Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет3/4
Дата17.07.2016
өлшемі452 Kb.
#205161
1   2   3   4

7 - Тапсырма

Стоматитпен ауырған баланың анасымен сұхбат құру үшін дәрігердің сұрақтары берілген. Тиісті жауаптарды дайындаңыз.

  1. - Балаңыз қашан ауырады?

  2. - Балаңыздың қызуы бар ма?

  3. - Қашаннан бері ауырып жүр?

  4. - Ауызының қанағанын байқадыңыз ба?

  5. - Қандай ем қолдандыңыз?

  6. - Балаңыз тәтті тағамдарды көп жейді ме?

  7. - Ауызынан жағымсыз иіс шығады ма?


АҚЫЛ ТІС
1 – Тапсырма

«Ақыл тіс» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

даму-развитие

ең шеткі-самый крайний

шамасында-приблизительно

қатайған-затверделый

көлденең-поперек

қисық-кривой

қиналу-мучиться

кешігу-запоздать

кедергі, бөгет-препятствие

жайылу-распространяться

лимфа түйіндері-лимфатические узлы

тәбет-аппетит

толық-полностью

ерекше-особенный

қалын-толстый; густой

ірі-крупный

кесіп алу-иссечение

жарып шығу-прорезываться

жұлу, алып тастау-удалить

кесу-резать

қальцийлену-кальцинировать

нашарлау-ухудшаться

қатардан тыс-вне ряда
2 - Тапсырма

Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Ақыл тістің дамуы, басқа тістерден ерекше, 17-25 жас, жас шамасында, кальцийлену, жақ кальцийленеді, жақ қатаяды, орын аз, орын болмау, ақыл тіске орын қалу, тіс шықпау, мүлде шықпай қалу, тіс шығуға бөгет болу, өз орнында тұру, тістің қисық орналасуы, көлденең орналасуы, созылмалы түріне өту, дене қызуы көтерілу, шырышты қабықтың ісінуі, шырышты қабықтың қызаруы, тәбеті нашарлау.


3 - Тапсырма

Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.
Ақыл тістің дамуы басқа тістерден ерекше болады. Ақыл тістер 17-25 жас шамасында, астыңғы жақ қальцийленіп қатайған кезде шығады. Кейде ақыл тіске орын аз қалады не мүлдем болмайды, сондықтан ол қатардан тыс не мүлдем шықпай қалуы мүмкін. 7-тістер артының қызыл иегі мен шырышты қабығы өте қалын болады. Сондықтан ақыл тіс шығуына бөгет болады. Сонымен қоса ақыл тістің кедергімен шығу себебі, оның үлкен, ірі болуынан. Клиникада өте жиі кездесетін жағдайдың бірі - ақыл тістің қисық, көлденең орналасуы. Әрине, бұндай тіс қиналып, кешігіп шығады. Егер ақыл тістің шығуы кешіксе, бірақ өз орнында дұрыс тұрса, онда ол тістің тездеп шығуына жағдай жасау керек. Ол үшін қызыл иекті кесуге болады. Онда бұл тіс толық жарып шығады, қабыну процесі тоқтайды. Ақыл тіс жарғанда бас не жақ аздап сыздап ауырса, не шырышты қабық қабынып іріңдесе, ондай тісті алып тастап, орнын емдеу керек. Себебі, жедел перикоранарит созылмалы түріне өтеді де, қабыну процесі қоршаған жұмсақ тіндер мен сүйекке жайылады. Перикоронарит - ақыл тістің кешігіп жаруында жиі кездесетін қабыну процесі. Алғашында ақыл тістің үстіндегі шырышты қабық қызарып ісінеді. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, тәбеті нашарлайды. Жақ асты лимфа түйіндері үлкейеді. Жұтынғанда, ауызын ашқанда ауыру сезімі күшейеді. Сондықтан науқас тез арада дәрігерге көрінуі қажет.
4 - Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ақыл тістің шығуы неге басқа тістерден ерекше?

  2. Ақыл тіс қай кезде шығады?

  3. Ол кезде қандай процесс жүреді?

  4. Ақыл тістің шығуына тағы нелер бөгет болады?

  5. Ақыл тісті қай кезде алып тастау керек?

  6. Перикоронарит деген не?

  7. Бұл аурудың қандай белгілері бар?

  8. Егер ақыл тістің шығуы кешіксе,бірақ өз орнында дұрыс тұрса, не істеу керек?


5 - Тапсырма

Төмендегі дәрігер мен науқастың сұхбатын оқып шығып, осы сұхбат мазмұны бойынша науқас туралы хабарлама жасаңыз.

1. - Қай жеріңіз ауырады?

- Ақыл тісім шығып келеді. Бірақ кисық шығып келе жатқан сияқты.


  1. - Аузыңызды ашып, тісіңізді көрсетінізші. Тісіңіздің шырышты қабығы қызарып, ісіп тұр екен.

  2. - Іріңдеп тұрған жоқ па?

- Иә, іріңдеп тұр.

4. -Жағыңыз ауыра ма?

-Жағым, басым ауырады.

5. -Жұтынғанда, ауызыңызды ашқанда ауру сезімі күшейеді ме?

- Иә, күшейеді және кешке қарай қызуым көтеріледі.

6. - Сіздің ақыл тісіңіз қисық шығып келеді екен, сондықтан қабыну процесі жүріп жатыр. Бұл тісті жұлып тастау керек.



ТІС ЖАРУ ПРОЦЕСІНІҢ ДЕРТТЕРІ
1 – Тапсырма

«Тіс жару процесінің дерттері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

әдетте-обычно

әсіресе-особенно

асқыну-осложнение; обострение

ұшырау-подвергаться

айналу-переходить; превратиться; кружиться

маңай-вокруг

жартылай, шала-наполовину

толық-полностью

әлі-до сих пор

пікір-мнение

салдар-последствия

жеткіліксіз-недостаточно

жеткіліксіздік-недостаток

реттеу-регулировать

ішкі секреция бездері-железа внутренней секреции

қатар тұрған-рядом стоящий

зақымдау-травмировать

без шошыну-припухание желез
2 - Тапсырма

Төменде берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Белгілі бір уақытта, уақытынан кешігу, ұртқа қарай шығу, тілге қарай шығу, мұрынға қарай шығу, гаймор қуысына қарай шығу, тістің шығуы әр түрлі, тіс шығуының баяулауы, ауру себебі, зат алмасу процесі, гармондардың реттеу жұмысы, реттеу жұмысының нашарлауы, дәрумендердің жеткіліксіздігі, жұқпалы ауру, жұқпалы ауру әсері, қабынуға жиі ұшырау, қатар тұрған тіс, қатар тұрған тісті зақымдау, ауру салдарынан без шошу.


3 - Тапсырма

Берілген мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Тіс жару әдетте физиологиялық процестерге жатады. Олар белгілі бір уақытта, ешқандай ауырусыз шығады. Бірақ кейбір тістер уақытынан кешігіп шыққанда оның маңайы қабынады. Тіс жарудың кешігуі мынандай топқа бөлінеді.

  1. Дистопия. Бұл кезде тіс ұртқа немесе тілге қарай шығады. Кейбір тістер мұрынның ішіне не гаймор қуысына, не көзге қарай шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда тісті жұлу керек.

  2. Ретенция. Бұл жағдайда тістің шығуына әр түрлі кедергілер болады. Егер тіс жартылай шықса, онда шала ретенция, ал тіс мүлдем шыға алмай қалса, онда толық ретенция деп аталады. Дистопия мен ретенцияға сүт тістер де, тұрақты тістер де ұшырайды. Тұрақты тістердің ішінде ретенцияға жиі ұшырайтыны ақыл тістер, әсіресе астыңғы сегізінші тістер.

Ретенция мен дистопия ауруының себебі әлі толық аңықталмалған. Әр түрлі ғалымдардаң пікірі бойынша оның мынандай себептері болуы мүмкін: зат алмасу процесінің - ішкі секреция бездерінің, гормондардың реттеу жұмысының нашарлағаны не дәрумендердің жеткіліксіздігі, жұқпалы аурулардың әсері т.б. жағдайлар. Мұндай тістер қабынуға жиі ұшырайды. Содан пульпит, периодонтит сияқты аурулар пайда болады. Кейде қаттар тұрған тісті зақымдауы мүмкін. Осыдан ауру асқынып, жедел перикоронаритке айналуы мүмкін. Сол аурулардың салдарынан жақ асты бездері шошынып, лимфаденит дамиды. Сондықтан мұндай тісті алып тастау керек.
4 - Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тіс жару қандай процеске жатады?

  2. Тіс жарудың кешігуі неше топқа бөленеді?

  3. Дистопия деген не?

  4. Ретенция деген не?

  5. Дистопия мен ретенцияның пайда болу себебі не?

  6. Кедергімен шыққан тістер қандай ауруларға ұшырауы мүмкін?

ТІС ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ
1 – Тапсырма

«Тіс және денсаулық» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

ежелден-издавна

мәлім-известно

ұғым-понятие

сұлулық-красота

тығыз байланысты-тесно связано

жасөспірімдер-подростки

жүкті әйел-беременная женщина

ересек адамдар-взрослые люди

көрсеткіш-показатель

жұмсақ тіндер-мягкие ткани

тіпті-совсем

түзу-ровный

кеңінен тараған-широко распространненый

себепшісі болу-способствовать; быть причиной

нәтижелі-результативный

ықпал ету-повлиять

айырылу-потеря

едәуір-довольно; много; значительно

жұлдырғаннан кейін-после удаления

емдегеннен кейін-после лечения
2 - Тапсырма

Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Оқу жылдамдығына, ерекше дыбыстарға көңіл бөліңіз.

Тіс ауруы адам баласына ежелден белгілі. Египетте, ежелгі Шығыс пен Вавилон, Үнді және Қытай елдерінде біздің дәуірімізге дейінгі көптеген ғасыр бұрын тісті емдегені, тіпті тіс протездерін салғаны мәлім. Сұлулық пен денсаулық ұғымы түзу, аппақ тістермен тығыз байланысты. Сау тістің адам денсаулығында атқаратын қызметі орасан зор.

Тіс ауруларының ішінде ең көп тарағаны - тіс жегі. Ол, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Ересек адамдарда тіс жегі 50 пайыздан 80 пайызға дейін, ал жүкті әйелдер мен әр түрлі сырқаттармен (өкпе туберкулезі, ревматизм, дизентерия) ауырған адамдарда бұл көрсеткіш тіпті жоғары. Ал тіс ұлпасының қабынуы (пульпит) өте ауыр болады. Ол жақ сүйегінің қабынуына (остеомиелит) жұмсақ тіндердің іріңдеуіне (абсцесс, флегмона) және қанның бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Кеңінен таралған тіс түбірінің қабынуы да (пародонтит) тістен айырылудың себепшісі болады. Тістің бұл аурулары сонымен бірге адам ағзасын әр түрлі аурулардың пайда болуына әсер етеді. Мұндай тістерді жұлдырғаннан кейін, пайда болған аурулардың жазылғаны белгілі. Мысалы, жүрек ревматизмімен ауырған науқастың емделу процесі пародонтитке шалдыққан тісті жұлдырғаннан кейін жақсарған. Созылмалы бүйрек ауруымен ауырған науқастың жағдайы да ауыз қуысы ауруларын емдегеннен кейін нәтижелі болған. Ауыз қуысының созылмалы аурулары жазылған соң, гастритті, асқазан мен ұлтабар жарасын, тоқ ішектің қабынуын (колит) асқазан-ішек, гинекологиялық ауруларды, бірқаттар көз ауруларын емдеу едәуір жеңілдеген.

3 - Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Тіс ауруы адам баласына қашаннан белгілі?

  2. Қай елдерде тіс емдегені мәлім болды?

  3. Тіс ауруларының арасында ең көп тарағаны қандай ауру?

  4. Тіс ұлпасының қабынуы асқынса, қандай ауыр ауруларға әкеледі?

  5. Созылмалы бүйрек ауруымен ауырған науқастың жағдайы қай кезде нәтижелі болған?

  6. Ауыз қуысының созылмалы ауруларын емдеу қандай ауруларға тікелей ықпал етеді?


4 - Тапсырма

Оң бағанадағы етістіктермен сол жақтағы сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құраңыз.

нәтижелі салу (не?)

тікелей емдеу (нені?)

емдегеннен кейін әкелу (неге?)

қанның бұзылуына жақсару (қашан?)

протез болу (қандай?)

ревматизмді ықпал (ету қалай?)

5 - Тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемді көшіріп жазыңыз.

1. Үнді елінде біздің дәуірімізге дейін ... салғаны белгілі. 2. Ауыз қуысының ауруларын емдеу асқазан ... әсер етеді. 3. Тіс жегі балалар мен жасөспірімдер ... жиі кездеседі. 4. Денсаулық ұғымы тегіс, аппақ ... тығыз байланысты. 5. Тіс ұлпасының ... остеомелитке әкелуі мүмкін. 6. Пародонтит тістен ... себепшісі болады. 7. Гинекологиялық ауруларды емдеу ауру тісті ... кейін жеңілдеген. Ауру тіс ағзада әр түрлі ауруларды ... .



(Керекті сөздер: айырылуға, арасында, тіс протезін, жүлғаннан, ауруларына, тістермен, қабынуы, пайда етеді).

6 - Тапсырма

«Тіс және денсаульқ» мәпгіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
ТІС ЖҰЛУ ОПЕРАЦИЯСЫ
1 – Тапсырма

«Тіс жұлу операциясы» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

жүйке талшықтары-нервные волокна

сүйек сынықтары-осколки зуба

кескен жер-иссеченное место

салыстырғанда-по сравнению

ұя-гнездо

күштеп жұлыну-удаление с силой

үзілу-обрываться; прерываться

зарарсыздандыру-стерилизовать

зарарсызданған-стерильный

жиналу-собираться

жаралану-ранение

табақша-блюдечко; чашечка

ішкілік-выпивка

ұйыған қан-сгусток крови

шаю-полоскать

жайлап-потихоньку

оңай-легко
2 - Тапсырма

Мәтін бойынша кездесетін сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Адамзат арасында, ең көп жасалатын операция, өте күрделі, кейде оңай, кейде тез, ауыр операция, жүйке талшықтары, күштеп жұлыну, зарарсыздандыру, зарарсызданған тампон, сүйек сынықтары, операциядан кейін, ағзадағы микроб, микробқа бай жер, 10-15 минуттай, 10-15 минуттай ұстау, тіс жұлдырған күні, ыстық ішуге, қатты тағам жеуге, ішкілік ішуге, антисептик ерітінділері, тамақтан соң, ауыз шаю, жайлап ауыз шаюға болады.


3 – Тапсырма

Берілген мәтінді оқып шығыныз, орыс тіліне аударыңыз.
Адамзат арасында тіс жұлу операциясы - ең көп жасалатын операция. Басқа операциялармен салыстырғанда тіс жұлу операциясының біраз ерекшеліктері бар. Ол кейде оңай және тез болғанымен, кейде өте күрделі болуы мүмкін.

Жалпы тіс жұлу ауыр операция болып есептелінеді, себебі тіс өз ұясынан күштеп жұлынып алынады. Тіс жұлынған кезде сүйек қабығы, қан тамырлары, жүйке талшықтары үзіледі, тіс ұясы да жараланады. Ауыз қуысын зарарсыздандыру мүмкін емес. Ол - ағзадағы микробқа ең бай жер. Сондықтан тіс ұясындағы жарақатқа инфекцияның түсуінен түрлі қабыну процестері болуы мүмкін.

Тіс жұлу кезінде тіс, түбір, тағы басқа алынған заттар табақшаға жиналуы керек. Операциядан кейін жиналған заттарды тексеріп, гранулема қалып қойса оны кюретаж қасықшасымен тазалайды. Түбір, сүйек сынықтарын да ұядан шығарады. Ауызды шаю керек емес. Зарарсызданған тампонды ұя үстіне қойып, 10-15 минуттай ұстау керек. Тіс жұлдырған күні ыстық, қатты тағам ішуге, ауыр жұмыс істеуге, ыстық суға түсуге, ішкілік ішуге болмайды. Өйткені, бұлар ұйыған қанды шайып, қанның тоқтамай ағуына себеп болады. Тамақ жылы, жұмсақ болғаны дұрыс. Ертеңінде тамақтан соң жайлап ауыз шаюға болады. Кескен жерде, тіс ұясында ірің болса, ауызды антисептик ерітінділерімен шаю керек. Тіс ұясынан қан тиылмаса 1-2 күн ішінде тіс орнының ауырғаны қоймаса, дәрігерге қаралу қажет.
4 - Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Ең көп жасалатын операция қандай операция?

  2. Тіс жұлу операциясының ерекшеліктері бар ма?

  3. Тіс жұлу операциясы қандай операция болып саналады? Себебі қандай?

  4. Тіс жұлу кезінде не істелу керек?

  5. Операциядан кейін не істеу керек?

  6. Тісті жұлдырған күні қалай тамақтану қажет?

  7. Ертеңінде не істеу керек?


5 - Тапсырма

Оң бағандағы етістіктермен сол бағанадагы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құрыңыз.

күштеп салыстыру (немен?)

жарты сағат жұлыну (қалай?)

жайлап үзілу (не?)

ауыздан тексеру (нені?)

жиналған заттарды шығару (қайдан?)

қан тамырлары ұстау (қанша?)

басқамен шаю (қалай?)



6 - Тапсырма

Тіс жұлу операциясы кезінде болатын тіс дәрігерімен науқас арасындағы сұхбатты есіңізге сақтаңыз.

1. - Не себеппен келдіңіз?

-Тісімді жүлғызайын деп келдім.

2. - Тіс терапевтінде болдыңыз ба?

- Иә, болдым.

3. - Креслоға отырыңыз. Аузыңызды ашыңыз, мен қарап көрейін. Иә, тісіңіздің түбірі протез салуға жарамайды екен.

4. - Тіс жұлар алдында қызыл иекті жансыздандыратын укол саласыз ба?

- Әрине. Міндетті түрде. Сіз тістің қалай жүлынғанын сезбей қаласыз.

5. - Тісті жұлдырғаннан кейін не істеуім керек?

- Мен сізге қазір бәрін түсіндіріп беремін. Тісті жүлған соң орнына таза тампон қойып беремін, оны 15 минуттай ұстайсыз. Бүгін ыстық тамақ, қатты тағам ішпеңіз. Ауыр жұмыс істеуге, ыстық суға түсуге, ішкілік ішуге болмайды. Жылы, жұмсақ тамақ ішкеніңіз дұрыс. Ертен тамақтан соң аузыңызды жайлап шаюға болады.

6. - Тістің орны ауыра ма?

- Иә. Бірақ ұзақ уақытқа созылмайды. Егер 2 күн ішінде ауырғаны қоймаса, тіс дәрігеріне қайта көрінуіңіз қажет.

ТІС ЖҰЛУ ОПЕРАЦИЯСЫН ЖАСАУҒА БОЛАТЫН ЖӘНЕ БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР
1 – Тапсырма

«Тіс жұлу операциясын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

қажеттілік-необходимость

шектелген-ограниченный

нәтижесіз-безрезультативный

шұғыл-срочно

түгел-весь; полностью

қан қысымы-кровяное давление

тамыр соғуы-удары пульса

ішкі мүшелер-внутренние органы

қорғаныс күштері-защитные силы

дайындық-подготовка

жүйке жүйесі-нервная система

жүрек тұсы-область сердца

әлсіреу-слабеть

жиілеу-учащаться

әсер ету-влиять

ескеру-учесть

тоқтамау-не останавливаться

кеңесу-советоваться

кішігірім-сравнительно маленький

сыздап ауыру-ноющая боль

шектелу-ограничиться

әлсіреу-слабеть
2 - Тапсырма

Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.
Тіс жұлу операциясы белгілі бір қажеттіліктермен шектелген.

Консервативті ем нәтижесіз болса, қабыну процесі асқынып кетсе, ауру тіс шұғыл жұлынуы керек. Тісті жұлу алдындағы қажеттіліктер мыналар:



  1. Сауыты түгел бұзылған, түбірі протез салуға пайдалану үшін жарамай қалған тіс;

  2. Гаймор қуысындағы қабынуға себепкер тіс;

  3. Ішкі мүшелердің ауруына себепкер тіс;

  4. Ортодонтиялық ем кезінде басқа тіске орын босату үшін алынуға тиісті тіс;

  5. Пародонтоздың ІІІ дәрежесінде босап қалған тіс;

  6. Орнынан шығып кеткен, протездің орнықты тұруына кедергі жасайтын соңғы тіс;

  7. Емдеп жазуға келмейтін тіс;

  8. Ретенцияға, дистопияға ұшыраған, қиыншылықпен шығатын (ақыл) тіс;

  9. Сондай-ақ, сүт тістерді жұлуға болады.

Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар:

  1. Қан аурулары (гемофилия, қан аздық, лейкемия) кезінде тіс жұлуға болмайды. Қан ауруларымен ауырған науқастың тісін жұлған соң тіс ұясынан аққан қан көпке дейін тоқтамауы мүмкін. Сондықтан науқасты стационарға жатқызып, гематологтың қатысуымен емдеп, содан соң тісін жұлуға болады.

  2. Жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде тіс жұлуға болмайды. Себебі тіс жұлған соң қан қысымы көтеріліп, тамыр соғуы жиілеп, жүрек тұсы сыздап ауыруы мүмкін, сондықтан тіс жұлу алдында терапевтпен кеңескен дұрыс.

  3. Жұқпалы аурулар кезінде ағзаның қорғаныс күштері әлсірейді, соны ескеріп, тиісті қажеттілік болмаса, тіс жұлуға болмайды.

  4. Жүйке жүйесі ауруларымен ауыратындардың (қояншық, психоз) тісін маман дәрігермен кеңесіп, кішігірім дайындықтан соң ғана жұлуға болады. Жалпы жүйке жүйесе ауруына тістің жұлынуы дұрыс әсер етеді.


3 - Тапсырма

Оң бағандағы етістіктермен сол бағандағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құрыңыз.

қан қысымы пайдалану (неге?)

жүрегі жатқызу (қайда?)

қажеттіліктермен көтерілу (не?)

гематологпен кеңесу (кіммен?)

қабыну процесі асқыну (не?)

протез салуға шектелу (немен?)

ауруханаға ауыру (қай жері?)



4 - Тапсырма

Стоматолог-дәрігер ретінде тісін жұлуга болатын науқас туралы хабарлама беріңіз (науқастың аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, жұмыс істейтін орны, ауру тіс т.б.).

5 - Тапсырма

Стоматолог-дәрігер ретінде тісін жұлуга болмайтын науқас туралы хабарлама жасаңыз (науқастың аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, жұмыс істейтін орны, ауру тісі, басқа аурулары, қан қысымы, дене қызуы т.б.).

ТІС ПРОТЕЗДЕРІ
1 – Тапсырма

«Тіс протездері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

алмалы-салмалы-съемный

алынбайтын-несъемный

бюгельдік-бюгельный

арнайы-специальный

бұзылған-испорченный

ілгек-крючок

өзгеріс-изменение

жағдай-случай; состояние

ұстату-держать

дайындалу-готовиться

бекітілу-закрепляться

анықтау-определить

ауыстыру-менять

қойылу-ставиться

жоғары сапалы-высококачественный

қоспа-сплав

болат-сталь

қаптал тістері-боковые зубы

өзгеріс-изменение

жыл өткен сайын-с течением времени

әдетте-обычно

әуелі-сначала
2 - Тапсырма

Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Науқастың барлық тісі, науқастың көпшілік тісі, пациенттің бірнеше тісі, кламмер арқылы, пластмассадан дайындау, алтыннан дайындау, фарфордан дайындау, жоғары сапалы материалдардан дайындау, алдыңғы тістер, алдыңғы тістері бар, алдыңғы тістері жоқ, қаптал тістері жоқ, протез түрін анықтау, тіс тасын алу, ауру тісті емдеу, пациенттің жасы, жыл өткен сайын, ауыстырып тұру, протезді ауыстыру.


3 - Тапсырма

Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Мағынасына қарай бөліп, тақырыпшалар қойыңыз.
Тіс протездерін үшке бөлуге болады:

  1. алмалы-салмалы

  2. алынбайтын

  3. бюгельдік

Алмалы-салмалы протездер пациенттің барлық тісі немесе тістерінің көпшілігі болмаған жағдайда салынады. Бұл протездер ауыз қуысында кламмер (ілгек) арқылы ұстатылады. Мұндай протездер пластмассадан дайындалады.

Алынбайтын протездер әдетте науқастың бір немесе бірнеше тісі болмаған жағдайда салынады. Бұл протездер цемент арқылы пациенттің өз тісіне бекітіледі. Мұндай протездер жоғары сапалы материалдардан: алтыннан, фарфордан, күміс-паладий қоспасынан, болаттан жасалады.

Бюгельдік протездер көбінесе алдыңғы тістері бар, қаптал тістері жоқ пациентке қойылады. Бұл протездер де арнайы кламмер арқылы бекітіледі.

Дәрігер протез түрін анықтаған соң әуелі ауыз қуысында дайындық жасайды. Терапевт-стоматолог тіс тасын алып тастайды, ауру тісін емдейді. Хирург-стоматолог бұзылған ауру тістердің түбірін жұлады.

Жыл өткен сайын жақ сүйекте емделушінің жасына қарай өзгерістер болады. Сондықтан 4-5 жылдан кейін протездерді ауыстырып тұру қажет. Мұны тек протезші-стоматолог қана анықтай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет