Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



бет10/24
Дата01.04.2024
өлшемі0.87 Mb.
#497193
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
b226

- Бармақтарың майысып,
Ұста болар ма екенсің? өнер иесіне ыңғайлау;

Соңында сәбиіне деген сүйіспеншілігін өрнектеп әуезге салып жырлайды:


Жүрегімнің парасы, - символ
Уайым-қайғы ойлатпас,
Көңілімнің санасы... -метонимия
Маңдайдағы құндызым, - метафора
Аспандағы жұлдызым. - метафора
Зерттеу еңбектерде «Бесік жырына» жеке тоқталып, талдау берген тұжырымдарды өте сирек кездестіреміз. Адамның өмір есігін ашқан тұсы - оның сәбилік дәуірінде аталған жырды естімеген балалардың ізгілікті, нұрлы ұстанымы жоқтың қасы деген ғылыми пікірлер айтылып жүр. Саңылау сезімдердің арнайы ашылуы, іс-харекетті ажырату толғанысы, тітіркенштік қасиеті осы «Бесік жырынан» тәрбиеленбек. Келесі отбасы жырларының бірегей жанры - «Тұсаукесер жыры». «Тұсаукесер жыры» жас нәрестенің алғаш қадам басу харекетінің сәттілігін тілеу бағытына арналған. Мұнда қимыл қарқыны «қаз-қаз» секілді ұғыммен өрнектеледі. Мәнді тұсы:
«Балтырыңды түре ғой,
Тай-құлын боп шаба ғой», -
сияқты силлогизмдік, яғни екі түрлі ойдан ортақ бір түйін жасау аңғарылады. Ол: алдымен тай-құлын болу, екіншісі - шабу, ал үшіншісі - қаз басу. Міне, бұндай суретті құбылысты өлең-жыр ауқымына сыйғызу қазақ елінің ерекшелігіне жатады. Сәбидің жай жүріп кетуіне тілек айтылу тұсаукесер жырында орын алған. Сәби баланың дыбысты сезінуіне негізделген философиялық тұжырымдар жырдың басымдық қуатына тірек болып келеді. Мәселен:
«Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер».
Тұспалдап айтудың бір сыры - «Асулардан аса бер» деген тілектің ішіндегі түйін.
Көптеген белгілі ақындар өзінің «Бесік жырына» өлең өрнегін арнаған. Атап айтсақ, Ж.Жабаев, I.Жансүгіров, Қ.Аманжолов, Т.Молдағалиев, Б.Тәжібаев және т.б.
Сол секілді отбасы жырына себеп болатын бір құбылыс - ер баланы сүндетке отырғызу. Әркім өзінің шама-шарқына қарай осы дәстүрдің аталусыз қалмауын қарастырып, ат шаптырып, көкпар тарттырып, теңге аттырып, ал оған халі келмегендері айналасына кішігірім той жасап өткереді.
Кейбір дәстүр мен салт ел ішінде күңгірт тартқанымен, сүндет тойы сақталып қалды. Сүндет тойына арналған жырдың да тәрбиелік міндеті ашық аңғарылады:
«Сен де болдың мұсылман, Қызыр бабаң қыдырып,
Кетпей жүрсін тұсыңнан, Әкеңнің тілін ала жүр,
Жаман бала болмағын. Балапаны қыранның,
Қанатыңды қомдағын. Қырандардай биікте.
Өмір жасы ұзақ жол, Ұзақ жолда талмағын...
Туған жерің сен еккен, Ағашыңмен көгерсін...»
Байқап отырғанымыздай, отбасы жырларының алгоритмі ұдайы үзіліссіз құбылыстық келбеттерді бернелеп, олардың бір-бірімен тұтас байланысты жүйесін құрап тұрғанына көзіміз жетеді. Мұндай жырлардың тұтастығын ұсақ құрамдарға жіктеп жіберсек, оның маңыздылығына нұқсан келеді. Барлық жырлардың тоғысар тұжырымдары бір. Ол - отбасының ізгілікті болып, үлгілі ел санатын құруға қадам жасау. Тұрмыстық жырлардың өзін сонау ықылым замандарда сал-серілер шығарғаны жайлы бірер пікірлер айтылып жүр.
Біржанның өзі кішкене күнінен әжесі бауырына салып алғандықтан, Қожағұлұлы деп аталып кеткен. Салдың туған әкесі - Тұрлыбай. Бұның өзі - атасының және әжесінің әнге, күйге құмарлығының куәсі. Сөйтіп, елге келген әнші-жыршылардың өнерін тыңдап өскен Біржан келе-келе ойын-сауықтарда, алтыбақан, шілдеханаларда ән салып, «әнші бала» атанды. Бертін келе «әнші жігіт», кейіннен «әнші Біржан», «Біржан сал» атанады. Біржанның салдық құруы әнмен тікелей байланысты. Ел аралауы, оған арнайы киімдер даярлауы, әндерінің барлығы белгілі бір оқиғалық құбылыстарға құрылуы - тарихи маңыздылықтың құнын айқындауға үлкен тіректік нысан. Мәселен: «Тентек», «Жайма шуақ», «Телқоңыр», «Айтбай», «Ғашық жар», «Жанбота», «Жамбас сипар», «Көкек», «Теміртас» және т.б. Жай ғана өлеңдердің атын жіктеп өткеннің өзінде талай оқиғаларды көз алдымызға елестетіп, оның қазақ халқының дәстүрі мен салт, әдет-ғұрпы тұрғысында жырланып, сөз өнерінің құдыретімен келесі адамның жүрегіне жететіні - ерекше сипат. Біржан салдың кешегі отбасы дәстүрлеріне қатысты өлеңдер шығаруының өзі шарықтау шегіне жетіп, халықтың басынан өткерген тарихи оқиғалармен жалғасын тапқанына, оның үлкен іргелі мәселелерге ұласқаны айқын байқалады. Біржан салдық құру арқылы халқының мәдени деңгейін арттыруға барлық бойындағы жасампаз өнерін құрал ретінде пайдаланады.
Салдық дәстүрде халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі әлеуметтік мәселелері бірінші мәнде болғаны аңғарылады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының салт-дәстүрі, дүниетанымы бұрынғы дамыған өрісінен басқа өңге айналып кеткені белгілі. Сол себепті Біржан салдың өлеңдеріндегі зарлы дауыс, шерменде ырғақ, мұңды сарын басымдық орында болып келеді. Біржан салдың тұрмыстық жырларға тікелей қатысының барлығына куә боларлық көрініс - оның Абай аулына келу сапары. Бұл Біржанның салдық, шығармашылық кемелдену тұсын айқындай, айшықтай түсуіне қозғаушы күштік қуат берген сәт болатын. Біржанның Абаймен кеңесуі, кемеңгер ақынның парасатқа толы ғаламдық тұжырымдары, ән, өлең өнеріне сыншылдықпен, кірпияздықпен қарауы сияқты екеуара одақтық өнер әлеміне тигізген әсері мол. Абай өлеңдерінің философиялық сырын Біржан өзінің салдық өнерімен аша түскен.
Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни, әнші, күйші, ойыншы, күлдіргіш, композитор, би, спортқа бейімі ерекше үздік жаратылған өнерпаз. Олар халық мәдениетінің көрнекті өкілдері. Сал мен сері әншілік, ақындық өнері жағынан ұқсас болса да, мінез қылығы, киім-киісі, жүріс-тұрысы жағынан өзгешелігі болған. Сал оғаш мінез көрсетуге бейім келеді. Ол ауылдың не үйдің сыртында атынан түсіп, жер бауырлап жатып алады. Оған қыз-қырқындар келіп, басын көтеріп, шаңыраққа кіргізеді. Тамақты өзі ішпейді, қыздары ішкізіп-жегізуді міндетіне алады. Бір сөзбен айтқанда, сал не істесе де, қандай еркелік көрсетсе де ел төзімділік танытатын салт, дәстүр болған. Бұлардың киім келісіне келетін болсақ, «салдар жұрттың ортақ салтында жоқ, күлкілі, көзтартарлық әлемішті киімдер киініп, жарқылдақ моншақтарды тағынған. Бас киімдерінің, шапан, шалбар, байпақтардың шүберегі ала-құла, қырық құрау болады. Бөрік, тымаққа үкі, неше түрлі моншақ қадаған. Сырт киімді кейде бірыңғай-ақ, қызыл-жасылдап, кейде қым-қиғаш әр шүберектен араластырып тіктірген, оған шекпен де, құрым да қоса тігілген болады». Біржан салды көрген Ілияс Мейірбанұлы: «Кең жағалы ақ көйлек, дөңгелек етекті оқалы камзол, сыртында көк ала қаптал шапан, басында үкілі құндыз бөрік, үкісі бұлғақ-бұлғақ етеді», - деп жазады.
Салдардан серілердің өзгешелігі мынау: серілерде өрескел мінез, ерсі, оғаш қылық болмайды. Мейілінше сыпайы, орнықты, ибалы, сәнді киім мен бекзаттыққа үйір. Сал-серілер – ойын-сауықтың, той-думанның гүлі. Елдің жуан ортасында, халық арасында қаздай қалқып, үйректей жүзіп, қасына жыршыларын, ақындарын, әншілерін күйшілерін, өлеңшілерін, ойыншыларын ертіп, топ құрып жүреді. Туған елдің аспанында емін-еркін қаршығаша қалықтайды. Сал-серілік өнердің негізін салып қалыптастырып өркендетушілер: Дәстем сал мен Дүйсен сері. Бұл ретте Сегіз серінің (1818-1854):
«Өтіпті бізден бұрын Дүйсен сері,
Болыпты күнде думан жүрген жері.
Сол ердің үлгілісін жалғастырған,
Керейде менің атым Сегіз сері...»,- деген сөзі дәлел.
Сегіз серінің тобында Сейітжан сал, Құшан, Нияз сері, Шәрке сал, Дайрабай күйші, Қабылан әнші, Шернияз әнші, Аббас батыр, Сәду батыр, Өске ақын, Орынбай ақын, Көрпе ақын, Біржан сал сияқты дүлділдер болған. Сегіз сері (шын аты Мұхаммед Қанапия Баһрамұлы Шақшақов – қазақ халқының аса дарынды перзенті. Орыс, араб тілдерін жетік білген. Өзі ақын, өзі әнші, өзі композитор, сыбызғышы, қобызшы, күйші, шешен, батыр, саятшы, мерген, зергер, өрімші екен. Сегіз сері өз заманының бетке ұстарлары Исатай мен Махамбет, Шерниязбен, Сүйінбаймен төс соғыстырып дос болған. Ол «Гауһар тас», «Мақпал», «Қарғаш», «Әйкен-ай» әндерін, «Қасқыр» (Исатай мен Махамбет туралы), Қызыл нар, Аққайың, Алмас қылыш, Семсер, Есіл күйлерін шығарса, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Қыз-Жібек, Ер Тарғын, Айман-Шолпан, Сырым батыр әндерін жаңғырта-жаңғырта орындаған. Атақтының атақтысы Сегіз сері қазақтың ақындық, әншілік, музыкалық өнерінің ұлы мектебін құрған әйгілі Біржан салдың ұстазы. Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері, солардан үлгі алған мен Біржан салмын, дейді. Біржан сал мектебінен Басығараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, жаяу Мұса, Ағаш аяқ, Әздембай сал, Кемпірбай, Шашубай тағылым өнеге алған. Кемпірбай екі аяғына бақанды байлап алып, ойнаған гармонға қосылып билеген. Үстіне түрлі әлеміш киім киіп алып, аяқ-қолын керіп шеңбер жасап, зырлап дөңгелеп ойнаған.
Жыр думанның дию перісі атанған Шашубай – айтыс ақыны, композитор, сырнайшы, әнші, жонглерлік клоундық өнердің иесі, халық ойындарын асқан ептілікпен орындайтын шебер. Айталық, басындағы тақия көз ілестірмей маңдайына не желкесіне әкеліп ойнаған. Төбесімен жүргенде аяқтыға соқпаған көрінеді. Доңғалаққа ұқсап дөңгеленгенде, таяқтың ұшына таяқ ұстап, аттың үстіне төбесімен шаншылып шапқанда, құрықты бес саусағына кезек қондырып, алдына қойылған ыдыс-аяқ, тағамдардың ешқайсына қол-аяғын тигізбей, дастархан бетінде қоянша жорғалағанда, жұрт мынау дию ма, әлде пері ие деп қайран қалысады екен. Шашубай осындай өнерді Кемпірбай мен Балуан Шолақтан үйренген көрінеді. Сал мен серілер поэзиясының тақырыптары ұқсас. Сондықтан да, осынау әнші-ақындардың творчествосын бөліп жара қарауымыздың реті жоқ. Тек мінез, қылық, киім киюі, жүріс-тұрысы ерекшеліктері ғана болмаса және бұл өзгешеліктер поэзиялық ерекшелік тудырмайды. Олар махаббатты, жастық шақты, ой-сезім дүниесін толғайды.
Сал-серілік дәстүрдің қазақ сахарасында кең жайылыуының тағы бір дәлелі Уәйіс Шоңдыбайұлының шығармашылығы дер едік. Уәйіс – Абай Құнанбаевтың талантты ақын шәкірттерінің бірі. Керей руынан шыққан Уәйісті Абай әдейі шақыртып, әнін тыңдап отырған. Уәйіс әншінің серілік өнері туралы ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Уәйіс серінің өлеңдерін кешегі дүниеден өткен Ақан сері және Біржан салдың өлеңімен салыстырғанда әлдеқайда қайғы мен шер басым болып келетіні байқалады. Уәйіс серінің белді шығармасы «Тобықты Тәуке батырдың Керейді шапқаны» деген дастаны екені аңғарылды. Табиғи дарыны асқақ Уәйіс жас жігіт кезінде серілік құрып, серуендеп, Семей, Қарқаралы, Кереку, Зайсан, елдерін аралап, өлең айтып, ән салыпты.
1891-94 жылдары Абайдың шақыруымен келген Уәйіс, ұлы ақынның талантты, білімді шәкірттері Мағауия, Ақылбай, Көкбайлардың тобына қосылады. Абайдың өсиетін тыңдап, ұғып, еңбекші халық мүддесін жырлайтын азамат ақын болады. Өлеңдерінде патша өкіметінің отаршыл зұлымдық саясатының нәтижесінде ерікті елдігінен, береке-бірлігінен айырылған қазақ халқының қайғы-қасіретін жыр етеді. Ел басындағы ауыр халді ашына жырлап, зұлымдықты әшкерелейді.
Естай Беркімбаевтың өнер туралы арнайы айтып кеткен тұжырымы кездесе бермесе де, Біржан салдың қасында бір жылдай еріп жүргені, 1889 жылы Ақан серіге шәкірт болғаны елеулі оқиға ақын үшін үлкен мектеп. Шалқыған кең тыныс, куплеттік өлеңнің схемасынан әнде «шыға жайылу» кездерден кем соқпайтын, аса дамыған қайырмалар, сөз мәні мен ән мазмұнының қабысып жатуы, азаматтық лирика, демократиялық арқау сал-серілік өнерден көшкен дәстүр.
Сал-серілік дәстүрге қатысты қазіргі кезеңде де ғылыми еңбектер жарық көруде. Ғалым Серік Негимов философиялық кеңістікте зерттеген еңбегінде 19 сал-серілердің өнеріне тоқталып өтеді. Ғалымның зерттеу қорытындысында Арыстанбай Тобылбайұлын, Құлтума Өтемісұлы, Ыбырай Сандыбайұлын, Шашубай Қошқарбайұлын, Доскей Әлімбайұлын, Кенішбай Жұбандықұлын, Қалқа Жапсарбайұлын, Майасар Жапақұлын, Тайжан Қалмағанбетұлын, Болман Қожабайұлын, Ғазиз Файзоллаұлын, Шәкен Отызбайұлын, Иса Байзақұлын, Ақан сері, Мәди Бапиұлын, Сегіз сері, Біржан сал, Естай Беркімбайұлын сал-серілер сипатына қосады. Мұнымен бірге Сәкен Сейфуллиннің, Әлкей Марғұланның, Қабиболла Сыдықұлының ғылыми зерттеулеріндегі сал-серілер туралы ой-пікірлерін жариялайды. Барлық айтылған пайымдарды түйіндесек, төмендегідей түзілім шығады:
1. Серілер әнші, домбырашы, ойыншы, тапқыр, палуан жігіттерді ертеді. Бәріне киімді бірыңғай әсем енгізеді. Ерекшеліктері: үкі, асыл киім, астында бүгінген әсем басқан сәйгүлік.
2. Басқаға жұмбақ өмір секілді көрінуі.
3. Сал-серінің ерекшелігі - әрі ақындығы, әрі әншілігі, әрі күйшілігі, әрі сауыққойлығы, елге қуаныш беруі.
4. Байсалды да сазды болып келуі.
5. Сал, серілерде ақындықпен қатар әншілік, күйшілік, композиторлық, би, спорт өнерінің қатар келуі.
Жыршылардың өзін де сал-серілер тобына жатқызуға болатыны бұл еңбекте анық байқалады. Бұл еңбектің бүгінгі жастарға бірер білім мазмұнына қызмет көрсетер тұсы айрықша. Оның басты себебі біздер сал-сері дегенде тек Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса және т.б. бірегей адамдардың келбеті есімізге түседі де Арыстанбай Тобылбайұлын тек Ш.Уәлихановқа бірнеше жырды шертіп беруші тұлға ретінде қабылдап келдік. Мектеп оқушылары мәдени мұраның осы бір тұсын терең білуге Арыстанбай Тобылбайұлының өнер шеберлігіне ден қоятыны сөзсіз. С.Негимов 5 сағат бойы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын тәмамдай алмағанын деректемелі тұрғыда дәлелдейді. Бұдан мектеп оқушыларының назарына серіліктің ауқымы кең, күш-қуаты мол екені ілігері даусыз. Басқа сал-серілердей Арыстанбайдың да ғұмырнамасы өлеңдеріне арқау болғаны мектеп оқушыларына өмірді мәнді сүруге бағдар жасайтын нысан демекпіз.
Зерттеуші бұрынғы Кеңестік дәуірде бимәлім болып келген немесе аты таныс болғанымен сал-серілер санатына жататынын білмей келген тұлғаларға тоқталуы халықтың педагогиканың этномәдени арқылы тәрбие берудің бағытын анықтай түседі. Зерттеушінің зерделі тұжырымдарынан этномәдени нысанының қозғаушы күші боларлық тұстарын төмендегідей саралап алуға болады:
1. Арыстанбай Тобылбайұлынан (1811-1880 жж.) мектеп оқушыларына ұсынар тұжырым: серілік дәстүрдің жыршылық бағдарын ұстаған. ХІХ ғасырдың өкілі, «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларын Шоқан Уәлихановқа айтып берген.
Түйіндегенде, Арыстанбай Тобылбайұлы елін сүйген патриот, елжанды азамат, Отанын сүйген батырларды өнерлі түрде, нақышына келтіре жырлап, кейінгіге жеткізуші. Ауызша ойға сақтау, жұлма жады (Жүсіпбек Аймауытовша) өте жоғары дамыған және жырлау барысында шаршау-шалдығуды білмеген.
2. Үкілі Ыбырай Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Біржан мен Ақаннан бата алған. Этномәдени арқылы тәрбие берудің сабақтастық қағидасы байқалады, оны Біржан сал мен Ақан серінің: «Біздің өнерімізді жалғастыратын, байтақ елге жаятын алдағы күндерге әдемі күймен күмбірлете жеткізетін сұңқарша саңқылдаған Ыбырайымыз бар», - дегенінен аңдауға болады. Сал-серілерге тән өз өмірін өнеріне тиек ететін тұлға. Оны «Қалдырған» әнінен байқауға болады. Үкілі Ыбырайда болмысқа, табиғатқа, қоғамға деген философиялық дүниетаным тән екені талдау барысында аңғарылады. Дүниенің өтетінімен баянсызы жайлы, жастардың аға буынды ығыстыратыны туралы, «Қара бураның қартайып» кейінгі толқынға жол берер тұстың келері сияқты әлемге өзінің пәлсапалық ойын білдіреді. Бүгінгі таңда экономика ғылымдарының докторы, академик Аманжол Қошанұлының әкесі Қошанға Ы.Сандыбайұлы Атығай мен Қарауылдың кісілігін айрықша ықыласпен білдіреді.
«...Атығай мен Қарауыл
Бірің – тіл, бірің – көмейің.
Әлсіздерді демейсің
Адасқанға жол сілтеп,
Нәсілің тартып сен дағы
Елдің қамын жегейсің...», – деген батасы қабыл болып, Жантілеу тегі Қошанның да серілігі бүкіл Солтүстік Қазақстан облысына танымал. Мұнымен бірге кейінгі ұрпақтары да елінің мүддесін, намысын қорғаушы болғаны бүкіл солтүстік өңірге белгілі. 1930 жылы ату жазасына бұйрық шыққанда, С.Мұқановтың Үкілі Ыбырайды Қазақ ССР Жоғарғы Сотына ақтау өтінішін жіберіп, ел мақтаны Үкілі Ыбырайды аман алып қалады. Бірақ, не оқушыларға, не студенттерге мұндай ақпарат белгісіз күйінде қалып қояды.
3. Серілер мен салдардың тілдерді өздігінен меңгеруге құштар екені қазақтың этномәдени арқылы тәрбие беру іс-әрекетінің мәнділігін танытады. Сегіз Сері 1835 жылы Омбының Сібір әскери училищесін бітірген, орысша еркін сөйлеген. Ақан сері орысша да, арабша да өте сауатты болған. Әлкей Марғұланның зерттеуінде Нияз сері парсы тілінен «Тоты намені», Сегіз сері, Ақан сері, Сейіткерей «Мың бір түннің», Мәлике кітабының және «Тотының» тарауларын әсерлі, нақышты тілмен айтқан.
4. Қазақ халық педагогикасындағы сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің құралы жыр екені, оның отан қорғаудағы ұрандық екпіні де айрықша болып келетіні.
5. А.Жұбановтың да, С.Негимовтың да зерттеу еңбектерінде сал-серілер аса жекеленіп алынбай, жұптық мәнде келіп, Біржан салдың 15-16 шақырымға дейін даусының қуаты жететіні айтылады. Осыншама күш-қуаттың басқа адамдарда болмайтыны зерттеу барысында байқалды. Сал-серілер бүкіл қоғамға өздерінің ерекше екенін осы бір қасиетімен де дәлелдей алғаны.
6. Сал-серілік дәстүр арқылы өз өлкесінің тарихын жырына қосып, өткен өмір белестерін кейінгі ұрпаққа таныстырушы. Бұл Кенішбай Жұбандықұлына тән құбылыс. Ол өзінің жырына халқына үлгі болған Абайды, аталас өз жақыны Шашубайды, Манарбек пен Күләшті қосуы мен оқшауланады. Сол секілді Қалқа Жапсарбайұлының «Орақты батыр» дастанындағы XIV ғасырдағы қазақ хандығын көтеру тұсындағы дүрбелең шақтағы елді қауіп-қатерден қорғаған Орақты жырлауы, «Дана қыз» дастанындағы қазақ қызының парасат-пайымының жоғары екенін жырлайды. Мұнымен бірге Ұлы Отан соғысы тарихында 28 панфиловшылардың бірі кеңес Одағының Батыры Мұсабек Сеңгірбаевқа арналған жырын атап өтуге болады.
7. Халық педагогикасындағы сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тағы бір мәртебелі тұсы жерге, руға бөлінбеушілігі. Дүниенің төрт бұрышын аралап, бәріне бірдей бағаммен қарағаны.
8. Жезқазған өңірінен шыққан сал-серілердің Майасар Жапақұлы, Болман Қожабайұлы сияқты сал-серілерінің заман жайлы ой түюі танымдық деңгейінің көрсеткіші. Отанының қол жеткен жетістігі мен өркендеп келе жатқан сән-салтанатын халқына паш етуі. Мұнымен бірге көне жырларды көкіректеріне сақтап, кейінгілерге жеткізуші рөл атқарған. Арыстанбай жыршыдан кейінгі Майасардың бұл іс-әрекеті ауызекі дәстүрді сабақтастырушы өкіл екені («Көрұғлы», «Шал мен қасқырдың айтысы», «Әсет пен Рысжан» айтысы) сал-серілік дәстүрдің мысал жанрымен толығуы.
9. Сал-серілік дәстүрдің жаңашылдық екпіні. Бұл бастаманың иесі – Тайжан Қалмағанбетұлы. «Сүйікті сері», «Ыбырайға» секілді Кеңес үкіметінің белсенділеріне арнап ән термелерін грампластинкаларға жазады.
10. Иса Байзақұлының сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруді жалғастырушы тұлғасы ел есінде. Ән салғанда оны түрлендіріп, толғап айтатын елуден астам халық әндеріне мәтін жазғаны ұлттық құндылықтың алтын қоры. Этномәдени тәрбиемен сусындалған бірқатар ұлт мақтаны өнерпаздардың тууы (Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Құрманбек Жандарбеков, Елубай Өмірзақов, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков), олардың Иса Байзақовтың өлеңдерін жалпы халыққа жеткізуі. Сөйтіп, сал-серілік дәстүрдің бүгінгі өнердің жанрына ауысу кезеңі байқалады.
Қорыта келгенде, сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру іс-әрекетінің тарихи желісіне ой жүгіртсек, осы мәселеге ден қоятын оқушы мен студентті көзге елестетуіміз қиын. Бұл мәселе халық іліміндегі өнер иелерінің заманынан озып туған, теңдестерінен асып туған, көзін ашқаннан өнер қуған, дүниенің төрт бұрышына нұр шапағын шашқан, қиял есігін ашқан, даланың тылсым күйін тіршілігіне жан бітірген сал-серілер дәстүрімен бүкіл халықты мәдениетке баулумен шешіліп келген. Басқа ешбір ұлтта жоқ аталған сал-серілік дәстүрдің ұлы мектебінің кейінгі ұрпаққа қуат көзін оятар қарымы айрықша екені даусыз.
Сал-серілік дәстүрдің аталған 10 түрлі өзіне тән ерекшелігі тыңдармандарына өмірсүйгіштік көңіл-күй дарытып, көңіл жадыратар рөл атқарған. Зерттеу барысында сал-серілік дәстүр ХІХ ғасырдан бастау алып, бүгінгі күнге дейін оның элементтерін аңғаруға болады. Еңбегіміздің басында атап өткен болмысқа өнер иесінің дүниетанымын онтологиялық деңгей десек, бұл құбылысты аталған сал-серілердің әндері мен жырларынан толық кездестіреміз. Сол секілді әсемге деген танымдық қисындық деңгейді гносеологиялық мәреде қарастырсақ, қоғам, жеке адам жайлы ой-түйіндерінен дара пікірді, өткір сынды немесе өршіл құптауды аңғарасыз. Ең соңында, ұлттық мәдени мұра, құндылық сапасында сал-серілік дәстүр арқылы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі фольклор мен ауыз әдебиетінің інжу-маржандарының қайта түлеп жаңғыруына құрал екені байқалды. Сөйтіп, аксиологиялық деңгей де халық арасында ұдайы дамып отыруға мүмкіндіктің бар екенін аңғартады.
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруге үлес қосып, өздерін сал-серілерге бейімдеген тұлғаларға Сәкен сері, Ақселеу Сейдімбекті жатқызуға болады. Сәкен Жүністегі өзінің «Ақан сері» романында Ақанның серілігін шыншылдықпен сипаттап өтеді. Ақанның киімді сәндеп киюін, сұлулыққа іңкәрлігін, құс жақсысын, иттің құмайын, мылтықтың түзуін, қыздың жақсысын таңдауын өрелі ұғымдармен сөз өнерімен кестелеп берген. Ерекше аңшылық-саяткерліктің, құсбегілік өнердің құпиясын, сәйгүліктің бабын меңгерген Ақан сері бейнесін прозалық сипатта көркемдеп жазған жазушы Сәкен Жүніс болатын. Кеңестік дәуірде мұндай еңбек жазу ерлікпен барабар еді. Романда Ақан серінің құлагері, Қараторғайындай қыраны, Базаралыдай құмайы өз өлеңдерінің мазмұнында суреттеліп беріледі. «Қараторғай» әннің шығуын Сәкен сері 1876 жылы Ереймен жерінде болған аты шулы Керей Сағынайдың асында үш жүз жиырма үш арғымақтың алдында екпіндеп келе жатқан Құлагерге өштескен Батыраштың айбалтасымен мерт қылу тұсы асқан трагедиялы шермен суреттеледі. Дәл осы оқиға Ақан серінің «Құлагер» өлеңінде, Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында өлең өрнегімен кестеленіп келеді. Осындай үш нүкте тоғысының бір трагедияға арналуының өзі Ақан сері сияқты соқыр сезімді (Жүсіпбек Аймауытовша) тоғышарлардың құрбандыққа шалып, елден оқшаулануына себеп болғаны жан толқынысымен беріледі. Сал-серілік дәстүрде бүгінгі этнологиялық тәрбиеге қатысты да нәрді табу қиын емес. Құсты, иттің құмайын, сәйгүліктің асылын адамша баптау, күту, керек десеңіз олардың трагедиялы кезінде арулап, Жер-Анаға тапсыру секілді іс-әрекетті текАқан сері болмысынан байқаймыз. Ақан серінің серілікке құрықтың салынуы заманаға қатысты екені де бұл романда ашық айтылады. Ақан сері шығармашылығы мектеп бағдарламасында өтіледі.
Сал-серілік дәстүр жайлы жалпы ұлтқа этномәдени тәрбие беруге үлес қосып келе жатқан ғалым – Ақселеу Сейдімбек. Ғалым-жазушы өзінің «Серілер мен перілер» еңбегінде әнімен құлақ құрышын қандырған елден ерен серілікті әңгімелейді. Бұл еңбектен сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруге қосар үлес төмендегі түзіліммен келеді:
1. Жұртты аталы сөзімен елең еткізген, арқалы әнімен құлақ құрышын қандырған.
2. Белін қырық құлаш шайымен буынған, атының аяғын кәріс жібекпен тұсаған, сері жігіттің басын ауыл қыздарына сүйеткен, қыз қолынан қымыз ішкізген.
3. Сері келгенде ауылдың ақ түйесінің қарны жарылған. Көңілдегі кірбің мұңды сейілткен.
4. Ел көкірегіне жыр толтырған.
5. Соңына жігіт ерткізген.
6. Қара халықтың ішінде серіліктің байыбын білмейтін адам да кездескен.
7. Шаруа, отырықшы елге айналған ауыл тұрмысы серілікті көтермеген.
8. Ауыл-аулақ серінің 40 шақты болуы бозбалалардың шаруаға қарамай, 2-3 жыл ел аралап кеткенімен байланысты болған.
9. Көп дүрмекпен жүрген серілерді ауыл ішіндегі көпті көрген қария 40 серіні Айнакөлдің жағасындағы қау-құраққа түсіріп күтеді. Бәрінің сері екенін сынау үшін жан-жақтан от қойғанда, тек біреуі ғана қозғалмай жатқан. Ақылгөй қарттар қым-қуыт, серілікті көтере алуға жағдайы жоқ кезде де жол тауып қарсы алудың өзі сал-серілік дәстүрдің мәдени тәлімінің қарымы.
Қорыта келгенде, Ақселеу Сейдімбектің бұл әңгімесіндегі ғылымға тірек болар тұстарын сұрыптап алдық. ХХ ғасырда Біржан сал, Ақан серілердің дәстүрінен ғибрат алған елдің өмір сүру уәжі мүлдем өзгергенін байқаймыз. Сал-серіліктің онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық мәні сейіліп, бірыңғай шаруаға бой ұрған, жерге иелік еткен, бірыңғай мал шаруашылығынан гөрі отырықшылық, егінмен шұғылданатын қазақ халқы өзінің ұлттық сипатын, сал-серілік дәстүр жалғастығын одан әрі өркендете алмайтын жағдайға душар еткізген көлденең көк атты саясаттың, саясатшының әсері бастау болғандығын байқадық.
Қорыта келгенде, сал-серілік дәстүр арқылы тәрбие берудің қайшылығы кеңестік дәуірде өрістеді. Мұндай қорытынды жасауға негіз болған зерттеу еңбектерді талдау барысындағы сұрыпталған түйіндер дер едік. Сал-серілік өнер арқылы халықтың түсінігін ояту, білім мен тәрбие беру ел ішінде ежелден таныс болғанымен, оның даму тарихы бірде жоғары, бірде төмен түсіп отырғанын еңбегіміздің өн бойынан аңғару қиын емес. Қайшылық ХІХ ғасырдың орта шенінен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Ал тәуелсіз Қазақстанның тұсында, бүгінгі кезеңде сал-серілік өнер жайлы зерттелімдер бірлі-жарым болса жа жарияланып жүр. Мұнымен бірге бірегей өнер иелері өздерін «Сері» деп атауына мүмкіндік берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет