Қазақстан республикасының білім


Бірінші, екінші және үшінші аналитикалық топтардың катиондарының қоспасын анализдеу (бақылау жұмысы)



бет8/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Аналитикалық хим.лаб

Бірінші, екінші және үшінші аналитикалық топтардың катиондарының қоспасын анализдеу (бақылау жұмысы)


Жұмыстың мақсаты: І-ІІІ-ші аналитикалық топтардың катиондарының қоспасын жүйелік анализдеу барысында зерттеу.
Жұмыстың міндеттері: а) І-ІІІ-ші аналитикалық топ катиондарының құрамы белгілі қоспасын берілген сызба бойынша талдауды орындап жаттығу; ә) құрамы белгісіз қоспаны талдау және нәтижелерді қорытындылау.


Жұмыстың барысы: І-ІІІ-ші аналитикалық топтардың катиондарының қоспасын жүйелік анализдеу барысында зерттеуге берілген қоспада Na+, K+, Ag+, Pb2+, Ba2+, Ca2+ иондары бар деген болжам жасалады. Осы жағдайда жүйелік талдау келесі сызба бойынша жүргізіледі.
1.Қоспаның рН-нің мәнін анықтау.
2.Ерітіндінің 5-6 тамшысынан NН4+ иондарының бар-жоғын анықтау.
3.І-ші топ катиондарын басқалардан бөлу үшін қоспаға тұнба түзілу тоқтағанша НСІ-ның 2 н ерітіндісін қосып, сүзгіден өткізу. № 1-ші тұнбада тұз қышқылы тобының катиондары; № 1-ші сүзіндіде (ерітіндіде немесе фильтратта) сілтілік металдар катиондары, NН4+ иондары және күкірт қышқылы тобының катиондары болады.
4.Тұнбаны 1-2 рет дистильденген сумен шайып, Ag+, Hg22+, Pb2+ иондарын ІІ-ші топ катиондарын анықтау бойынша табады.
5.PbCl2-нің ерігіштігі төмен болғандықтан (0,04 г-ион/л), аздаған мөлшері сүзіндіге өтеді де, Pb2+-иондары Ва2+ -иондарын анықтауды қиындатады. Ол үшін № 1-ші сүзіндіге КІ-нің ерітіндісін Pb2+ -иондары тұнбаға толық түскенше қосып, сүзгіден өткізеді. № 2-ші сүзіндіде – Pb2+-иондарының жоқтығын байқағаннан соң, № 2-ші тұнбаны тастайды, сүзіндіден күкірт қышқылы тобы катиондарын бөледі.
6.ІІ-ші топ катиондарын бөлгенде № 2-ші сүзіндіге толық тұнба түзгенше Н24–ның 2 н ерітіндісін қосып, сүзгіден өткізеді. № 3-ші сүзіндіде Ва2+, Са2+ иондарының жоқтығын байқайды.
7.№ 3-ші тұнбадан Ва2+, Са2+ иондарын ІІІ топ катиондарын анықтау бойынша табады.
8.№ 3-ші сүзіндіден Na+, K+, NН4+ иондарын І-ші топ катиондарын анықтау бойынша табады.


Студенттердің жұмысты орындауға дайындығын тексеруге арналған сұрақтар:
1.Ерігіштік көбейтиіндісі. Тұнбаның түзілу шарттары.
2.Катиондардың қышқылдық-негіздік жіктелуі.
3.І-ІІІ аналитикалық топ катиондарының Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны.
4.І-ІІІ аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары.
5.І-ІІІ аналитикалық топ катиондарының жүйелік анализі.
№ 6-шы лабораториялық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет