Қазақстан республикасының білім


Сілтілік металдар және аммоний катиондарының сапалық реакциялары және анализ әдісі (бірінші аналитикалық топ катиондары)



бет6/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Аналитикалық хим.лаб

Сілтілік металдар және аммоний катиондарының сапалық реакциялары және анализ әдісі (бірінші аналитикалық топ катиондары)


Жұмыстың мақсаты: Сілтілік металдар және аммоний катиондарының сапалық реакцияларын және анализ әдісін игеру.
Жұмыстың міндеттері: Сілтілік металдар және аммоний катиондарының сапалық реакцияларын орындау және анализдеу брысында алынған нәтижелерді қорытындылау.
Жұмыстың барысы:
Литий катионын анықтау реакциялары
1-ші тәжірибе. 2 сынауыққа 3-4 тамшыдан LiCI ерітіндісін тамызып; біреуіне 5-6 тамшы NH3 ерітіндісін және 3-4 тамшы этил спиртін қосады. Содан соң екі сынауыққа да 3-4 тамшы NaHPO4 ерітіндісін қосу.
2-ші тәжірибе. Ұшында ілгіші бар ағаш немесе темір сапқа орнатылған хром сымын жалында әбден түсі өзгергенге дейін қыздырады. Егер жалынның түсі өзгере берсе, тұз қышқылы ерітіндісіне батырып, қашан түсі өзгермегенге дейін қыздырады. Алдын ала дайындалған LiCІ ұнтағын сымның ілгішімен іліп, жалынға ұстайды. Li+ -иондары түссіз жалынды кармин қызыл түске бояйды.
Натрий катионын анықтау реакциялары.
1-ші тәжірибе. 0,5 NaCl мл ерітіндісіне сонша KH SbO ерітіндісін қосып, шыны таяқшамен араластырады. Тұнбаның салқын, ыстық суда, қышқылда, сілтіде ерігіштігін сынайды.
2-ші тәжірибе. Зат шынысына бір тамшы NaCl ерітіндісін тамызып, құрғатып, үстіне бір тамшы мырышуранилацетатын тамызып, түзілген кристалдың пішінін микроскоппен қарайды.
Калий катионын анықтау реакциялары.
1-ші тәжірибе. Сынауыққа 1 мл KCl ерітіндісіне сонша NaHC4H4O6-ның ерітіндісін және 2-3 тамшы H3С-COONa ертіндісін қосып, шыны таяқшамен ептеп араластырыңдар. Иондар бір қалыпты таралмаса, тұнба түзбейді, түзілген тұнбаның қасиетін сынаңдар.
2-ші тәжірибе. 1 мл KCl ерітіндісіне сонша Na4[Co(NO2)6] ерітіндісін қосып, ептеп шыны таяқшамен араластырыңдар және ерітіндіні төртке бөліп,қасиеттерін сынаңдар.
3-ші тәжірибе. Ағаш немесе темір сапқа орнатылған ұшында ілгіші бар нихром сымын жалында әбден түсі өзгергенге дейін қыздырыңдар. Егер жалынның түсі өзгере берсе, қышқылы ерітіндісіне батырып, қашан түсі өзгермегенге дейін қыздырасыңдар. Алдын ала дайындалған ұнтағын платина ілгішімен іліп, жалынға ұстаңдар. Иондары ашық күлгін түске боялады. Тәжірибені калий тұздарының ерітіндісімен жасағанда құрғақ тұздарға қарағанда, жалын түсі айқын көрінбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет