Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Концессиялық жобаларды іске асыру



бет23/28
Дата29.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#30341
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

158-бап. Концессиялық жобаларды іске асыру

1. Концессиялық жобалар «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес концессия шартының негізінде іске асырылады.

2. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін концессия объектілерін құру (реконструкциялау) және оларды кейіннен пайдалану кезеңінде тиісті саланың орталық уәкілетті органы жүзеге асырады.

3. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Концессиялық жобалардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.

 

2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 158-1-баппен толықтырылды



158-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде іске асырылады.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін шарттық қатынастарды орындау кезеңінде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.



Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады.

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргiзу тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

159-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру



1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды  



1-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялар белгіленген тәртіппен бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемелерге сәйкес іске асырылады.

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншiлес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге ақша аудару бағалы қағаздар нарығын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның тиiстi куәлiгiмен расталатын жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарды) шығару мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

Квазимемлекеттік сектор субъектісінің еншілес, тәуелді және өзімен үлестес ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға жарияланған акцияларды (бағалы қағаздарды) төлеуге ақша аударуы республикалық бюжет туралы заңда не мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде тиісті қаржы жылына көзделген ақша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджеттік инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын инвестициялардың мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

 



2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бөлім жаңа редакцияда

9-бөлім. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер

 

32-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер

 

160-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер:

1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi;

2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi болып бөлiнедi.

3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындау республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

4. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындау жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар бiр-бiрiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер толық төленген кезде орындалды деп есептеледi.

Мемлекеттік әріптес не концедент жекеше әріптес не концессионер мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартын тиiсiнше орындамаған жағдайда, жекеше әріптестің не концессионердiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартында қамтылған, қабылданған мiндеттемелердi орындауын бағалау өлшемшарттары негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердің көлемiн азайтуды жүргiзедi.

7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiтедi.

 

161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi есепке алу және олардың мониторингi



1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ол белгiлеген тәртiппен тiркеуге және есепке алуға жатады.

2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.

3. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердiң мониторингi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

162-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы және орындауы



1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауы:

1) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесiн қалыптастыру;

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн белгiлеу;

3) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиісінше әрбiр жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимитпен шектеледi.

4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын мемлекеттік әріптес не концедент республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

 

 



33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері

 

163-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы

1. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы:

1) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру;

2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн белгiлеу;

3) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган тиісінше әрбiр жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.

 

164-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауын шектеу



1. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң белгiленген лимитiмен шектеледi.

2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық кезеңге белгiлейдi.

 

165-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауы



Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын мемлекеттік әріптес не концедент жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырады.

 

 



10-бөлім. Гранттар

 

34-тарау. Байланыссыз және байланысты гранттар туралы жалпы ережелер

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 166-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

166-бап. Байланыссыз гранттар

Байланыссыз гранттарды тарту, пайдалану, мониторингілеу және пайдаланылуын бағалау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

167-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау



1. Орталық мемлекеттік органдардың донорлардың өтеусіз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстарына негізделген байланысты гранттар тартуға өтінімдер қалыптастыру, ұсыным жасау және іріктеу жөніндегі қызметі байланысты гранттарды жоспарлау болып табылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



2. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді орталық мемлекеттік органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтінімдерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерге ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы қоса беріледі.

3. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді іріктеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:

1) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкестігі;

2) байланысты грантты тартуға арналған өтінімнің донорлардың байланысты гранттарды беру саясатына сәйкестігі негізінде жүзеге асырады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Байланысты гранттарды тартуға арналған іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді.

 

168-бап. Байланысты гранттарды тарту



1. Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесінің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган донорларға байланысты гранттар беруге арналған өтінімдер жібереді.

2. Байланысты гранттар беруге арналған өтінімдерді толтыруды донорлар белгілеген нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның сұрау салуы негізінде тиісті орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдар жүзеге асырады.



Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісіп алмай донорларға өтініш жасауға тыйым салынады.

3. Байланысты грантты тартуға өтінімді донор мақұлдаған жағдайда, оны тартудың орындылығын тиісті бюджет комиссиялары айқындайды.



Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесін қалыптастырады және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді, сондай-ақ оны жергілікті атқарушы органдарға тиісті бюджет комиссияларының қарауына өтінімдер енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін жібереді.

4. Байланысты грант туралы келісім республикалық немесе жергілікті бюджеттер бекітілгеннен кейін жасалады.

 

 

35-тарау. Байланысты гранттарды пайдалану



 

169-бап. Байланысты гранттарды пайдалану

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар-гранттарды алушылар байланысты гранттарды пайдалануды жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар:

1) байланысты грант туралы келісімде көзделген өздеріне қабылдаған міндеттемелерді уақтылы орындауға;

2) алынған байланысты гранттардың нысаналы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

3) байланысты гранттардың есебінен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың балансқа қойылуын қамтамасыз етуге;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) гранттардың есебінен сатып алынатын тауарлар импорты кезінде кедендік декларациялауды уақтылы жүзеге асыруға;

5) ай сайын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға байланысты гранттарды пайдалану туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар - байланысты гранттарды алушылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттар бойынша - сонымен қатар ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органға донордың уәкілетті өкілі және өтінімі бойынша байланысты грантты тарту жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың бірінші басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкілікті есепті ұсынады.

 

170-бап. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі және бағалау



1. Байланысты гранттарды пайдалану мониторингі:

1) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпарат жинауын және оны өңдеуін;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептерді мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда - ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынуын көздейді.

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



2. Есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда - ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

3. Байланысты гранттарды пайдалануды бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды пайдалану мониторингінің негізінде жүзеге асырады және:



байланысты гранттарды тартудың орындылығын бағалауды;

байланысты гранттарды пайдаланудың жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыруды, сондай-ақ олардың республика мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етуін талдауды;

байланысты гранттарды пайдалануға әсер еткен әртүрлі сыртқы факторларды бағалауды және талдауды көздейді.

4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды бағалау нәтижелеріне негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті қалыптастырады және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.

 

 

11-бөлім. Бюджеттік кредиттеу



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет