2.2 Материалдық емес активтердің кірісі мен шығысының есебі мен түгенднлуі
Материалдық емес активтердің бағалануы:
басқа кәсіпорындар мен адамдардан сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;
кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау жолымен бағаланады;
жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі;
Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі 2700- бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі:
- 2731-лицензиялық келісімдер;
- 2732- бағдарламалық қамтамасыз ету;
- 2733- патенттер;
- 2734-ұйымдастыру шығындары;
- 2710- гудвилл;
- 2736- басқалар [17].
Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған №1 нысыандағы «Материалдық емес активтерді қабылдау - өткізу актісінде» көрсетіледі.
Актіде мыналар көрсетіледі:
Материалдық емес активтердің дәл атауы.
Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.
Объектінің сипаттамасы.
Бастапқы құны.
Амортизация нормасы.
Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындара. 2700-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкада жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:
а) материалдық емес активтердің атауы;
б) ай басындағы және соңындағы қалдықтар;
в) ай ішіндегі қозғалысы.
Материалдық емес активтердің кірісі мен шығысының есебі. Материалдық емес активтердің барлық түрлерін сатып алу кезінде келесідей шоттар корреспонденциясы құрастырылады:
2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің дебит шоты (2731-2736 шоты) – ҚҚС қоспағандағы материалдық емес активтердің құнына;
1420 «Өтеуге аралған ҚҚС» дебит шоты - салықтық шот –фактураларда көрсетілген ҚҚС сомасына;
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу» кредит шоты- салықтық шот-фактуралардың жалпы сомасына;
Акцептелген шот-фактураларды төлеу кезінде
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу» дебит шоты
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттары», 1030 «валюталық шоттағы ақша қаражаттары», 1010 «кассадағы ақша қаражаты» кредит шоты.
Егер кәсіпорын материалдық емес активтерді құрумен байланысты шығындарды өзі шығарса (ЭЕМ бағдарламасымен қамтамасыз ету, интеллектуалдық меншік объектілері және т.б.), онда бұл шығыстар алдын ала 8110 «Негізгі өндіріс» шоттарында жинақталады.
«Материалдық емес активтерді қабылдау - өткізу актісі» негізінде материалдық емес активтерді құрумен байланысты шығындар 8110 «Негізгі өндіріс» шоттарынан 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің сәйкес дебит шоттарына олардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
Материалдық емес активтер басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлес ретінде салына алады. Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлес ретінде салған кезде келесідей шоттар корреспонденциясы құрастырылады.
Инвестор - кәсіпорында (әр түрлі материалдық емес активтерді жарғылық капиталға қосқан кезде):
7410 «Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» дебит шоты,
2731 «Лицензиялық келісімдер», 2732 «Бағдарламамен қамтамасыз ету», 2733 «Патенттер», 2736 «Өзге материалдық емес активтер» кредит шоты - берілетін жақтың балансында ескерілген материалдық емес активтердің баланстық құнына;
2741 «Материалдық емес активтер амортизациясы – лицензиялық келісімдер», 2742 «Материалдық емес активтер амортизациясы - бағдарламамен қамтамасыз ету», 2743 «Материалдық емес активтер амортизациясы- өзге материалдық емес активтер» дебит шоты,
2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты) – есептелген амортизациямен жабылатын материалдық емес активтердің құнына (материалдық емес активтердің амортизацияланған сомасы);
2120 «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», 2130 «Тәуелді серіктестіктерге инвестициялар», 2130 «Бірлесіп- басқарылатын заңды тұлғаға инвестициялар» дебит шоты,
6210 «Активтердің шығуынан алынатын кірістер» кредит шоты - материалдық емес активтердің сомасына келісімде көрсетілгендей инвестиция ретінде материалдық емес активтерді табыс етуге ;
3130 «ҚҚС» дебит шоты
1420 «Өтеуге арналған ҚҚС» кредит шоты - материалдық емес активтер бойынша есепке алдын ала алынған ҚҚС сомасы
Инвестицияланатын кәсіпорындарда келесідей шоттар корреспонденциясы құрастырылады:
Жарияланған жарғылық капитал сомасына:
5110 «Төленбеген капитал» дебит шоты,
5020 «Жай акциялар», 5010 «Артықшылықты акциялар», 5000 «Жарғылық капиталға үлестер мен жарналар» кредит шоты;
Алынған материалдық емес активтердің келісілген құнына:
2731 «Лицензиялық келісімдер», 2732 «Бағдарламамен қамтамасыз ету», 2733 «Патенттер» , 2736 «Өзге материалдық емес активтер» дебит шоты
5110 «Төленбеген капитал» кредит шоты
5110«Төленбеген капитал» шотының дебиті мен кредиті арасындағы айырмашылық, жарияланған бірақ әлі де акционерлермен (қатысушылармен) төленбеген жарғылық капитал сомасын көрсетіледі.
Ұйымдастырушы кәсіпорынға уақытша қолдануға берілген құрал- жабдықтардың, ғимараттар мен құрылғылардың есебі.
«Шаруашылық серіктестіктер туралы» атты заңды күші бар (6 бап) Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғысына сәйкес, шаруашылық субъектілері интеллектуалдық қызмет нәтижесіне құқықпен қоса иеліктен шығарылатын мүліктік құқықтарды жарғылық капиталға үлес ретінде қосуға құқықтарына ие.
Мүліктік құқықтар әдетте табыстылық әдісі бойынша немесе капитализацияланған жалдау төлемінің бағасы бойынша (жалдау пайызын қоса алғанда) бағаланады. Ғимарат, құрлысты, құрылғыны уақытша пайдалану құқығының құнының сомасы есепке алынады. Бұл сомаға келесідей шоттар корреспонденциясы құрастырылады:
2736 « Өзге материалдық емес активтер» дебит шоты
5110 «Төлентеген капитал» кредит шоты
Кәсіпорынға уақытша қолдануға берілген ғимарат, құрлыс және құрылғылар келісілген құн бойынша баланстан тыс шотта пайдалану мерзімі ішінде ескеріледі.
«Фирма бағасы» ұйымның іскерлік байланыстарының шартты құнын, сауда маркасының беделін тәжірибе, клиенттердің тұрақтылығын, сонымен қатар, басқарушылық, ұйымдастырушылық және техникалық ресурстарды, қаржылық әлемдегі беделін, өндірістік және өтімділік қызметінің механизмін бақылауды білдіреді.
Отандық және шетелдік бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәжірибесінде кәсіпорынды сатуға дейінгі «фирма бағасын» бағалау әдестері әлі де жасалмаған. Ол тек қана істеп тұрған кәсіпорындарды немесе оның бөлігін сатып алу кезінде ғана анықталады.
Егер кәсіпорын оның активтерінің құнынан төмен сомаға объект сатып алса (бэдвилл), онда келесідей шоттар корреспонденциясы құрастырылады (объектінің баланстық құны -10,0 млн. теңге, сатып алу құны -7,0 млн. теңге, «бэдвилл» -3,0 млн. теңге):
Аукционда сатып алынған объектінің құны сатушыға төленді:
5520 « Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы» дебит шоты
1030 « Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттары» кредит шоты -7,0 млн. теңге
«бэдвилл» сомасы сатушы кәсіпорынның есебіне енгізіледі және салық салуға жатады:
5520 « Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы»дебит шоты
6280 «Негізгі емес қызметтен түскен өзге табыстар» кредит шоты - 3,0 млн.теңге
Материалдық емес активтер басқа объектілер сияқты толық моральдық тозуына байланысты және кәсіпорынға күтілетін табысты әкелу қабілеттілігін жоғалтуына байланысты баланстан есептен шығарылуы мүмкін.
Материалдық емес активтер оларды сатумен, өтеусіз берумен ( сыға беру) және басқа да себептермен байланысты шығарыла алады.
Материалдық емес активтердің шығуы бойынша операцияларды қарастырайық.
Моральдық тозуына байланысты және кәсіпорынға табыс әкелу қабілеттілігінің жойылуынан материалдық емес активтердің есептен шығарылуы. Моральдық тозуына байланыстыесептен шығару кезінде келесідей шоттар корреспонденциясы құрастырылады:
7410 « Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» дебит шоты,
2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты)- шығып кеткен материалдық емес активтердің баланстық құнына,
2740«Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің дебит шоты (2741-2744,2746 шоты)
2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты)- материалдық емес активтердің тозған құнына [6].
Сатылып кетуіне байланысты материалдық емес активтердің есептен шығарылуы. Сатылып кетуіне байланысты материалдық емес активтердің есептен шығару кезінде келесідей шоттар корреспонденциясы жүргізіледі:
7410 « Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» дебит шоты,
2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты)- сатылған материалдық емес активтердің баланстық құнына,
2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің дебит шоты (2741-2744, 2746 шоты);
2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты)- сатылған материалдық емес активтердің амортизациялық құнына;
1210 «Сатып алушылар мен тапсырушылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» дебет шоты,
6210 «Активтердің шығуынан алынатын кірістер» кредит шоты – шот-фактураларда көрсетілген (ҚҚС-сыз) материалдық емес активтердің келісілген құнына,
3130 «ҚҚС» кредит шоты – сатылған материалдық емес активтер бойынша есептелінген ҚҚС сомасына ( бекітілген тәртіпте);
1030 «Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттары» дебит шоты, 1210 «Алынуға арналған шоттар» кредит шоты - сатылған материалдық емес активтер үшін сатып алушымен шот төленді.
Қайтарымсыз берілген материалдық емес активтер (сыйға берілген) бекітілген тәртіп бойынша енгізіледі, келесідей жазулармен көрсетіледі
7410 « Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» дебит шоты, 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты) – қайтарымсыз берілген материалдық емес активтердің баланстық құнына
2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің дебит шоты (2741-2744,2746 шоты);
2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің кредит шоты (2731-2734, 2736 шоты)- материалдық емес активтердің тозған (амортизацияланған) сомасына,
7410 «Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» дебит шоты,
3130 «ҚҚС» кредит шоты– қайтарымсыз берілген материалдық емес активтердің құнынан алынған ҚҚС сомасына,
3130 «ҚҚС» дебит шоты, 1030 « Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттары» кредит шоты – бюджетке ҚҚС-ғы және жолдық қорға аударымдар төленді.
Материалдық емес активтердің келуі мен шығуын «материалдық емес активтерді қабылдау- өткізу актісімен» толтырылады.
2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттары бойынша аналитикалық есеп «материалдық емес активтердің есебінің инвентарлық карточкасында» жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің есебі олардың шығуы кезінде 7410 « Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» шотын қолдану арқылы жүргізіледі. 7410 шотының дебит бойынша шығарылатын материалдық емес активтердің әрбір түрінің бастапқы құны көрсетіледі, ал кредит бойынша - берілген актиатің шығу кезінде есептелген тозу сомасы көрсетіледі [3].
Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғаға сату кезінде моральдық тозуы кезінде, даңды және жеке тұлғаларға қайтарымсыз түрде берілгенде, табыстылақ қасиетін жоғалтуына байланысты есептен шығарылғанда, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына үлес ретінде қосқан кезде шығысқа шығарылады.
- материалдық емес активтер шығу кезінде немесе оны қолданудан ешқандай экономикалық пайда күтілмеген жағдайда бухгалтерлік баланстан есептен шығарылады.
- материалдық емес активтердің шығуынан алынған табыстар мен шығындар , қаржылық –шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептілікте шығыс немесе табыс ретінде танылатын шығу бойынша шығыстарды қоспағандағы сату құны мен баланстық құнының арасындағы айырма ретінде анықталады.
- материалдық емес активтерді сату кезінде ұйым оның сатылатын (нарықтық) құнын анықтайды. Сатылу құны жақтардың келісімі бойынша мәміледе немесе тәуелсіз эксперттің (бағалаушы) көмегімен анықтала алады. Авторлық құқық объектілерін, ғылыми-зерттемелік және тәжірибелік –конструкторлық жұмыстарды (НИОКР) бағалау кезінде эксперт бағалаушыны қатыстыру қалаулырақ.
- материалдық емес активтердің есептен шығарылуы олардың қызметінің мерзімінің өту кезінде және олар түгелдей амортизацияланғанн кезде жүргізіледі.
- материалдық емес активтерді түгендеу кезінде мыналар тексеріледі:
- меншік құқығы негізінде кәсіпорынға жататын материалдық емес активтердің нақты дарын;
- активтердің баланста дұрыс әрі уақытылы көрсетілуін;
- материалдық емес активтердің тозуын дұрыс есептеу;
- моральдық ескірген активтердің бар болуын.
Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу кезінде объектінің бар болуын және оны қолдануға кәсіпорынның меншік құқығы бар материалдық емес активтердің нақты бары мен жоғын; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуін, материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерін тексереді.
Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер объектілерін егжей-тегжейлі сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялану нормасы, пайдаланылатын объектінің құрлымы және басқа мәліметтері көрсетіледі. Материалдық емес активтердің мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттыры да тексеріледі. Бұл құжаттарға материалдық емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктәік құқықтарын растайтын құжаттары жатады. Материалдық активтерді сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай – ақ, кәсіпорынның мүліктік құқығын қуаттайтын құжаттар жатады.
Материалдық емес активтердің есебі мен олардың тозуын дұрыс нақты ұйымдастыру нарықтық қатынаста үлкен рол атқарады.
Шығу және сату. Материалдық емес активтер бухгалтерлік баланстан шығу кезінде немесе оны қолданудан болашақта ешқандай экономикалық табыс алу көзделмесе есептен шығарылады.
Материалдық емес активтерді шығуынан алынған табыстар мен шығыстар шығу бойынша шығыстарды қоспағанда баланстық құны мен сату құнының арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады.
Ақпаратты ашу. Ұйым материалдық емес активтердің әрбір класы үшін іште құрылған материалдық емес активтерді және басқа да материалдық емес активтерді шектей отырып, мынадай ақпаратты ашуға міндетті:
пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған немесе айқындалған болып табылатыны және, соңғы жағдайда, пайдалы қызмет мерзімін немесе қолданылған амортизациялау нормасы көрсетілсін;
пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтерге қолданылатын амортизациялау әдісі;
кезең басындағы және аяғындағы жалпы баланстық құны және жинақталған амортизация (құнсызданудан болған жинақталған залалдармен топтастырылған);
материалдық емес активтердің кез келген амортизациясы енгізілген пайда және залал туралы есептің желілік бабы (баптары);
кезеңнің басы мен аяғындағы жай-күйі бойынша мыналар көрсетілген баланстық құнды салыстырып тексеру:
ішкі дамудан алынғандарын бөліп көрсете отырып, өсімдер, жеке-жеке сатып алынған, және кәсіпорынды біріктіру арқылы алынғандар;
сатуға арналған ретінде толық жіктелген, 5 IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сату үшін арналған ретінде жіктелген сияқты есептен шығару тобына енгізілген активтер;
кезең ішінде танылған кез келген амортизация;
қаржылық есеп көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта санау кезінде, сондай-ақ шетелдік қызметті ұйым ұсынатын валютаға қайта санау кезінде уындаған таза бағамдық айырма:
баланстық құнның кезең ішінде басқа да өзгеруі.
Сонымен қатар қаржылық есептілікте мыналар ашылады:
- баланстық құны субъектінің барлық активтерінен 5%-ке басымрақ болатын материалдық емес активтердің амортизациясының қалған кезеңі және түр, баланстық құн;
- иелік құқығына шектеу бар материалдық емес активтердің жалпы баланстық құны, сонымен қатар міндеттемелер бойынша кепілдік ретінде берілген материалдық емес активтердің жалпы құны;
- алынған материалдық емес активтери бойынша міндеттемелер сомасы.
Қаржылық есептілік есептілік кезінде шығыс болып танылған шығындар сомасын ашып көрсетуі керек және тікелей жатқызыла алатын немесе парасатты негізде мыналарға қосыла алады:
Бағдарламамен қамтамасыз етуге шығындар.
Жарнамаға және жарнамалық компанияға кеткен шоғындар.
Субъектіні құру кезінде кеткен шығындар.
Материалдық емес активтерді алумен, жинақтаумен , күшейтумен немесе қолдаумен байланысты кеткен кезкелген басқа да едәуір шығындар сомасы, соның негізінде болашақ экономикалық табыстың түсімі күтіледі.
Басқа ақпарат. Ұйымның мынадай ақпараттарды ашуына қолдау көрсетіледі, бірақ талап етілмейді:
1) осы уақытқа дейін пайдаланудағы кез келген толықтай амортизацияланған материалдық емес активтің сипаты; және
2) ұйымның бақылауындағы, бірақ осы Стандартта белгіленген тану критерийлеріне жауап бермейтіндіктен немесе 1998 жылы шыққан 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартының редакциясы күшіне енгенге дейін сатып алынған немесе құрылғандықтан, актив ретінде танылмаған елеулі материалдық емес активтердің қысқаша сипаты.
Ауысралы жағдайлар. Егерде берілген стандартты қолдану есеп саясатында өзгеріске алыр келсе, онда субъект алдағы есептік кезең үшін берілген стандартта көрсетілген тану бойынша талаптарды қолдана алады, бірақ міндетті емес. Алдағы кезең үшін материалдық емес активтерді тану бойынша талаптарды қолдану ашып көрсетуге жатқызылады [19].
Достарыңызбен бөлісу: |