына, гносеологиялық деңгейге ұмтылуына қолайлы жағдай туғызатыны бернеленеді.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру амалы әрбір адамның ежелгі және бүгінгі құндылықтардан қуат алуына мүмкіндік жасайтыны сұрыпталды, оның ғылыми негізі жасалады.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудің дағдарысы кеңестік дәуір екені байқаледы. Сал-серілік өнер арқылы халықтың түсінігін ояту, білім мен тәрбие беру ел ішінде ежелден таныс болғанымен, оның даму тарихы бірде жоғары, бірде төмен түсіп отырғаны аңғарылды. Дағдарыс ХІХ ғасырдың орта шенінен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанға дейінгі кезеңді қамтитыны дәйектеледі. Қазіргі кезде сал-серілік өнер жайлы оның айтылуы туралы зерттелімдер бірлі-жарым болса да кездесетіні зерделенеді.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді іске асырудың үлгісі оқушылардың сыныптан тыс оқылатын арнаулы курсын өткізуге ғылыми негіздеме болатыны бағамдалады. Оқушылардың сал-серілік өнер арқылы білімге құмарлығын оятуға, ежелгі, орта, бүгінгі кезеңдердегі сал-серілік өнерінің тағылымдық мүмкіндігі айқындалды. Адамның өзін-өзі тануына, рухани құндылықтарға бағдарлануына, іс-әрекет амалын орталықтандыруына, өзінің білім жию ерекшелігін ескеруіне қолайлы жағдай туғызылатыны білім мазмұнына қатысты тұжырымдама құрылады.
Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беруді іске асырудың тұжырымдамасы оқу және мәдениет саласын гуманистік бағыттағы адамды тәрбиелеуге жұмылдыруға бағдарлайтын оқу құралы ұсынылады.
Тұжырымдаманың барлық мектептер үшін мақсаты жалпыадамзаттық құндылықтар мен Қазақстан Республикасында мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекетті4 саясатын басшылыққа алуы қарастырылады.
«Біржантану» арнаулы курсы оқушылардың сал-серілік өнер арқылы эстетикалық тұшым алуына мүмкіндік береді және сол кездердегі сал-серілердің сән-салтанатты өмірінен рухани құндылықтар жинауына, мәдени деңгейінің жоғарылауына қолайлы жағдай жасалады.
Ақан серінің өнер жолының ғибратынан хабар алу мақсатында Ақан сері туралы оқушылардың көзқарасын айшықтайтын сахналық көрініс-қойылым құрылады. Оқушылар бұл қойылымда Ақан серінің барлық игі істері, өнеріндегі халқына сіңірген ізгілікті ұсыныстары оқушылардың тарапынан, сахна төрінен айтылуы бүгінгі амалмен оқыту тұрғысында жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет