127-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.
2. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептен;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргiзiлген бюджеттiк мониторинг және оның нәтижелерiн бағалау негiзiнде республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;
Республикалық бюджеттік бағдарламаларды орындау туралы талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлігінде жасалады.
5) тармақшаға енгізілетін өзгерістерді қараңыз - 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңы (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) түсіндірме жазбадан тұрады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылады (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Түсіндірме жазба елдегі экономикалық ахуал және республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ұсынады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ағымдағы жылғы 15 мамырдан кешіктірмей өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне талқылау мен бекіту және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін ұсынады.
5. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
128-бап. Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау және бекіту
1. Қазақстан Республикасының Парламенті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебін өз кезегімен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында - алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта талқылайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылаған кезде Қазақстан Республикасының Парламенті:
Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған қосымша баяндамаларын тыңдайды.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы баяндамаларын тыңдайды.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатында талқыланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында бекітіледі.
129-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылы үшін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2. Есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;
3) түсіндірме жазбадан тұрады.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылады (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпараттан тұрады.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге:
1) ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;
2) ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынады.
130-бап. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мәслихат өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің жылдық есебін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін бір айдың ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:
әкімдік уәкілеттік берген адамдардың облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндамасын;
әкімдік уәкілеттік берген адамның облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдайды.
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын;
3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
131-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылы үшін аудан (облыстың маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2. Есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есептен;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;
3) түсіндірме жазбадан тұрады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізеді.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге:
1) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей құрамына тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;
2) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.
132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін облыстың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:
әкімдік уәкілеттік берген адамның аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын;
облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын;
әкімдік уәкілеттік берген адамның ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдайды;
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы туралы жылдық есеп
133-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі.
Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса алғанда, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер болуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен бас бухгалтері қол қояды.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасаудың нысандары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бекітеді.
134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті ұсыну және бекіту
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, жыл сайын ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткеннен кейін оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
7-бөлім. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8-бөлім жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда
Достарыңызбен бөлісу: |