пәні бойынша глоссарий
Internet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүние жүзілік желі.
Интернет деп бүкіләлемдік компьютерлік торапты айтады.
Internet Society –ISOC - Интернет қоғамдастығы
Internet Engineering Task Force – IETF - Интернет инженерлерінің жұмысшы тобы
Internet Researd Task Force – IRTF - Интернетті зерттеушілер тобы
Internet Engeneering Steering Group – IESG - Интернет инженерлерін басқару тобы
Internet Arcbitecture Board – IAB - Интернет архитектурасы Советі
Internet Network Information Center – InterNIC - Интернет желісі информациясының Орталығы
ТСР/ІР – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
ІР (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнешіе бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.
ТСР (Transmisson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Протоколдар стегі барлық ішкі сауалдарды шешкенде жалпы сауал шешіледі, оны орындауға мүмкіндік берген протоколдар жиыны
Protocol- жоғарғы деңгей протоколы 1 байттан тұрады, жоғарғы протоколдардың қайсысына деректер бөлігінде орналасқан ақпарат жататынын көрсетеді
HTTP хаттамасы (Hyper text transfer protocol – гипермәтінде берілу хаттамасы) ақпараттағы серверді кеңейту үшін қолданады.
E-mail – электрондық пошта.
FTP – бұл ком пьютерлер арасында файлдардың алмасу тәсілі.
SMTP хаттамасы (Simple Mail Transfer Protocol – поштаны берудің қарапайым хаттамасы) internet желісінің еркін түйіндері арасында хабарламалар берілуін қолдайды.
POP3 (Post Office Protocol – пошталық түйін хаттамасы, 3 нұсқасы)- электрондық поштаның клиент-бағдарламаларына пошталық серверлерге хабарламалар жіберуге/қабылдауға мүмкіндік береді.
BGCOLOR-құжаттың жалпы мәтінінің фоны түсін анықтайды, егер ол көрсетілмесе ақ түс қолданылады.
TEXT – мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса келісім бойынша қара түс қолданылған.
LINK – гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін белгілейді.
VLINK – пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады.
ALINK- гипермәтіндік сілтемені курсор көрсетіп тұрған кездегі оның түсін белгілейді.
BACKGROUND – мәтіннің фонында орналасатын суретті анықтайды, ол түсқағаз (обой) рөлін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |