Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі


Оқушының өзін-өзі іштей тексеру мүмкіндігін ұштауға қатысты қасиеттер



бет6/24
Дата01.04.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
b226

Оқушының өзін-өзі іштей тексеру мүмкіндігін ұштауға қатысты қасиеттер
жекеше
- жұптық әрекеттестікте
- топтық әрекеттестікке
- ұжымдық әрекеттестікке
- фронтальды
- бригадалы
- нольдік кесінді (нулевой срез)
- аралық кесінді (промежуточный срез)
- бақылау, қортындылау (контрольный срез)
- бағдарламамен тексеру.
Сал-серілік өнердің бастау көзі – ғарыштан қуат алуы оның басты белгісі мұратын айқындайтын дәрежесі. Мұратын айқындау арқылы өнер иесі күш-қуат, шабыт, сезіну, ләззаттану, рухтану секілді қасиеттерге ие болады. Мәселен, Біржан салдың 10-15 шақырымға дейін ән шырқалымының жетуі, бас терісінің шар секілді ұлғаюы, мойынның жуандай түсуі, шынылардың дірілдеуі және т.б. Бұл суреттің тігінен қарағандағы ұстанымы. Ал суретті жазықтықта бағамдасақ, «халықтық» қанаттан ізгілікті ұстаным, эстетикалық әсер, ал «тәжірибесі» қанатынан таралымы, өнердің іске қосылуы дегенді білдіреді. (Қараңыз: сурет - 1)


Сурет 1 - сал-серілік дәстүрдегі ізгілік сипаты

Аталған тұжырымдаманың ғылыми тірегі – Қазақстан Республикасының мектептерге ұсынған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру әрекеті.


Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі жаңғыру үдерісімен астаса жүріп жатыр. Мұның өзі іргелі және әмбебап білімді қайтадан саралап, оның өрісін едәуір кеңейте түсуді, сөйтіп, бұл істі білім беру жүйесі арқылы жүзеге асыруды талап етеді.
Қоғамда бүгінгі таңда тәрбие берудің өндірісті қамтудан этномәдени-эстетикалық, этикалық, ізгілікті мұратқа қарай ойысу жолындағы келелі міндеті барлық мектептерде қайта қарастыруды көздейді.
Гуманитарлық тәрбие беру адамның әлеуметтік-этномәдени тұрпатын сомдау тәсілі ретінде көрінеді. Өйткені, ол жеке тұлғаның дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеруге жәрдемдеседі. Әр оқушыны өнерді игеру тұғырына жетелейді. Сол арқылы оның ішкі қуатын ашуына деген мүмкіндігін кеңейтеді. Әлеумет – халық деген сөз. Мұнда ішкі әлеует басымдықта болса, адамның өмір суретіне сара жол ашылады. Гуманитарлық этномәдени тәрбие беру адамдардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқына, этносаралық, әлеуметтік, мемлекетаралық жай-күйіне тікелей ықпал етеді. Жаңа мемлекеттік тектестікті, артықшылық берілетін құндылықтар (аксиология) жүйесін және азаматтардың өмірлік бағдарын, ізгілікті қоғамның рухани бітімін дамытады. Аталған парадигма өлшемдері ұстазды үздіксіз ізденіске жетелейді.
Бізге өнер арқылы білімдендіру мен тәрбиелеудің тарихи негіздерін, теориялық маңыздылығын, оның заңдылықтарын (онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық) ұрпақ тәрбиесінің эстетикалық талғамын ізгілікті ұстанымға бағыттау үдерісінде қоғам дамуына қосқан үлесіміз деп есептеуге болады. Эстетикалық талғамын сал-серілік (білімдендіру мен тәрбиелеудің мазмұны) өнердің ұтымды тұстарын білік пен тәрбие құралы ретінде алу тұрғысында тәрбиелеу қажет. Ал бейімдендіру мен тәрбиелеу үдерісін дұрыс ұйымдастыру қызметі ұрпақтар ауысу барысында жинақталған (өнердің білімдендіру мен тәрбиелеуге) білім мен тәрбие қорын (эстетикалық талғамды ұштауға) беру жүйесі болып табылады.
Әрбір даралық тұлғаны ұлттық және әлемдік құндылықты білудің сара жолына (эстетикалық талғам кеңістігіне) салудың және оның жалпы адамгершілік, ізгілік тәрбиесінің қозғаушы күші диалектикалық қарама-қайшылық заңдылығымен сипатталуы; Ж.Аймауытовтың саналы сезім, саңылау түйсігін дамыту тұжырымдамасы; эстетикалық тәрбиенің құндылық теориясы; пәнаралық байланыс теориясы ретінде ұсынылады; тарихи ұлттық сана-сезім теориясы; осылардың бәрі – философиялық деңгейде ұсынылып отырған тұжырымдаманың әдіснамалық негізі.
Ұсынылып отырған тұжырымдама ғылыми теориялық, жалпы педагогикалық, этнопедагогикалық тәрбие заңдылықтарына және жеке тұлғаның эстетикалық талғамын дамыта алуына негізделіп жасалған; отандық және әлеуметтік әдебиеттерге талдау жасау, Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің тәжірибелерін жинақтау негізінде құрылған.
Эстетикалық талғамның әрбір тұлғаның ішкі интеллектуалды әлеуетіне айналуы, тұлғалылық сонылыққа бағыттылық педагогика, оның өзіне тән барлық құрамдық бөліктері, құндылықтары, мәдени бағыттағы өнер арқылы білімдендіру және тәрбиелеу кеңістігіндегі педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық амалдарын жинақтап, мәдениет адамын тәрбиелеу - ұсынылып отырған тұжырымдаманың негізіне алынған.
Сыныптан тыс уақытта сал-серілік арқылы тәрбиелеуде жеке факультативтік және арнаулы курс бағдарламаларының іштей өзара ұштастығы мен сабақтастығын стандарт бойынша өтілетін (әдебиет, музыка, тарих және т.б.) басқа пәндермен сабақтастығын нығайту - эстетикалық талғамды саралауды негізге алу арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың сыныптан тыс (басқа да мекемелерге қатысты) меңгеретін өнер арқылы білімі мен тәрбиесі олардың әр саладағы қарам-қатынасы, іс-әрекеті негізінде өздігінен білім алуына, өздігінен тәрбиеленуіне, өзін-өзі дамытуына ықпал жасайды және жеке тұлғалық, эстетикалық шығармашыл мүмкіндіктерін ұлттық сананы әлемдік санамен ұштастыру негізінде дамытады.
Біздің пайымдауымызша, эстетикалық тұлғалық, бағыттылық құндылықтар негізіне жататындар:
а) парасатты адам - орта ретінде жас ұрпақтың жеке тұлғалық эстетикалық дамуына жол салушы және оның өнері мен білімін-тәрбиесін тұтас өркендеуіне бағдарлаушы;
ә) шығармашылық мәдени орта мәдениетті адамды (ұлттық дәрежеде) дамыту құралы бола алатындығы.
Эстетикалық құндылықтардың мәдени феномен (басқаға ұқсамайтын даралығы) бола алатындығын дәлелдейді. Эстетикалық қабылдау эмоциясын ұтымды өзара әрекеттестік үрдісте, эстетикалық құндылықтарды бағалау тұрғысында жоғары сынып оқушыларының тұлғалық мақсат жүйесі ретінде эстетикалық талғамын дамытушылық бағытта қалыптасады.
Оқушылардың эстетикалық бағытта өзін жеке тұлға ретінде тани білуі, өзінің өзіне ғана тән жеке қасиеттерін айқындай білуі, олардың ізгілікті-адамгершілік ережелерді, қасиет-сапаларды меңгере білетіндігін көрсетеді.
Тұжырымдаманың әдіснамалық негіздерінің жеке мақсаттары мен міндеттерін айқындаумен қатар, эстетикалық тәрбиені меңгерудің заңдылықтарын қайта ұлттық мәдени деңгейінде қарастыру қажеттігі туындайды. Мұнда дара тұлғаны эстетикалық талғам дәрежесіне ынталандыру және кейбір өзгерістер енгізуде эстетикалық тәрбие негізгі құралы ретінде төмендегі жалпы қағидаларға негізделеді:
1. Өзіне өнер тетігін ашып берген барлық әлемді билеуші Құдіретті табиғатты сүю қағидасы. Өзін - оның бір бөлшегімін деп сезінуі.
2. Адамзат құндылығын игеру қағидасы. Өзін қоршаған адамның бәріне құрметпен қарау, оларда кездесетін өнерлі қабілеттіктерді бағалауға ынталану, ізгілікті-адамгершілік сапаға эстетикалық құндылықтарды ұтымды пайдалану, рухани жанға дауа таба білу амалдарын меңгеру, тек әуезді ырғақтың шапағатын сезінбей, оның маңызды тұстарын өзіне қуат ретінде қабылдай алуы.
Эстетикалық талғамын дамыту үдерісінде мәдени орта жағдайында оқушыларды өнер арқылы білімдендіру және тәрбиелеудің мазмұны – біздің оны іске асырудың іс-әрекетіне тікелей бағынышты болып келеді.
Жоғарыда анықталған міндеттерді шешу ұстаздардың басшылығы және көмегімен ұйымдастырылған іс-әрекет үрдісінде жүзеге асырылады. Бұндай жағдайда оқушылардың біртіндеп өздерін танытуы және өздерін-өздері білуі айқындалып, олардың ішкі парасат-бағамдарының сараптау үрдісінде ширауы іс-әрекет көрінісінде байқалады. Сөйтіп, әрқайсысының өнер кеңістігін қаншалықты дәрежеде меңгергені жайлы мәлімет жинақталып, әр тұлғаның өзін-өзімен «жарыстыру» секілді мәртебелі іс жүзеге асады. Атап айтсақ, Ж.Аймауытовша «балаларды бір-бірімен жарыстырмай, олардың өзімен-өзін жарыстыру, «кеше қандай едім, бүгін қандаймын» деген нұсқаулық жасау арқылы ішкі бағамын өркендету нысанаға алынуына кеңес береді.
Өнер адамы болғанымен (мүмкін мүлдем ол кеңістікте емес шығар, бірақ өнерді екінші кәсібі деп есептейтін), бүгінгі таңда кез-келген адам ортаға шығып, қауымдастық іс-әрекетке түседі; біріншіден, адам баласының өмірлік іс-әрекетінде отбасы мәселесінде экономикалық, этникалық, демографиялық және т.б. мәселелердің тауқыметіне байланысты жалпы өзіне тән өмірін дұрыс ұйымдастыруы мен сақтаудың жалпы міндеттері қажетті дәрежеге қойылуы; екіншіден, эстетикалық талғамын дамыта алу үрдісінің кемелденуі;
Сол себепті эстетикалық тәрбиені, оның теориясын және практикасын биоәлеумет талаптарына сай түбірінен қайта құру бүгінгі күнде көкейкесті мәселеге айналып отыр. Нәтижесінде жаңа көзқараспен эстетикалық тәрбиесінің мәнін ашу қоғамдық қажеттілікке айналуда. Бұл ретте Ж.Аймауытовтың адам дамуының эстетикалық саңылау сезімінің кемелденуі, бұл қоғамның барлық мәдениетінің, қоғамдық тәжірибенің жеке тұлғаға берілуі деп қарастыруға мәдени-тарихи тұғырнамасын басшылыққа алдық.
Эстетикалық тәрбие мақсатқа бағынатын парықты бақылауды жобалайтын қоғамның мәдени саласының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Эстетикалық тәрбиенің көмегімен қоғамда кездесетін жағымсыз, көлеңкелі жағдайлар біртіндеп жойылып, жастардың өздігінен шұғылданар іс-әрекеті болып, ізгілікті – адамгершілік бағытына ие болады.
Қоғамды ізгілендіру – ХХІ ғасырдағы өркениетті дамытудың талабы, әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жетуіне байланысты болып отыр. Әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру мақсатына жету құралы зиялылықты дамытуды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы үдеріс.
Тәрбие беруді гуманитарландырудың басты міндеті – бүкіл тәрбие, білім беру, оқу және мәдениет саласын гуманистік бағыттағы адамды тәрбиелеуге жұмылдыруға ұмтылдырады.
Тұжырымдаманың барлық мектептер үшін мақсаты – жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстан Республикасында мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатын басшылыққа алу. Оның даму стратегиясын ұсыну серпінді өзгерістерге өтіп отыруға қолайлы жағдай жасайды.
Тұжырымдаманың стратегиялық міндеттері:
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы біртұтас мемлекетік саясаттың бөлшегі ретінде қызмет ету;
- Білім берудің жай-күйі мен перспективасының пайымын теориялық және әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім берудің таяудағы және ілгері болашақтағы негізгі беталысын айқындау, оның даму бағыттарын әзірлеу.
Тұжырымдаманың басым бағыттары:
- гуманитарлық тәрбие беруді ұйымдастыру жөніндегі қызметтің негізгі беталысы мен қағидаларын баса көрсету;
- гуманитарлық тәрбие берудің мазмұнын, құрылымын айқындау;
- гуманитарлық тәрбие берудің мемлекеттік қалпына сәйкес бағдарламасын жүзеге асырудың рөлін анықтау.
Қорыта келгенде, бұл құрылған тұжырымдама мектептерде сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру амалын саралауға көмегін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет