Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының құзыреті



бет20/26
Дата29.02.2016
өлшемі1.45 Mb.
#30340
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

142-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының құзыреті

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы:

1) жергілікті бюджеттің атқарылуын бағалауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес жүзеге асырады;

2) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады;

3) бақылау объектілерінің есепке алу және есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;

5) жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, байланысты гранттар, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары, мемлекет активтері түрінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген қаражатты пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

6) мәслихатқа белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады;

7) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер, кредиттер және қарыздар түрінде бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат беруге құқылы;

8) 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының қамтамасыз етілуін, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтарудың және (немесе) есепке жатқызудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;



2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) сәйкес шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін бақылауды жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін лауазымды адамдардың сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділікті бақылау нәтижелері бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;

11) мемлекеттік органдардан, бақылау объектілерінен, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектісіне қатысты ақпаратты сұратады және алады;

12) бақылау объектілері лауазымды адамдарының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша есептерін тыңдайды;

13) бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын, сондай-ақ қажет болғанда жергілікті бюджеттен олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды тартады;

14) бақылау объектісінен құжаттандыру және сақтандыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бақылау қорытындысын растайтын тиісті материалдарды (дәлелдемелерді) кедергісіз алады;

15) бақылау және талдамалық іс-шаралар барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтарды болғызбау жөнінде шаралар қабылдайды;

16) жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер, кредиттер және қарыздар түрінде бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану мәселелері бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бақылау іс-шараларына қатысуға құқылы;

17) жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік органдарға және мемлекеттік қаржылық бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг пен бақылау жүргізеді;

18) лауазымды адамдардың кінәсінен болған бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға осы лауазымды адамдардың атқарып отырған лауазымдарға сәйкестігі туралы ұсыныстар енгізуге құқылы;

19) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган жергілікті бюджеттің атқарылуы бөлігінде жүргізген бақылау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді сұратуға құқылы;



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

20-1) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның өкілеттіктеріне қатысты 143-бапта көзделген нормалар 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болды



2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 143-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

143-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган:

1) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

2) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) объектілерді концессияға беру, бюджеттік кредиттерді, мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылауды, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтық емес түсімдерді енгізудің толықтығы мен уақтылылығына қатысты мәселелер жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

6) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаның қалыптастырылуы мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалануының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды



6-2) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда айқындалатын шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін бақылауды жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

8) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

9) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінен қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады;

10) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады;

11) бақылауды жүргізуге мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын және қажет болғанда осы мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде олардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тартады;

12) ішкі бақылау қызметтерінің мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) жүргізілген бақылау іс-шаралары мен олар бойынша қолданылған шаралар жөнінде ішкі бақылау қызметтерінен есептер мен ақпарат алуға құқылы;

13) ішкі бақылау қызметтеріне әдістемелік көмекті жүзеге асырады, олардың қызметін үйлестіреді, ішкі бақылау қызметтері қызметкерлерін даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

14) ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері үшін үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау іс-шараларының, оның ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептер береді;

16) бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомасын бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында сотқа талаптар жібереді;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

144-бап. Ішкі бақылау қызметтері



1. Ішкі бақылау қызметі:

1) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүргізеді, мемлекеттік органның бірінші басшысына оны жақсарту жөнінде ұсынымдар береді;

3) мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асырады;

4) мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды, нәтижелерді бағалауды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

7) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

8) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратады және белгіленген мерзімде алады;

9) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады;



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1) ішкі бақылау объектісіне ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды енгізеді;



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9-2) мемлекеттік органның басшысына ішкі бақылау нәтижелері туралы есепті және ұсыну жобасын енгізеді;



2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды

9-3) жүргізілген бақылау іс-шаралары мен олар бойынша қолданылған шаралар жөніндегі есептер мен ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға жібереді;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды

9-4) объектіге бару құқығымен нысаналы даму трансферттерін іске асыруды қоса алғанда, бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

10) 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Ішкі бақылау қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерге ұйымдық жағынан тәуелсіз, мемлекеттік органның бірінші басшысына ғана бағынысты болады және оған есеп береді.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарда, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

Аудандардың (облыстық бар маңызы қалалардың) атқарушы органдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізген кезде облыстық деңгейдегі ішкі бақылау қызметі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізілген ауданның (облыстық бар маңызы қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органның бірінші басшысына бақылау нәтижелері туралы есепті және ұсыну жобасын табыс етеді.

 

145-бап. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылы



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бақылау жүргізу мақсатында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мерзімдерде жоспарлар туралы, олар бекітілгенге дейін және жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісім бойынша бірлескен қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бақылауды жүргізеді.

3. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау актілері мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келген кезде бақылау нәтижелерін өзара таниды.

2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларынан мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты сұратуға құқылы.

2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне мемлекеттік бағдарламаларды бірлескен (қосарлас) бақылауды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізуі мүмкін.

2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды

4-2. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өз қызметін үйлестіру мақсатында сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласында құқық қолдану практикасын, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы мәселелерін қарау үшін Үйлестіру кеңесін құрады.

Үйлестіру кеңесін құру және оның қызметін ұйымдастыру тәртібін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.

2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды



4-3. Бақылау іс-шараларын жоспарлауға бірыңғай ұстанымды қамтамасыз ету үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін әзірлейді және бекітеді, ол сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылады.

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайларда, мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдарға береді.

6. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары кешенді бақылауды екі жылда бір рет жүргізеді.

 

 

29-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізудің негіздері



 

146-бап. Бақылау объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері

1. Бақылау объектісінің басшысы:

1) бақылаудың мақсатын, уақытын, ұзақтығын, оның нәтижелерін, тұжырымдары мен ұсынымдарын білуге;

2) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тиісті құжатын ұсынбаған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін бақылауға жібермеуге;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда он күн мерзімде мемлекеттік қаржылық бақылау органына бақылау актісіне қарсылық (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды) жіберуге;

4) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысында жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауға байланысты тиісті есеп беруге;

5) бақылауды жүзеге асырған мемлекеттік қаржылық бақылау органының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым беруге құқылы.

2. Бақылау объектісінің басшысы:

1) мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;

2) мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерін бақылауды жүзеге асыру үшін сұратылып отырған бүкіл қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге, оның анықтығы, объективтілігі мен толықтығы үшін дербес жауапкершілікте болуға;

3) мемлекеттік қаржылық бақылау органы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне араласпауға, бақылау жүргізуге кедергі келтірмеуге және оның ауқымын шектемеуге;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) бақылау актісін (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны) жүргізілген бақылау нәтижелерімен танысуға берген күннен бастап үш күн мерзімде белгіленген тәртіппен бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қоюға құқылы. Нәтижелермен келіспеген жағдайда, бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қарсылықтың болуы туралы ескертпемен қол қойылады. Бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қарсылық білдіру осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында айқындалған мерзімде ұсынылады;

5) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қаулысында және ұсынысында көрсетілген кемшіліктерді толық жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақтылы табыс етіп отыруға;

6) түсімдерді бюджетке енгізуді, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өндіріп алуды не оларды есеп бойынша қалпына келтіруді, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге міндетті.

 

147-бап. Бақылау нәтижелері туралы есептілік



1. Бақылау объектісінің белгіленген тәртіппен қаралмаған қарсылықтары бар бақылау материалдарын есептілікке қосуға жол берілмейді.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелері туралы есептілікке енгізілетін ақпараттың анықтығы үшін жауапты болады.

 

148-бап. Мүдделер қақтығысы



1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының объективтілігі мен тәуелсіздігін шектеуге қабілетті қызмет немесе қатынастар мүдделер қақтығысы болып танылады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының:

1) бақылау объектісі басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенім білдірілген адамы болып табылатын;

2) бақылау объектісінің онда жеке мүліктік мүдделері бар қызметкерлері, қатысушылары, лауазымды адамдары арасынан;

3) бақылау объектісінде жұмыс істеген не тексерілетін кезеңде бақылау объектісі басшысының, жауапты хатшысының немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының немесе қатысушысының жақын туысы, жекжаты немесе сенім білдірілген адамы болып табылатын қызметкерлеріне бақылау жүргізуге тыйым салынады.

2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері бұл туралы бақылауды тағайындаған басшыларға жазбаша хабарлауға тиіс. Мүдделер қақтығысы ахуалының туындағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкеріне жүктеледі.

 

149-бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, бақылау объектілері лауазымды адамдарының жауапкершілігі



1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері бақылау актілерінде жазылған мәліметтердің анықтығы, объективтілігі мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыреттеріне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауына, бақылау жүргізу үшін жіберуге бас тарту, қажетті құжаттарды, материалдарды, қызмет туралы ақпаратты және өзге де мәліметтерді беруден бас тарту, анық емес ақпарат беру түріндегі кедергі келтіру, бақылауды жүзеге асыруға өзге де кедергі жасау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы актілерді орындамау немесе тиісінше орындамау бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығына әкеп соқтырады.

3. Қызметті жүзеге асыру процесінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

150-бап. Дауларды шешу



Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының, бақылау объектілерінің іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалына алады.

 

 



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8-бөлім жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет