Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


КӘСІПОРЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ



бет5/9
Дата30.01.2023
өлшемі91.24 Kb.
#468924
1   2   3   4   5   6   7   8   9
dip -materialdyq-emes-aktivterdin-esebi-men-auditi (копия)

2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ


2.1 «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нарықтағы орны мен есеп саясаты
Қазақстан Республикасының бизнесінде инвесторлардың, тапсырыс берушілердің, салушылардың қызметінің жандандырылуына байланысты құрлым ұйымдарында бухгалтерлік есеп ақпараттарының шынайылығы мен тәуелсіз бақылауға сұраныс өсуде.
Нарықтық қатынастарға өтудің бірінші жылдарында тек сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігі ғана құрлыстың құнын анықтайды және құрылған нормативтік базаның еш қажеттілігі болмайды деген ойлар пайда болды. Алайда тәжірибе көрсеткендей, әртүрлі сипаттағы инвестициялар, капиталдандыру немесе ағымдағы шығыстар бұрын құрастырылған ережелер бойынша мұқият құжаттамалық толтыруларды және есепті талап етеді.
Бұл этапта құрлыс Қазақстан Республикасының қызметтерінің ішінде көшбасшылық орын алады.
Құрлыс өзін өзі асып түсті, қайта құрудың басында біздің осындай жетістіктерге жетуімізге ешкім сенген жоқ. Қазір барлығында анық өсуді көруге болады, бірақ сонымен қатар, мектепке дейінгі мекмелердің, ауруханалардың, емханалардың құрлысында біраз төмендеуді көруге болады.
Жыл сайын құрлыс қызметін атқаратын мемлекеттік және шетелдік ұйымдалдың саны азаюда. Жұмыстың көп бөлігін жекеменшік ұйымдар атқарады, 2020 жылы 291622 млн. теңгеге жұмыс орындалған, ал мемлекеттік ұйымдар жекеменшік ұйымдар мен шетелдік ұйымдармен салыстырғанда жұмыстың аз бөлігін 6383 млн. тг. орындады.
«ТемірКаркас» ЖШС Қазақстан Республикасының құрлыс нарығында аса көрнекті орын алуда. Оның басты жетістіктерінің бірі- қуатты өндірістік потенциалында және жоғары квалификацияланған мамандардың болуында. Бұл қазіргі кездің талаптарының кез келген деңгейінде құрлыс-мантаждық өндірістің кез-келген күрделілігін орындауға мүмкіндік береді.
«ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 27.12.1994ж. қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 22.04.1998ж. қабылданған Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңына сәйкес тіркелінеді және Заңды тұлға болып табылады және 31.01.2006ж қабылданған Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Серіктестік шағын кәсіпкерліктің тұлғасы болып табылады.
- Серіктестіктің барлық қызметкерлерінің орта жылдық саны, соның ішінде келісім шарттар және мердігерлік шарттар бойынша , Серіктестіктің филиалдарының , өкілдіктерінің және басқа оқшау бөлімшелерінің қызметкерлері бойынша елу адамнан аспауы тиіс;
- Активтердің жалпы құны жылына орта есеппен көрсеткішінің алпыс мың айлық есесіне дейін.
Серіктестіктің қызмет мерзімі – шектеусіз.
Серіктестік табыстар алу және оның Қатысушысын тұрақты табыстармен қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
ҚР заңдарына сәйкес Серіктестіктің қызметінің мәні қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыру болып табылады:
Құрылыс қызметтері; құрылыс материалдарын сату және жеткізу; жобалау іздестірушілік, құрылыс құрастыру жұиыстары мен іске қосу реттеу жұмыстары; халыққа тұрмыстық қызмет көрсету; көтерме, бөлшек сауда; фирмалық жекеменшік тауарлар мен делдалдық сауда саттық дүкендерін құру; халық тұтынатын тауарлар өндіру және сату, пісірме, құрылыс цехтарын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасында және шетелдерде әр түрлі мүлікті иемдену және иеліктен шығару, құрылыс салушы немесе жалгердің құқықтарымен жер тілімдерін алу; Қазақстан Республикасының заңндарымен тыйым салынбаған басқа да қызметтермен айналысады.
Басқарудың жоғарғы органы болып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және кәсіпорынның Жарғысына сәйкес қызмет атқаратын Құрылтайшы болып табылады.
Есептік жұмыстың көлемі бухгалтерлік есепті директордың өзімен жүргізуге мүмкіндік береді және ол барлық бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға құқылы.
Кәсіпорында бухгалтерлік есеп жеке компьютерлерді қолдану арқылы автоматтандырылған әдіспен жеңілдетілген түрде жүргізіледі.
Бухгалтерлік құжаттардың барлық түрлері офисте 3 жыл сақталады, кейін архивке беріледі де тағы 2 жыл сақталады. Сөйтіп барлық құжаттар 5 жыл сақталады.
«ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды тұлға болып табылады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде және өзінің жарғысына сәйкес атқарады. Серіктестік қаржылық-шаруашылық қызметін еркін мүліктік, эқономикалық және қаржылық негізінде жүргізеді. Серіктестікте еркін баланс, өзінің атауы көрсетілген мөртаңбасы, ағымдағы және басқа да банктік шоттар бар.
Серіктестіктің есебінде есептік кезең 1 күнтізбелік жылды 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі уақытты құрайды.
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары бухгалтерлік есептің орындалуын қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік есептілікті жүргізу «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бухгалтерлік қызметімен іске асырады.
«ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебі 1С: Бухгалтерия бағдарламасымен қамтамасыз ету базасы негізінде автоматтандырылған әдіспен жүргізіледі. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес бухгалтерлік есеп регистрлерінің құрамы және ішкі бухгалтерлік құжаттамалар Серіктестіктің басшыларывның рұқсаты бар тұлғаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған біліктілігіне сәйкес мемлекеттік органдардың қызметтік тұлғаларына ғана көрсетіледі. Есептік бухгалтерлік ақпараттарға доступ бар аудиторлар мен басқа да тұлғалар Серіктестіктің басшыларының рұқсатынсыз көрсетілген ақпаратты жаймауға міндетті және бұл ақпаратты өз мүддесінде қолдануға құқықтары жоқ.
«ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіншоттар жоспатын жүргізудің біртұтас жүйесімен қамтамасыз ету үшін, серіктестіктің қатысушысымен бекітілген бухгалтерлік есептің жұмыс істейтін шоттар жоспары қолданылады. «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бухгалтерлік есептің жұмыс істейтін шотар жоспары Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 23.05.2007 жылғы №185 «Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарын бекіту туралы» жарлығына сәйкес құрастырылған.
Құжаттардың уақытылы және сапалы толтырылуына , оларда көрсетілген мәліметтердің сенімділігіне бухгалтерлік есепте мәліметтерді көрсетіге құжаттардың уақытылы берілуіне құжатта қол қоятын тұлғалар жауап береді.
Қаржылық есептілікті құрастыру мақсаты - қолданушыларға «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайы туралы сенімді және уақытылы ақпарат беру, есепті кезең ішінде жасалған шаруашылық операцияларды сипаттайды. «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылық есептілікті және қызметтілігін талдауды Қазақстан Республикасының заңнамасының шартарына сәйкеә жүргізеді.
«ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық есептілігі:

  1. бухгалтерлік баланстан;

  2. табыс пен шығыс туралы есептіліктен;

  3. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктен;

  4. капиталдың өзгерісі туралы есептіліктен;

  5. түсініктеме хаттан тұрады.

Бухгалтерлік жазулар шаруашылық операцияның құрылы фактісін бекітетін бастапқы құжаттар негізінде жасалады. Активтерге, міндеттемелерге, қаржыландыру мен шығындарға әсер ететін барлық шаруашылық операциялар және Серіктестіктің шаруашылық қызметінің басқа да жағдайлары бухгалтерлік есептілікте көрсетілуі қажет. Серіктестіктің бастапқы құжаттары операция жасалған сәтте құрастырылады, ал егер ондай мүмкіндік болмаса, онда операция жасалғаннан кейін құрастырылады.
Материалдық емес активтер - бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатта және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер.
Материалдық емес активтердің есебінің тәртібі мен әдістемесі. «ТемірКаркас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Материалдық емес активтердің есебін 38 ХҚЕС «Материалдық емес активтер» талаптарына сәйкес жүргізеді. Серіктестік 38 ХҚЕС –ын барлық материалдық емес активтердің есебі үшін қолданылады.
Материалдық емес активтер нақты теңестірілген болуы керек. Серіктестік материалдық емес активтерді таниды, егерде олар материалдық емес активтердің анықтамасы мен критерилеріне жауап берсе:
- активтерді қолданудан Серіктестікке болашақ экономикалық пайданың түсу мүмкіндігінің бар болуы;
- активтің құны сенімді бағалана алады.
Материалдық емес активтерден түсетін болашақ экономикалық пайда Серіктестіктің активті қолдану нәтижесі болып табылатын , тауарды сатудан немесе қызмет көрсетуден түсетін түсімді, шығындарды үнемдеуді және басқа да пайданы қоса алады.
Компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді бөлшек саудада сатып алған кезде оны заңды және экономикалық көрсеткіштері бойынша теңестіру қажет, яғни, егер:
- меншік иесі өзінің ерекше құқықтары мен лицензияланған мәміле бойынша құқықтарын емес, тек материалды тасмалдаушының 1 данасын берсе;
Материалдық емес активтер - бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатта және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Материалдық емес активтердің есебі үшін «Материалдық емес активтер» шоты қолданылады:
-«Гудвилл»
-«Өзге материалдық емес активтер»
Материалдық емес активтерді бағалау. Қолдануға дайын жағдайына келтіру шығындары (нақтырақ айтқанда сатып салу бағасы, компьютерлік бағдарламаны жөндеумен және орнатумен байланысты шығыстар) мен оларды сатып алумен байланысты нақты шығындар сомасынан тұратын бастапқы құны бойынша бағаланады.
Материалдық емес активтерді ақшаға немесе басқа да монетарлық активтерге сатып алу кезінде материалдық емес активтердің өзіндік құны сенімді бағалануы мүмкін өзіндік құнға кіреді:

  • сатып алу бағасы;

  • тіркемелік алымдар, кедендік баждар, патенттік баждар және материалдық емес активтерді сатып алумен байланысты төленетін басқа да ұқсас төлемдер;

  • сатып алуға қайтарылмайтын салықтар;

  • материалдық емес активтерді сатып алумен немесе тіркеумен байланысты делдал ұйымдарға қызмет көрсеткені үшін төленген сыйақылар; және

  • материалдық емес активтерді қолдануға дайындаумен байланысты тікелей шығындар, мысалы, заңды қызмет көрсетулерге шығындар.

Материалдық емес активтердің келіп түсуі. Материалдық емес активтердің келіп түсуі «Материалдық емес активтерді қабылдау -өткізу актісімен» кірістеледі.
Актіде мыналар көрсетіледі:

  1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.

  2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.

  3. Объектінің сипаттамасы

  4. Бастапқы құны

  5. Амортизация нормасы.

Материалдық емес активтердің келіп түсуін толтырған кезде құжат әрбір жеке объект үшін 1 данада толтырылады. Материалдық емес активтердің қабылдау -өткізу актісіне қосымша құжаттарына бас бухгалтер қол қойылып, директормен бекітіледі. Актінің негізінде бухгалтер материалдық емес активтер бойынша операцияларды бухгалтерлік есепте көрсетеді.
«Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттары бойынша аналитикалық есеп материалдық емес активтер есебінің карточкаларында жүргізіледі. Карточка бухгалтериямен материалдық емес активтердің әрбір жеке объектісі үшін ашылады. (типтік нысаны МЕА-2). Карточка материалдық емес активтер объектісін алу фактісін растайтын құжаттар негізінде 1 данада толтырылады.
Материалдық емес активтердің жойылу құны нолге тең деп саналады.
Қайта бағалау. Материалдық емес активтер бастапқы танудан кейін оның қайта бағалану күнге әділ құнымен білдіретін қайта бағаланатын сома минус кез келген кейіннен жинақталған амортизация және кез келген кейіннен жинақталған құнсызданудан болған залалдарды білдіретін қайта бағалау сомасы бойынша есепке алынады.
Материалдық емес активтердің мүмкін болатын қайта құнсыздануы бухгалтерлік есепте Дебит шоты «Активтің құнсыздануынан болатын шығыстар», - Кредит шоты «Өзге материалдық емес активтер» шоттар корреспонденциясымен көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің құнсыздануы.
Сыртқы тануға жатады:
- активті нарықтағы ұқсас материалдық емес активтердің нарықтық құнының түсуі;
- заңнамадағы өзгерістер, экономикалық шоттардың өзгеруі және т.с.с.
- нарықта күтілетін өзгерістер;
- басқа да өзгерістер.
Ішкі тануға жатады:
- материалдық емес активтердің моральды ескіруі;
- материалдық емес активтерді қолданудан болған экономикалық көрсеткіштер, нәтижелер, оны сатып алу кезінде ұйғарғаннан әлде қайда нашарлау
Материалдық емес активтердің пайдалануын тоқтату мен есептен шығару есебі. Материалдық емес активтердің құны Серіктестіктің балансынан келесілердің нәтижесінде есептен шығарылады:
- заңды және жеке тұлғаларға интеллектуалдық меншік объектілерінің ерекше құқықтарына жеңілдіктер.
- оларды басқа заңды және жеке тұлғаларға сату;
- қайтарымсыз беру;
- моральды ескіруі;
- басқа да себептермен.
Серіктестіктің Материалдық емес активтерін пайдалануын тоқтатудан кейін есептен шығарылуынан болатын табыстарды немесе шығыстарды пайдалануды тоқтатқаннан кейінгі таза түсіммен және активтің баланстық құны арасындағы айырмашылық ретінде танып және қорытынды табыс немесе шығыс ретінде танылады.
Материалдық емес активтердің амортизациясы. Материалдық емес активтердің құны оның пайдалы қызмет мерзімінің ең жақсы бағалануы кезінде жүйелі түрде есептен шығарылады. Анықтаған кезде Серіктестік келесі факторларды ескереді:
а) активті қолдануының күтілімі;
б) техникалық, технологиялық және ескірудің басқа да типтері.
Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі материалдық емес активтердің түрлеріне байланысты Серіктестіктің комиссиясымен анықталады:
- компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етудің қызметінің мерзімі пайдалы қолдану мерзімімен анықталады.
Материалдық емес активтер бойынша амортизация пайдалы қызмет ету мерзімі және бастапқы құн негізінде есептелген коэффициент бойынша есептейді. Егерде материалдық емес активтердің немесе амортизация нормасын анықтау мүмкін болмаса, онда амортизация есептелмейді.
Серіктестік материалдық емес активтер үшін келесідей пайдалы қызмет ету мерзімін қолданады:
- бағдарламаман қамтамасыз ету -6,5 жыл;
- өзге материалдық емес активтер-5 жыл.

2 кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет