Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет4/4
Дата17.07.2016
өлшемі452 Kb.
#205161
1   2   3   4

4 - Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тіс протездерін нешеге бөлуге болады?

  2. Протездің түрлері қалай аталады?

  3. Алмалы-салмалы протез қандай жағдайда салынады?

  4. Алынбайтын протез қандай жағдайда салынады?

  5. Алынбайтын протездер неден жасалады?

  6. Алмалы-салмалы протездер неден жасалады?

  7. Олар қалай бекітіледі?

  8. Бюгельді протездер қандай пациентке қойылады?

  9. Дәрігер протез түрін анықтаған соң не істейді?

  10. Протезді неше жылда ауыстыру керек?

5 - Тапсырма

Төменде берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аудараңыз.

1. С помощью несъемных протезов функция жевания восстанавливается на 80-100%. 2. Срок годности несъемных протезов значительно дольше. 3. Зубы играют важную роль в произношении звуков. 4. Вам необходимо сделать съемный протез. 5. Из какого металла сделать вам коронки? 6. Зубы важны для красоты лица.



6 - Тапсырма

Төменде берілген сұрақтарға пациенттің атынан тиісті жауабын беріңіз.

  1. - Не себеппен келдіңіз?

- …

  1. - Тісіңізді қашан жүлғыздыңыз?

- …

  1. - Қалған тістеріңіз ауырмайды ма?

- …

  1. - Сіз протезді қандай материалдан салғызғыңыз келеді?

- …

  1. - Мына протезіңізді неше жыл пайдаландыңыз?

- …

  1. - Протезге тез үйрендіңіз бе?


СТОМАТОЛОГИЯДАҒА ДЕОНТОЛОГИЯ (ПАРЫЗТАНУ) ҚАҒИДАЛАРЫ
1 – Тапсырма

«Стоматологиядаға деонтология (парызтану) қағидалары» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

қорғау-защищать

саты-ступень

селқос-халатный

бүтін-целый

асығыс қимыл-поспешные движения

алаңдау-отвлекаться

ұмытшақтық-забывчивость; рассеянность

орынсыз ескертулер-неосновательные замечания

ойланбай айтылған сөз-необдуманное слово

қорытынды-заключение

айқай-крик; шум

қасиет-качество; свойство

ұрсу-ругаться

мүлдем-совсем; вообще

деңгей-уровень

маңыз-значение

тәжірибе-опыт

сезім-чувство

кесіп тілу-иссечение

сену-верить

сыпайы-вежливый

қарағанда-по сравнению
2 - Тапсырма

Мәтін бойынша берілген төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Дерттің түрі, дерттің түрі емес, науқас адамды емдеу, ұмытпау керек, бүтін ағза, ағзаның бір бөлігі, науқастың психикасын қорғау, емдеудің барлық сатысы, науқасқа селқос қарау, басқа затқа алаңдау, қарым-қатынасты бұзу, дәрігер жағынан, мүлдем болмау керек, емдеу кабинеттері, санитарлық тазалық, кезек күтетін бөлме, жылы сөз, әр уақытта, дәрігердің жылы сөзі, бұрыннан белгілі, студенттік жылдардан, студенттік жылдардан жинау.


3 - Тапсырма

Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Оқу жылдамдығынызға, ерекше дыбыстардың айтылуына көңіл бөліңіз.
Стоматолог әрқашан дерттің түрін емес, науқас адамды емдеп отырғанын ұмытпауы қажет. Өйткені ауыз қуысы бүтін ағзаның бір бөлігі. Науқастың психикасын қорғау емдеудің барлық сатысында жүргізілуі тиіс. Дәрігердің науқасқа селқос қарауы, асығыс қимылы, науқасты қарап жатып басқа затқа алаңдауы, ұмытшақтығы, орынсыз ескертулері, ойланбай айтылған қорытындылары - оның науқаспен арасындағы қарым-қатынасты бұзады. Яғни, дәрігер жағынан ешқандай айқай, қызметкерлермен, науқастармен ұрсу деген мүлдем болмау керек.

Емдеу кабинеттерінің санитарлық тазалығы жоғары деңгейде болуы тиіс. Науқастар кезек күтетін бөлмеде де дұрыс жағдай жасалуы қажет. Әсіресе, жылы сөздің тіс жұлу, іріңі бар қабынған жерлерді кесіп тілу кезінде маңызы зор. Дәрігердің өз ісін жақсы білетіндігіне науқас сену керек. Дәрігерге тәжірибе мен білім әр уақытта аз, онымен бірге онда сезім мен өз мамандығына деген үлкен махаббат болу қажет. Көптеген дәрілерге қарағанда дәрігердің жылы сөзі мен сыпайы күлкісі ем екені бұрыннан белгілі. Сондықтан мұндай қасиеттерді студенттік жылдардан жинақтау қажет.


4 - Тапсырма

Оң жақтағы етістіктермен сол бағанадағы керекті сөздерден сұрақ арқылы сөз тіркесін құраңыз.

науқасқа ұмытпау (нені?)

іріңді жинақтау (нелерді?)

дәрігерге кесіп тілу (нені?)

қарым-қатынасты ұрсу (кіммен?)

науқасты бұзу (нені?)

қызметкерлермен селқос қарау (кімге?)

жақсы қисиеттерді сену (кімге?)


5 - Тапсырма

Стоматолог емделуге келген пациентті қалай қарсы алады, қайда отырғызады, пациентке қандай сөздер айтып, сұрақтар қояды? Бұл сөздер сіз бен пациенттің арасына жылылық, жақындық беретінін ұмытпаңыз. Кәне, қандай сөздерден бастайсыз?

6 - Тапсырма

Мәтіннен науқас пен дәрігер қатынасын бұзатын себептер туралы жазылған абзацты тауып алып, дәптеріңізге көшіріп жазып алыңыз.

Бақылауға арналған тест сұрақтары
1.Тістер пішініне қарай қалай бөлінеді

А) Тістің барлық саны 32

Б) Тіс сауыты

В) Бір түбірлі тіс

Г) Тұрақты тістер

Д) Күрек тіс

2.Жұп -

А) ткань


Б) пара

В) иголка

Г) нитка

Д) пятно


3.Тістің соңғы жұбы қалай аталады

А) сүт тістер

Б) күрек тіс

В) ит тіс

Г) асыл тіс

Д) ақыл тіс

4.Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігін не деп атайды

А) тіс денесі

Б) тіс қуысы

В) тіс сауыты

Г) тіс сияқты

Д) дентин

5.Корень зуба -

А) тістің тамыры

Б) тістің талшығы

В) тістің асты

Г) тістің мойны

Д) тістің түбірі

6.«На кость» септік жалғау

А) ке


Б) ті

В) тен


Г) те

Д) пен


7.Строение зуба -

А) тістің пішіні

Б) тістің көлемі

В) тістің құрамы

Г) тістің құрылысы

Д) тістің бұзылуы

8.Моляры -

А) үлкен азық тістер

Б) кіші езу тістер

В) күрек тістер

Г) ит тістер

Д) үлкен азу тістер

9.Тістер қайда орналасқан?

А) жұп сүйекте

Б) жан сүйекте

В) жақ сүйекте

Г) жеке сүйекте

Д) жөн сүйекте

10.«Его чувствительность» тәуелдік жалғау

А) і


Б) ы

В) сы


Г) сі

Д) пын


11.Қай сөздің аудармасы қатаң дауыссыздан басталады?

А) выявляться

Б) во все стороны

В) чувствительность

Г) расшататься

Д) приутихнуть

12.Тістің іші қандай болады?

А) тегіс


Б) күлгін

В) тығыз


Г) қуыс

Д) ұлпа


13.Питательные вещества -

А) қасиетті заттар

Б) пайдалы заттар

В) қоректік заттар

Г) табанды заттар

Д) барлық жауап дұрыс емес

14.Тістің беріктігін не арттырады?

А) Ауызды сумен жақсылап шаю керек

Б) Құрамында дәрумені мол тағамдармен тамақтану

В) Түйреуіш пен ине

Г) Жасуша

Д) Ішкі секреция бездері

15.Табыс септікте тұрған сөзді табыңыз

А) булавку

Б) в булавке

В) из булавки

Г) за булавкой

Д) с булавкой

16.«Қалай» деген сұраққа жауап беретін сөзді табыңыз

А) ине


Б) айналасы

В) тігінен

Г) бұзылу

Д) ерітінді

17.Тіс тасы неден пайда болады?

А) тіс мойны жалаңаштанады

Б) тістегі химиялық құрамдардың бұзылуы

В) тамақты дұрыс шайнамау

Г) тіс жұлу кезінде ұяшыққа инфекция түсуінен

Д) тістердің дұрыс орналаспауы

18.Вокруг зуба -

А) тістің жаны

Б) тістің арасы

В) тістің шеті

Г) тістің айналасы

Д) тістің бұзылуы

19.Раздражать -

А) қоздыру

Б) тағайындау

В) ашулану

Г) таралу

Д) тітіркендіру

20.Возможно вытеснит -

А) ығыстырмақ

Б) ығыстырар

В) ығыстырған

Г) ығыстырады

Д) ығыстырмас

21.Түсті білдіретін сөзді табыңыз

А) ересек

Б) көлденең

В) күлгін

Г) улы

Д) егде


22.«Әуелі» деген сөз қандай сұраққа жауап береді

А) қанша


Б) неге

В) қайда


Г) қашан

Д) қандай

23.Зуд -

А) қысу


Б ) қосу

В) қашу


Г) көшу

Д) қышу


24.«Анда-санда» сөзінің антонимі

А) кейде


Б) ылғи

В) күні-түні

Г) енді

Д) қазір


25.Тіс қанамау үшін не істеу керек?

А) қуысына пломба салу

Б) ауыру сезімін басу керек

В) тіс тасын алғызу керек

Г) тісті жұлу керек

Д) тісті тігінен тазалау керек

26.Кровообращение зубной ткани -

А) тіс матасының қан жүруі

Б) тіс ұлпасының асқынуы

В) тіндердің қан құйылуы

Г) тіндердің қан айналысы

Д) тіс мойынының жалаңаштануы

27.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз: «Қызыл иекті .... »

А) түсу


Б) нығайту

В) қою


Г) түзілу

Д) ұмыту


28.Кариесті қазақтар қалай атайды?

А) тіс шіру

Б) тіс құрты

В) тіс ауру

Г) тіс тасы

Д) тіс ұлпасы

29.Тіс жегі неден пайда болады?

А) Тіс жегі тістердің бір-бірімен түйісетін жерінде болады

Б) Тіс жегінің салдарынан эмаль бүлінеді

В) Тістің бетіне қоңыр дақ түседі

Г) Тісті жұлып тастау керек

Д) Тістің химиялық құрамының бұзылуынан

30.Пульпит деген не?

А) Тісті қоршаған тіндердің ауруы

Б) Тіс ұяшығының қабынуы

В) Тіс ұлпасының қабынуы

Г) Тіс құрты

Д) Ауыздың шырышты қабығының қабынуы

31.Аурудың сипаттамасына жатады

А) айқайлап

Б) жалаңаштанып

В) бұзылып

Г) ығыстырып

Д) солқылдап

32.Осложнение -

А) әлсіреу

Б) бұзылу

В) қабыну

Г) асқыну

Д) ентігу

33.Удалить зуб -

А) тісті шаю

Б) тісті жабу

В) тісті жұлу

Г) тісті күту

Д) тісті жұму

34.Сұраққа жауап беріңіз: «Тісіңіз қалай ауырады?»

А) Астыңғы азу тісім ауырады

Б) Тісім ыстықтан ауырады

В) Солқылдап ауырады

Г) Күндіз-түні ауырады

Д) 2-3 күннен бері

35.Сұраққа жауап беріңіз: «Қай жеріңіз ауырады?»

А) Тісім ыстықтан ауырады

Б) Солқылдап ауырады

В) Күндіз-түні ауырады

Г) Менің мына тісім ауырады

Д) 2-3 күннен бері

36.«Егде» сөзінің антонимі

А) кәрі


Б) кейде

В) самай


Г) жас

Д) кәрі


37.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз: « ... ауыру сезімі күшейеді»

А) іріңді

Б) тіс шөгінділері

В) жай тұрғанда

Г) зардап шегу

Д) қан айналысы

38.Сұраққа жауап беріңіз: Альвеолит дегеніміз не?

А) бадамша бездерінің ауруы

Б) қатерлі ісік

В) тіс ұлпасының қабынуы

Г) тістердің дұрыс орналаспауы

Д) тіс ұяшығының қабынуы

39.Раствор -

А) еріткіш

Б) ерігіш

В) ерітінді

Г) сұйық дәрі

Д) ұяшық


40.Сұраққа жауап беріңіз: «Дәріні қашан ішесіз?»

А) 345 теңге

Б) күндіз

В) 2 рет

Г) дәріханада

Д) фурацилин

41.Стоматиттің пайда болу себебі қандай?

А) тіс жұлудан

Б) тітіркенуден

В) тістің түбі ашылу

Г) қызыл иек қалтасы түзілу

Д) тістің химиялық құрамының бұзылуы

42.Сөйлемді жалғастырыңыз: « Ақыл тіс - ..... »

А) ең ақылды тіс

Б) өте мықты тіс

В) ең түбірі көп тіс

Г) ең шіріген тіс

Д) ең шеткі тіс

43.Препятствие -

А) көмек


Б) шет

В) күбіртке

Г) кедергі

Д) қабырға

44.Припухание желез -

А) без шомылу

Б) без шаншу

В) без қиналу

Г) без шашу

Д) без шошыну

45.Дистопия деген не?

А) Тіс жартылай шығады

Б) Тіс толық шығады

В) Сүт тістердің бұзылуы

Г) Тіс ұртқа қарай шығады

Д) Тіс жұлу операциясы

46.Тіс протездерінің түріне жатады

А) аудармалы

Б) салынбайтын

В) кішігірім

Г) алынбайтын

Д) жоғары сапалы

47.Боковые зубы -

А) ақыл тістер

Б) қаптал тістер

В) алдыңғы тістер

Г) үлкен азу тістер

Д) қатар тұрған тістер

48.Барыс септіктің жалғауы қосылатын сөзді табыңыз

А) Қолың... жұмыс істе

Б) Әкең... бар

В) Біз... қаламыз

Г) Оңтүстік... жылы болады

Д) Тілің... ұмытпа

49.Туыстық қатынасты білдіретін сөз

А) достар

Б) бастық

В) жігіт


Г) сіңілі

Д) кісі


50.«Организм» сөзінің аудармасына Шығыс септіктің жалғауын қосыңыз

А) нан


Б) да

В) дан


Г) тен

Д) мен


51.Қаңқа дегеніміз не?

А) Жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамыр

Б) Бадамша бездің қабынуы

В) Әрбір мүше белгілі қызмет атқарады

Г) Денедегі сүйектерден құралған мықты тірек

Д) Сүйектерге бұлшық еттер бекиді

52.Ұяң дауыссыздарды табыңыз

А) р, л, м

Б) ғ, б, д

В) ә, ө, і

Г) к, қ , с

Д) з, с, ж

53.Жіңішке дауыстыларды табыңыз

А) ү, у, ы

Б) е, і, ө

В) а, е, у

Г) ә, ұ, і

Д) ө, і, ұ

54.Дене мүшесіне жатады

А) тірек


Б) ағза

В) көбелек

Г) былтыр

Д) сан


55.«Мой подбородок» тәуелдік жалғау

А) пін


Б) ым

В) ім


Г) м

Д) мын


56.Қай сөздің аудармасы қатан дауыссыздан басталады?

А) таз


Б) спина

В) ключица

Г) плечо

Д) бедро


57.В витаминінің қасиеті қандай?

А) көздің көргіштігін жақсартады

Б) нанда, жемістерде, ашытқыда болады

В) дәріханаларда сатылады

Г) рецепсіз беріледі

Д) бұлшық ет жұмысына әсер етеді

58.Привычка -

А) әдіс


Б) әдеп

В) әдет


Г) әріп

Д) әлем


59.Нақ осы шақты табыңыз

А) Я кушаю три раза в день

Б) Я кушаю

В) Я покушала

Г) Я собираюсь кушать

Д) Я обычно кушаю в кафе

60.Он идет (сюда) -

А) келіп жүр

Б) бара жатыр

В) келе жүр

Г) келе жатыр

Д) бара жүр

61.Ауыспалы осы шақты табыңыз

А) Сәуле ертең барады

Б) Сәуле балабақшаға барады

В) Сен бүгін маған келесің бе

Г) Мен дәрігер боламын

Д) Биыл жұмысқа шығамын

62.Ты куда идешь? -

А) Сен қайда бардың?

Б) Сен қайда барасың?

В) Сен қайда бармақсың?

Г) Сен қайда бара жатырсың?

Д) Сен қайда баратынсың?


Тест сұрақтарының жауаптары
1д, 2б, 3д, 4в, 5д, 6а, 7г, 8а, 9в, 10б, 11в, 12г, 13в, 14б, 15а, 16в, 17д, 18г, 19д, 20б, 21в, 22г, 23д, 24б, 25в, 26г, 27б, 28б, 29д, 30в, 31д, 32г, 33в, 34в, 35г, 36г, 37в, 38д, 39в, 40б, 41б, 42д, 43г, 44д, 45г, 46г, 47б, 48б, 49г, 50в, 51г, 52б, 53б, 54д, 55в, 56д, 57д, 58в, 59б, 60г, 61б, 62г.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Казахский язык для всех. – Алматы: Атамұра, 2004.

  2. Доскеев Б.Ж. Қазақ тілі. – Медициналық оқу орындарына арналған. – Алматы: Қайнар, 2004.

  3. Құлмағанбетова Б., Елемесова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. – Алматы: Рауан, 2004.

  4. Франк В. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік-тақырыптық сөздік /Русско-казахско-английский предметно-тематический словарь/ Справочное пособие. – Алматы: Рауан, 2000.

  5. Уалиева Ж.С. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. – Қарағанды: Учебная книга, 2005.

  6. Түймебаев Ж.Қ. Қазақ тілі. Грамматикалық анықтағыш. – Алматы, 1991.

  7. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 2006.

  8. Аманжолов Қ. Өлеңдер мен поэмалар. І том. – Алматы: ТОО Тенгер, 2001.

  9. Жұмабаев М. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2002.

  10. Ресми іс қағаздар. – Астана, 2006.

  11. Махмұдов Х., Мұсабаев Ғ. Қазақша-орысша сөздік. – Алматы: Өнер, 2001.

  12. Бектуров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. – Алматы: Білім, 1994.


Мазмұны
Алғы сөз ................................................................................ 3

Тіс құрылысы ....................................................................... 4

Тіс ауруларынан сақтану .................................................... 6

Тіс тасы ................................................................................. 8

Тіс неліктен қанайды ........................................................... 9

Тіс жегі .................................................................................. 11

Пульпит ................................................................................. 14

Пародонтоз ............................................................................16

Периодонтит ......................................................................... 19

Жедел ағымды периодонтит ............................................... 20

Альвеолит ............................................................................. 23

Стоматит ............................................................................... 25

Ақыл тіс .................................................................................27

Тіс жару процесінің дерттері ...............................................29

Тіс және денсаулық .............................................................. 30

Тіс жұлу операциясы ........................................................... 32

Тіс жұлу операциясын жасауға болатын және жасауға

болмайтын жағдайлар ......................................................... 35

Тіс протездері ....................................................................... 37

Стоматологиядағы деонтология (парызтану) кағидалары . 39

Бақылауға арналған тест сұрақтары ....................................41

Тест сұрақтарының жауаптары ............................................49

Пайдаланылған әдебиеттер ................................................... 50

28.05.2009ж. басуға қол қойылды

Көлемі 3.2 есепті-баспа табағы

100 дана
ҚММУ-баспаханасында басып шығарылды



Қарағанды қаласы , Гоголь көшесі, 40






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет