Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Материалдық емес активтердің амортизациясың есебі



бет8/9
Дата30.01.2023
өлшемі91.24 Kb.
#468924
1   2   3   4   5   6   7   8   9
dip -materialdyq-emes-aktivterdin-esebi-men-auditi (копия)

2.3 Материалдық емес активтердің амортизациясың есебі

Материалдық емес активтер объектілері бойынша амортизацицяны есептеудің әдістері мен ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есептілікті жүргізу Ережесі бойынша белгіленген. Амортизация - бұл материалдық емес активтің пайдалы қызмет ету мерзіміндегі амортизацияланатын соманың жүйелік бөлінуі.


Амортизацияны есептеудің мақсаты - пайдалы қолдану мерзімі бекітілген уақыт ішінде олардың құнын өтеу, жабу болып табылады.
Патенттер мен куәліктердің, ерекше құқықтардың құны амортизация есептеу жолымен өтелмейді, жабылмайды:

  1. Егерде интеллектуалдық меншік объектілері коммерциялық емес ұйымдарға жатса (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есептілікті жүргізу Ережесі п. 56).

  2. Егерде интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықтар басқа ұйымдарға жатса, бірақ құқық иеленуші ерекше емес құқықтарды лицензиялық келісім, коммрциялық концессиялар келісімдері бойынша және тағы басқалар бойынша берілсе және баланстан тыс шоттарда ескерілетіндей етіп берудің нәтижесінде ұйыммен қолданылады.

Нормативті құжаттарға сәйкес материалдық емес активтер объектілеріне амортизацияны есептеудің негізгі ережелері келесілерден тұрады:

  1. Амортизациялық аударымдар ұйым қызметінің нәтижесіне байланыссыз есептеледі және есептілікте көрсетіледі;

  2. Амортизациялық аударымдар олар жасалған есептілік кезеңнің (ай, тоқсан, жыл) бухгалтерлік есебінде көрсетледі;

  3. Амортизацияны есептеу ұйымның консервация жағдайынан басқа жағдайларда объектінің бүкіл пайдалы қолдану мерзімі ішінде тоқтатылмай жүргізіледі;

  4. Амортизация объект бухгалтерлік есепке қабылданған айдан кейінгі айдың бірінші жұлдызынан бастап материалдық емес активтердің құнының толық өтелуіне дейін немесе олардың шығып кетуіне дейін есептеледі;

  5. Материалдық емес активтер бойынша амортизация олардың құны толық өтелген айдан немесе есептен шығып кеткен айдан кейінгі айдың бірінші жұлдызынан бастап есептелмейді және есепте көрсетілмейді;

  6. Есептілік кезеңі ішінде осындай объектілер бойынша амортизациялық аударымдар жылдық соманың 1/12 бөлігі мөлшерінде ай сайын есептеледі;

  7. Мезгілдік, маусымдық өндірісте амортизациялық аударымдардың жылдық сомасын есептік жылда ұйым жұмысының уақыт мерзімі ішінде бірқалыпты есептейді;

  8. Ұйымның іскерлік белсенділігінің амортизациясы 10 жыл ішінде есептеледі (бірақ ұйым қызметінің мерзімінен көп емес);

  9. Ұйымдастыру шығындары бойынша амортизациялық аударымдар 10 жыл ішінде бастапқы құнның бірқалыпты азаю жолымен есепте көрсетіледі (бірақ ұйым қызметінің мерзімінен көп емес).

Бухгалтерлік есепте есептелген амортизация өнімнің, жұмыстың , қызмет көрсетудің өзіндік құнының құрамына кіреді.
Патенттер мен куәліктердің құнын жабу кезінде амортизациялық аударымдар сомасы олардың пайдалы қызмет ету мерзімімен анықталады. Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне ерекше құқықтардың пайдалы қолдану мерзімі - бұл объектіні қолданудың күтілетін мерзімі, сол уақыт ішінде ұйым экономикалық пайда ала алады. Ол ұйымның өз еркімен объектіні қолдануға жіберілген күніне анықталады.
Материалдық емес активтер құнына сәйкес қағидасы бойынша активтің әрекет ететін мерзім бойына жүйелі түрде есептен шығарылып отыруы тиіс. Материалдық емес активтердің есебінде экономикалық қызмет ету мерзімін белгілеу жеткіліті түрде күрделі болып саналады және материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңін анықтау барысында келесі факторларды ескерген жөн:
- заңды, реттеуші, кесімді жағдайларын ескеріп, олардың максималды қызмет ету мерзімінен шектелуі мүмкін;
- жаңарту немесе ұзарту жағдайлары келсе, онда оның топшыланған қызмет ету мерзімі өзгеруі мүмкін;
- тозу, сұраныс және тағы басқа да экономикалық факторлар оның қызмет ету мерзімін қысқарту мүмкін;
- келешектегі бәсекелестіктердің және дасқа да субъектілердің әрекеті (іс-қимылы) материалдық емес активтердің бүгінгі белсенділік қабілеттілігін шектеуі мүмкін;
- материалдық емес активтердің кейбір түрлерінің қызмет ету мерзімі сол активтердің құрамдас бөліктері болуы мүмкін.
Пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтердің амортизацияланған сомасы осы мерзім ішінде жүйелі негізде бөлінуге тиіс. Активті амортизациялау пайдалану үшін рұқсат етілген кезде, яғни активтің орналасқан жері мен жай-күйі оны әкімшіліктің мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз еткен кезде басталуы тиіс. Амортизацияны есептеудің пайдаланылатын әдісі ұйымның болашақ экономикалық пайдасын күтілетін пайдалану кестесін көрсетуге тиіс. Егер мұндай кесте сенімді айқындалмаса, бірқалыпты есептеу әдісі пайдаланылуға тиіс. Пайдалы қызмет мерзімі белгіленген материалдық емес активтерді амортизациялау кезеңі және әдісі кем дегенде әрбір қаржылық жылдың аяғында талдауға жатады. Егер пайдалы қызметтің есептеу мерзімі бұрынғы бағалаудан айтарлықтай өзгеше болса, онда амортизациялау кезеңі тиісінше өзгертілуі тиіс. Активте бекітілген болашақ экономикалық кірісті пайдаланудың есептік кестесінде өзгеріс болса, онда амортизациялау әдісі осындай өзгерістерді көрсету үшін өзгертілуі тиіс.
Материалдық емес активтің қызмет мерзімі ішінде оның пайдалы қызмет мерзімін бағалау дұрыс болып табылмайтыны айқын көрінуі мүмкін. Мысалы, құнсызданудан болған залалды тану амортизациялау кезеңін өзгертуді нұсқауы мүмкін. Уақыттың өтуіне қарай материалдық емес активтерден ұйымға түсуі күтілетін болашақ экономикалық кіріс кестесі өзгеруі мүмкін. Мысалы, бірқалыпты есептеу әдісі емес, азаятын қалдық әдісін қолданған жөн болып көрінуі мүмкін. Тағы бір мысал ретінде берілген лицензияларды пайдалану құқығы бизнес-жоспардың басқа құрамына қолданылғанға дейін мерзімі кейінге қалдырылған жағдай болып табылады. Бұл жағдайда келіп түскен активтерден экономикалық кіріс неғұрлым кейінгі кезеңдерге дейін алынуы мүмкін.
Пайдалы қызмет мерзімі белгіленбеген материалдық емес активтер амортизациялауға жатпайды.
Активтің амортизацияланатын құнын жүйелі негізде бөлу үшін оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде әр түрлі амортизациялау әдістері қолданылуы мүмкін. Оларға:
-материалдық емес активтердің бастапқы құны және бұларды пайдаланудың мерзіміне қарай анықталған амортизациялық нормаға сай бірқалыпты түзу сызықты әдісі;
-материалдық емес активтердің баланстық қалдық құнымен және бұларды пайдаланудың мерзіміне қарай анықталған амортизациялық нормаға сай қалдықты азайту әдісі;
-материалдық емес активтердің бастапқы құнымен және бұларды пайдаланудың мерзіміне қарай өндірілетін өнімдер көлемінің сомасына пропорционалдық әдіспен тарату жатады.
Материалдық емес активтердің арналымы бойынша пайдалануға дайындық кезеңінен бастап амортизациясын есептейді.
Амортизациялық сомасы әдетте, шығыс ретінде танылады, егер де ол басқа да активтердің құнына қосолмаса. Амортизацияны есептеу әдісін тану бір есептік кезеңнен екіншісіне жүйелі түрде ауысып отырады, егерде активтерден алынатын олжаның тұтыну моделі айтарлықтай өзгермесе. Материалдық емес активтердің жою құны өте сирек кездеседі, олардан алынатын олжа тек қызмет ету мерзімінің соңында анықталады. Сондықтан материалдық емес активтердің жою құны нольге тең болады.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алуға 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» деп аталатын бөлімшесінің шоттары арналған:
2741 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – лицензиялық келісімдер», 2742 «Материалдық емес активтердің амортизациясы –бағдарламалық жабдықтау», 2743 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – патенттер», 2744 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – ұйымдастыру шығындары», 2745 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – «Гудвилл», 2746 «Материалдық емес активтердің амортизациясы – тағы басқалары».
Бұл шоттар пассивті, реттеуші, контрактивті болып келеді, олардың кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның қалдығы, ағымдағы айда есептелінген амортизациясы және есеп берілген айдың соңындағы амортизацияның қалдығы көрсетіледі, ал дебиті бойынша - материалдық емес активтердің амортизациясын есептен шығарылған сомасы көрсетіледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапқы құнынан және тиімді пайдаланудың болжамды мерзіміне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелініп отырады.
Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің барлық түрлерінің пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген) есептер бойынша анықталуы тиіс.
Амортизацияның есептелінген сомасына: 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар», 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар», 8410 «Үстеме шығыстар», шоттары дебеттеледі де, 2741-2746 шоттары кредиттеледі.

Кәсіпорындағы материалдық емес активтердің тиімділігін талдаудың негізгі міндеттері ретінде төмендегілерді қарастыратын боламыз:


- материалдық емес активтердің көлемі мен серпінін талдау;
- материалдық емес активтердің құрылымы мен күйін түрі, пайдалы қолдану мерзімі мен құқықтық қорғалуы бойынша талдау;
- материалдық емес активтердің табыстылығын талдау;
- материалдық емес активтер мен капиталды материалдық емес активтерге салымдау тәуекелінің дәрежесін талдау.
Материалдық емес объектілерді есепке алу, талдау мен баға беру мақсатында зерттеліп отырған объектілердің күйі мен қозғалысын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштердің жүйесі әзірленеді. Басқару үшін ерекше мағынаға материалдық емес объектілердің кәсіпорынның қаржылық күйі мен соның қызметінің қаржылық нәтижелеріне тигізетін әсерін көрсететін соларды қолдану тиімділігінің көрсеткіштері ие болады. «ТемірКаркас» ЖШС балансының мәліметтері бойынша барлық материалдық емес активтердің көлемі мен түрлері бойынша алдыңғы кезеңдегі мәліметтермен салыстырғандағы есептік кезең бойынша өзгерістерінің серпініне талдау жүргіземіз (4-кесте).
Бірқатар кезең бойынша есеп беру мәліметтері болған жағдайда тренділік талдау жүргіземіз, яғни тұрақты және айнмалы базаға қатысты абсолюттік және салыстырмалы түрдегі ауытқуларды есептейміз, сондай-ақ орташа ауытқуларды анықтаймыз.
3 кесте
Материалдық емес активтердің көлемі мен серпінін талдау*

(мың теңге.)

Көрсеткіштер

2021 жыл

2022 жыл

Абсолюттік ауытқу

Салыстырмалы түрдегі ауытқу, %

1. Материалдық емес активтер





барлығы

2952

1084

-1868

36,72

Соның ішінде түрлері бойынша:





а) өнертабыстар мен өзге де сол тәрізді зияткерлік меншік (өнеркәсіптік меншік) объектілеріне қатысты құқығы

1502

588

-914

39,15

б) табиғи және өзге түрдегі ресурстар мен мүлікті пайдалану құқығы

1361

423

-938

31,08

в) ұйымдастыру шығындары

89

73

-16

82,02

2

2.Материалдық емес активтердіңбаланс валютасын-дағы меншікті салмағы, %



0,16


0,06


-0,10


38,99


3-кестедегі мәліметтерден көріп отырғанымыздай, кәсіпорын өз қызметінде зияткерлік қызметтің нәтижелерін белсенді түрде қолдануда, мұнысы 2020 жылдың соңына қатысты 588 000 теңгені құрауда.
Материалдық емес активтер өзінің құрамы бойынша, оларды өндіріс барысында қолдану немесе пайдалану сипатына қарай, қаржылық жағдай мен шаруашылық қызметтің нәтижелеріне әсер ету дәрежесіне қарай бірдей болып келмейді. Сол себептен оларға баға беруде саралап жіктемелеу әдісін қолдану қажет. Ол үшін материалдық емес активтер түрлі белгілері бойынша жіктемеленіп және топтастырылады. Осылайша, материалдық емес активтердің құрылымына жіктемелеу бегілерінің берілген қимасында баға беру мүмкіндігі туындайды.
Материалдық емес активтердің құрылымын келіп түсу (сатып алу) көздері бойынша, түрлері бойынша, пайдалы қолдану мерзімдері бойынша, беделдік дәрежесі бойынша, өнімді өндіру мен өткізу ісінде қолданылу дәрежесі бойынша, шығып қалу бағыттары және т.б. бойынша талдау мен баға беру аса маңызды болып келеді.
«ТемірКаркас» ЖШС-дегі материалдық емес активтер құрылымындағы өзгерістерді талдап және соған баға берейік. Ол үшін кестені құрамыз (4-кесте).
4-кесте
Материалдық емес активтердің құрылымындағы өзгерістерді талдау*

Көрсеткіштер

2021 жыл

2022 жыл

ауытқулар

Сомасы

Жиынына қатысты%

Сомасы

Жиынына қатысты %

Сомасы

Жиынына қатысты %

1. Материалдық емес активтер



















Барлығы

2952,00

100,00

1084,00

100,00

-1868,00

-46,28

Соның ішінде түрлері бойынша:



















а) өнертабыстар мен өзге де сол тәрізді зияткерлік (өнеркәсіптік) меншік объектілеріне қатысты құқығы

1502,00

50,88

588,00

54,24

-914,00

3,36

б) табиғи және өзге түрдегі ресурстар мен мүлікті пайдалану құқығы

1361,00

46,2700

423,00

39,02

-938,00

-7,08

в) ұйымдастыру шығындары

89,00

3,01

73,00

6,73

-16,00

3,72

4-кестедегі мәліметтерден көріп отырғанымыздай, материалдық емес активтердің құрылымында аса жоғары меншікті салмаққа өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты құқықтар ие болуда (50%-дан артық). Осы түрдегі активтің есептік кезеңдегі үлесінің артуын жағымды деп бағалауға болады, себебі бұл салымдар өндіріс пен өнімнің сапалық параметрлерін жетілдіруге бағытталған. Бұдан әрі қарай өнеркәсіптік меншік объектілеріне салымдардың құрылымын талдап, солардың құрамында барынша тиімді түрлерін бөліп кету қажет.
Осыған ұқсас сұлба бойынша (4/кест. пішіні бойынша) материалдық емес активтердің құрылымына өзге топтастыру белгілері бойынша талдау мен баға беру жүргізіледі. Материалдық емес активтердің құрылымына келіп түсу көздері бойынша талдау жүргізу кезінде объектілердің төмендегідей топтарын бөлеміз:
материалдық емес активтер - барлығы, мың теңге,
соның ішінде:
а) құрылтайшылар енгізген;
б) ақшаға сатып алынған немесе өзге бір мүлікке ауыстырып алынған;
в) заңды және жеке тұлғалардан тегін алынған;
г) мемлекеттік органдардың демеуқаржылары.
«ТемірКаркас» ЖШС-нің материалдық емес активтерінің құрылымын пайдалы қолдану мерзімдері бойынша талдау үшін кесте құрастырайық (6-кесте).
ҚОРЫТЫНДЫ


Кәсіпорынның нарықтық қатынастарға көшу жағдайларында бухгалтерлік есептің кәсіпорын мүлкі мен оның міндеттемелері туралы толық және шүбәсіз ақпарат алу және сол мәліметтерді пайдаланушыларға дейін дер кезінде жеткізудің аса маңызды құралы ретіндегі рөлі артуда.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, материалдық емес активтерді кәсіпорында қолдану қажет. Сол себептен менің еңбегімде мүліктің осы түрін сатып алу, амортизациясын есептеу және шығып қалу жөніндегі негізгі мәселелер қарастырылған. Кәсіпорынның бухгалтерлік есепке алуды орнату мен жүргізу саласындағы құқықтарының кеңеюіне орай бухгалтерлік қызметтердің алдында түрлі объектілердің: негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, өндіріс және өткізу процестерінің, есеп айырысулардың, капиталдық және қаржылық салымдардың есебін оңтайлы ұйымдастыру мәселесі туындайды.
Материалдық емес активтердің есепке алынуының аудитін жүргізу ісіне келесідегідей операциялар кіреді:

  1. материалдық емес активтердің келіп түсуі мен құрылу операцияларын тексеру;

  2. материалдық емес активтердің амортизациясының есепке алынуын тексеру;

  3. материалдық емес активтердің шығып қалуының есепке алынуын тексеру;

  4. материалдық емес активтермен жүргізілетін операцияларда салық салуды тексеру;

  5. материалдық емес активтердің шығып қалуы кезіндегі ҚҚС-ны есептеу;

  6. есептіліктегі материалдық емес активтер бойынша мәліметтерді тексеру.

Және соңғы бір айта кететін нәрсе, материалдық емес активтер есепке алу объектілері ретінде жеткілікті дәрежеде зерттелмеген және тиісті түрде реттелмеген. Осыған орай мұндай объектілердің есебін жүргізу тәртібі бойынша келіспеушіліктер орын алуы мүмкін (әсіресе салық органдарымен). Ұйымдар бұл жағдайда осындай мәселелерді шешу жолдарын іздестіруі тиіс (сонымен қатар сарапшы-мамандардың көмегімен).
Барлық кәсіпорындар материалдық емес активтерді есепке алу кезінде тиісті заңнамалық және нормативтік құжаттарға сілтеме жасап отыруы тиіс.
Қазіргі кезде есепке алуда материалдық емес активтерді көрсету мәселесіне өте көп көңіл бөлінуде. Алайда одан мәселелер мен проблемалар азаяр емес. Сондықтан материалдық емес активтерді есепке алу жүйесін жетілдіру қажет.
Кәсіпорынға салықтық есептілікті бухгалтерлік есеп тіркелімдерін қолданумен немесе өзгертумен жүргізіп отыруды ұсынуға болады. Бұл ретте ұйымға төмендегілерді анықтап алу қажет:
-амортизацияланатын активтердің есебіндегі айырмашылықтарды азайтатын әдістер;
-салықтық есепте қолданылатын бухгалтерлік есеп тіркелімдері;
-аналитикалық салықтық есеп тіркелімдерінде есепке алуға арналған операциялар мен объектілер;
-айырмашылықтарды барынша аз ететін әдістерге төмендегілерді өзгертіге қатысты болып келетін шаралар жатуы мүмкін:

    1. бастапқы есепке алу құжаттарының үлгілік нысандарын;

    2. осы активтердің бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі есептік саясаттың ережелерін.

Жоғарыда келтірілген айырмашылықтарға негізделумен ұйым бастапқы есепке алу құжаттарының үлгілік нысандарында келесідегідей қосымша көрсеткіштерді ескеруі мүмкін:
- объектілердің құрамы бойынша – салықтық есепте амортизацияланатын мүліктің құрамына қабылданатын және қабылданбайтын объектілерге жатқызылу кодтарын анықтау. Бұл амортизацияланатын мүліктің құрамына тұрғын үй қорының объектілерін енгізу мен тегін алынған объектілерді: іскерлік беделі мен ұйымдастыру шығындарын енгізбеуге қатысты болып келеді;
- пайдалануға енгізіліп отырған объектілердің құнын екі түрге бөлу
бухгалтерлік есепке алуға арнап – бастапқы құны;
салықтық есепке алуға арнап – амортизацияланатын құны (салық салу кезінде қабылданбайтын шығындардың жиынына азайтылған бастапқы құн).
Осылайша, амортизацияланатын объектілердің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу мәліметтері заңмен бекітілген тәртіп бойынша жасалған бастапқы есепке алу құжаттарының бірдей пішіндеріндегі көрсеткіштерге негізлеумен қалыптастырылатын болады. Материалдық емес активтерді қабылдау- өткізу актісі қолданылады. (№ МЕА-1 п.). Операцияның сипаты мен нормативтік актілердің талабының сипатына қарай бастапқы құжаттарға қосымша деректемелер енгізілуі мүмкін.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепке алу жөніндегі есептік саясатына айырмашылықтарды аз ету мақсатында өзгертулер енгізу ұсынылады.
Объектілерді есепке алу мен оларға баға берудің жекелеген әдістерін біріздендіру үшін материалдық емес активтер бөлімінде мынаны ескеру қажет: бухгалтерлік есебін жүргізуде материалдық емес активтердің құрамына «ноу-хау»-ды иелену құқығы, қойнауларды пайдалану құқығына арналған лицензиялар, фирмалық атауы енгізіледі.
«ТемірКаркас» ЖШС кәсіпорнында жүргізілген талдау барысында мынау анықталған болатын:
- материалдық емес активтердің есептік кезеңдегі қолданылу тиімділігінің көрсеткіштері алдыңғы кезеңдегілермен салыстырғанда жақсарды;

  • сатудан түскен табыстың артуының арқасында материалдық емес активтердің айналымдылығы артты;

  • алдыңғы кезеңнің шығындары материалдық емес активтердің табыстылығының азаюы мен сату оңтайлылығының азаюына әкелді.

Бұл мынаны көрсетуде, кәсіпорындағы материалдық емес активтерді қолданудан болып отырған әсер өнімді өткізу көлемінің артуынан, пайданың артуынан, төлеу қабілетінің артуы мен тұрақты қаржылық жағдайынан байқалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет