Қазақстан республикасының білім



бет2/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Аналитикалық хим.лаб

Кіріспе


Жоғары оқу орындарында аналитикалық химия курсы басқа жалпы химиялық пәндермен қатар болашақ мамандардың теориялық білімін өзара байланыстыра отырып тереңдей түсуде маңызы үлкен. Себебі заттың мөлшерін тауып сапасын анықтау үшін оған тән реакцияларды және әдістерді таңдай білу, оны орындау және алынған нәтижені қорытындылау «Бейорганикалық химия» пәнінің «Ерітінділер», «Электролиттер», «Гидролиз үрдістері», «Тотығу-тотықсыздану реакциялары», «Кешендік қосылыстар» және т.с.с. бөлімдерінен, ал «Коллоидтық химия» пәнінің «Коллоидтық ерітінділер», «Дисперстік жүйелер» бөлімдерінен нақты білімді талап етеді. Осы тақырыптар бойынша жақсы теориялық білімді өзара байланыстырғанда ғана студенттер заттың мөлшерін есептеп, сапасына жақсы баға бере алады.
Ал пән бойынша дәрістерде берілген тақырыптың бағытындағы материалды бекіту үшін студенттер лабораториялық сабақтарда сәйкес талдау әдістері бойынша сапалық реакцияларды және сандық әдістерді жүргізіп, зерттеп, есептеулерді орындап және талдауы керек. Осы орайда зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары көмегін тигізері анық.
Жоғары оқу орындарының «Аналитикалық химия» курсында берілетін катиондардың бірнеше жіктеу жүйелері (сульфидтік, қышқылдық-негіздік және аммиактық-фосфаттық) бар.
Студенттерге ұсынылып отырған бұл әдістемелік нұсқауларда пәннің Типтік оқу бағдарламасына сәйкес катиондардың қышқылдық-негіздік жіктелу жүйесі келтірілген. Сондықтан да әдістемелік нұсқауда катиондардың қышқылдық-негіздік жіктелу жүйесіне сәйкес және аниондарға жүргізілетін реакциялар, жекешеленген реакциялардың әдістемелері, бөлшектік және жүйелік талдау, қоспаларды талдау әдістемелері қарастырылған.
Сандық талдауда бірнеше әдістер (гравиметрия, титриметрия, термометрия ж.т.б.) бар. Студенттерге ұсынылып отырған бұл әдістемелік нұсқауларда пәннің Типтік оқу бағдарламасына сәйкес гравиметрия, бейтараптау, тотығу-тотықсыздану, тұндыра титрлеу, кешендердің қатысында титрлеу әдістерінің кеңінен қолданылатын зертханалық тәжірибелері, алынған мәліметтерді өңдеу үшін пайдаланылатын өрнектер келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет