ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Ш.Б. Тұрсынова, И.В.Лосева
Жалпы хирургиялық инструменттердің
тауартанулық сипаттамасы
(Оқу - әдістемелік құрал)
Қарағанды 2009 жыл
ӘОЖ 615.471
КБЖ 54.5 я 7
Т 89
Пікір берушілер:
«Болашақ» ҚУ фармацевтикалық институтының директоры, профессор, фарм.ғ.д. Абдуллабекова Р.М.
ҚММА гигиена, әлеуметтік медицина, денсаулықты сақтауды ұйымдастыру және басқару кафедрасының ДКБ және ҮМЖ деканатының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Кулов Д.Б.
ҚММА № 2 хирургиялық аурулармен урология кафедрасы, м.ғ.к., доцент Баширов А.Б.
Т 89 Тұрсынова Ш.Б., Лосева И.В. Жалпы хирургиялық инструменттердің тауартанулық сипаттамасы (оқу-әдістемелік құрал).- Қарағанды,2009.-51 бет.
Оқу - әдістемелік құрал жоғарғы оқу орындарындағы «фармация» мамандығының студенттеріне арналған. Типтік бағдарламаға сәйкес дайындалған. Жалпы хирургиялық инструменттердің жіктелуі, оларға қойылатын негізгі талаптар, маркировкасы, коррозия және коррозиядан қорғау шаралары туралы мәліметтер берілген.
ҚММА Әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланған және қабылданған,
№ 6 хаттама «11» ақпан 2009 ж.
ҚММА Ғылыми кеңесінде басылып шығуға ұсынылған және бекітілген,
№ 6 хаттама «18» ақпан 2009 ж.
©Ш.Б. Тұрсынова, И.В.Лосева ,2009
Қысқартылған сөздер тізімі
ШК
|
Штрихтық коды
|
УКС
|
Уақытша коррозиядан сақтау
|
L
|
Жалпы ұзындығы
|
l
|
Жұмыс бөлігінің ұзындығы
|
B
|
Жұмыс бөлігінің ені
|
D
|
Диаметрі
|
W
|
Айна шығыны
|
M
|
Салмағы
|
H
|
Бой ұзындығы
|
Алғы сөз
Оқу-әдістемелік құралы «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәні бойынша «Фармация» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік жинағында жалпы хирургиялық инструменттер туралы түсінік, жіктелуі, оларға қойылатын талаптар, сапасын бағалау, орамдау, тасымалдау, маркировка және ескерту маркировкасы, медициналық тауарлардың штрихты коды, коррозия және коррозиядан қорғау туралы нақты сұрақтар қарастырылған.
Оқу-әдістемелік құралының мәліметтері пән бойынша типтік және жұмыс бағдарламасына толықтай сәйкес келеді. Оқу-әдістемелік құрал бойынша материалдарды дайындау үшін қазіргі заманғы әдебиеттер көздері, заңдылық актілері, фармацевтикалық қызметті регламенттейтін нормативті құжаттар пайдаланылған.
1. ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНСТРУМЕНТТЕР
Хирургиялық инструменттер- хирургиялық манипуляция кезінде операциялық, байлап-таңу, сонымен қатар диагностикалық зерттеу мақсатында қолданылатын инструменттер.
Жалпы хирургиялық және арнайы инструменттерді ажыратады: акушерлі-гинекологиялық, нейрохирургиялық, оториноларингологиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық, травматологиялық, ортопедиялық, урологиялық және т.б. Радиоманипуляция, емдік жүрек-тамырлы, лазерлі хирургия және т.б. арналған арнайы инструменттер де жасалған. Инструменттер функционалдық топтарына қарай келесілерге бөлінеді:
1. Тіндерді ажыратуға арналған инструменттер:
а) Кесетін- бір немесе бірнеше кескіш жезі бар жұмсақ тіндерді айыруға (жару және кесу ) арналған инструмент - ағзалар резекциясы, полиптерді алып тастау, тістеуік және т.б. Оларға пышақтар және медициналық қайшылар, скальпельдер, кюреткалар, медициналық ілмек, қасықтар, тістеуіктер, аденотомдар, конхотомдар және т.б. жатады. Сүйек тінін өңдеу үшін (патологиялық ошақтарды және өсінділерді жаншу) медициналық қашау, стамескалар, сүйек қысқыштар мен тістеуіктер және т.б. қолданылады. Әрбір хирургиялық пышақтың кескіш элементі, оның ішінде кеңінен таралған скальпельдің, арнайы үшкірленген бұрышы бар саға тәріздес болып келген жезі болып табылады. Бұл жағдайда β бұрышы соғұрлым кем болған сайын, скальпель соғұрлым өткір және соғұрлым жылдам мұқалып қалады. Жұмсақ тіндерді кесуге арналған β бұрышы 15-тен 35ОС (көз скальпелі 20ОС , жалпы хирургиялық 25ОС), шеміршектерді кесуге арналған - 30-дан 35ОС , сүйек тіндерін жаруға арналған- 40-50ОС. Скальпельдің кесу қасиеті жездің микрогеометриясы мен кесілетін объектінің көлбеуіне байланысты (кесілетін материалға жез көлбеуі неғұрлым аз болған сайын тіндерді кесу оңайырақ болады). Скальпельдің кесу қасиетін оның тағайындалуына байланысты арнайы барабанға керілген қағаз, замша немесе теріні тілу жолы арқылы сынақ жүргізіледі. Сынақ нәтижесі бойынша тілім шеттері тегіс болу қажет, ал жезі мұқалып қалмау керек. Хирургиялық қайшылардың екі жезі болады, кездесу нүктесі деп аталатын кездесу бағыты кезінде тіндерді жарып жібереді. Жездер арасында саңылау болмау қажет, әйтпесе материал қырмыждалып және тіндерді қосымша жарақаттауы мүмкін. Көптеген қайшылардың кесу қасиетін бір немесе бірнеше (5 дейін) дәке, мақта немесе дымқыл қағаз қабаттарын үш реттік кесу жолы арқылы тексереді. Дәке, мақта, қағаз ауалануға және жездер арасынан өтіп кетпеуі қажет. Пышақ және қайшылардың кесу жездері никель немесе хроммен қапталмаған, сондықтан олар көбінесе коррозияға ұшырайды.
б) Аралау және бұрғылау инструменттері- медициналық ара (тістері бар көпжезді инструмент, жан-жаққа айырылысқан- тақтары бір жаққа, жұптары қарама-қарсы жаққа), медициналық рашпила- тегіс жұмыс бөлігіне орналасқан тістері бар инструмент- айналмалы қозғалыс кезінде сүйектерді өңдеуге арналған көпжезді инструмент.
в) Тіссіз бөлгіш инструменттер (табиғи каналдарды кеңейту, тар жолдарды зерттеу, жараларды зондтау және тампондау, тіндерді тіссіз бөлу). Оларға бужалар, зондтар, катетерлер, трахеотомиялық, интубациялық түтікшелер және т.б., распаторлар- ось бойына перпендикулярлы орналасқан бір жезді инструмент.
2) Тескіш инструменттер- тері асты, тері ішіне, бұлшық етке, күре тамырға жә-не т.б. дәрілік ерітінділерді енгізу мақсатында тесуге, пункциялар және басқа да манипуляциялар: инъекциялық инелер, қан алу үшін, қанды құю үшін, перфора-торлар, троакарлар, троакар-катетерлер және т.б., тігіс салуға арналған инелер- (хирургиялықғ аравматикалық) арналған іші қуыс (түтікшелі) инструмент.
3) Қысқыш, ілгіш және жаншу инструменттері (қанды тоқтату үшін, түтікщелер мен қуыс ағзаларды резекциялау кезінде қысу, ағза, сүйек және жұмсақ тіндерді немесе хирургиялық инелерді, эластикалық түтікшелерді фиксациялау және қысып ұстап қалу). Оларға фиксационды, қуыс ағзаларға арналған және қан тоқтататын қысқыштар, ине, сүйек, тіл ұстағыштар, пинцеттер, ілмектер, корнцангтар, ағзаларды және кескіш инструменттерді ұстағыштар және т.б. жатады. Қысқыш және ілгіш инструменттердің ағза, тін, материал немесе заттарды қысып қалатын екі жұмысшы браншы бар және олардың қосарлануын біріктіретін құлыптар- анық емес (штифтті, қорпашалы) және анық. Кейбір қысқыштар бранштарды қысу жағдайында ұстап тұратын кремальермен жабдықталған. Тіндер құрылымының өзгерісін тудырмайтын жаншу қысқыш инструменттері икемді деп аталады, ал тіндердің кейбір қайтымды өзгерістерін тудыратын жаншу қысқыш инструменттері икемсіз қатты деп аталады.
4) Алып тастау инструменттері- тастарды, спиральды және бөтен денелерді алып тастауға, тістерді жұлуға және т.б. арналған- ілмектер, экстракторлар, тіс қысқыштары және т.б.
5) Кеңейткіш және сығыстыратын инструменттер- жараларды, табиғи қуыстарды, каналдар мен жолдарды кеңейтуге, ағзаларды сығыстыруға, оперативтік араласуда немесе жұмсақ тіндерді тексеру кезінде созуға (ретракция) және де тіндерді кездейсоқ бұзылыстардан қорғауға арналған инструменттер. Мұндай инструменттерге шпательдер, пластинкалар, имектер, көтергіштер, айналар, ретракторлар, жара-, қабақ-, ауыз кеңейткіштер, гинекологиялық кеңейткіштер, дилататорлар және т.б. жатады.
6) Сүйектерді біріктіруге арналған травматологиялық бұйымдар (пластинкалар, бұрандалар (винт), бұрандалы шеге (шуруп), өзекшелер (стержень), шегелер, кронштейндер), сүйекке әсер етуге арналған (қапсырма (скоба), манжеталар).
7) Қосымша инструменттер (балғалар, бұрауыш (отвертка), кілттер, коловороттар, бұрғылар (дрель) және т.б.).
Хирургиялық инструменттердің тағайындалуы және қолданылуына байланысты олардың икемділігі, нәзіктілігі және әртүрлі өлшемдері болады. Мысалы, офтальмалогиялық микрохирургиялық инструменттер өлшемі бойынша кішкентай және әлдеқайда жеңіл, ал акушерлік-гинекологиялық, керісінше, ұзартылған және массивті сабымен жабдықталған, ал жүрек-тамырлы инструменттер әлдеқайда жіңішке және нәзік. Балаларға арналған хирургиялық инструменттер ересектерге арналған инструменттерге қарағанда әлдеқайда кішірек және жеңілірек болады.
-1.1. Инструменттерге қойылатын негізгі талаптар
● Адам ағзасы мен дәрілік заттармен ұзақ (үздіксіз 6 сағаттан аса) уақыт әрекеттесетін инструменттер қорытпа жабындысыз және тек қана коррозияға төзімді металдардан жасалу қажет.
● Инструменттердің үстіңгі бетінде ұрылған, соғылған, ойылған сызат іздер, жарықшақ, қабаттасу, қабыршықтану болмауы керек.
● Көміртекті болаттан жасалған бұйымдар, никельді және хромды жабындысы бар түсті қорытпалар және тот баспайтын болаттар пайдаланғанда, сақтағанда және тасымалдау жағдайларында коррозиялы- төзімді болу керек.
● Инструменттер стерилдеу және стерилдеу алды тазалау, дезинфекциядан тұратын өндеу циклдеріне берік қасиетке ие болу қажет.
1.2. Инструменттердің сапасын бағалау
Инструменттердің сапалық бағасын қабылдау кезінде жүргізіледі (көбінесе партиямен). Партия деп бір құжат бойынша қабылданатын бір типті пішінді инструменттерді атайды.
Медициналық инстурменттерді қабылдау барысында келесі көрсеткіштерді тексереді: негізгі геометриялық өлшемдері, сыртқы көрінісі, ақауының болуы (визуалды анықтау), декоративті қорғау жабындысы, беткі бетінің бұжырлығы, беріктігі (егер ол бұйымның техникалық жағдайында көрсетілсе), жарқырау түрі, бұйымның жинақтаулығы, маркировкасы. Аталған шараларды қабылдау кезінде қалыпты климаттық жағдайда өткізу қажет (тек климаттық факторға әсер ету сынағынан басқа).
-
Геометриялық өлшемді тексеру техникалық құжаттарда көрсетілгендей, жіберілетін қателіктердің шегін есептеу арқылы жүргізіледі. Стандарттық және техникалық жағдайларда көрсетілген өлшемдер «не көп» немесе «не аз» деген шекті мәндердің көрсетілуі, өткізілген қателіктер өлшемін тексеру, стандарттық және техникалық жағдайлармен анық түрдегі құралдарға түзіледі.
-
Заттардың сыртқы көрінісі мен ақауының болуы визуалды бағаланады (немесе лупа 4-8 есе үлкейтіп), жарықшақ, сырылған жер, сызат, боялған жерлер, қабыршақтанудың және т.б. анықтайды.
-
Беткі бетінің бұжырлығын белгіленген тәртіп бойынша эталонды бұжыр үлгілермен салыстырып тексереді.
-
Еркін жүру өлшемін инструменттердің бір бөлігін браншпен біріктіріп, кейінгі бөлігін күштің әсерімен техникалық жағдайларда айтылған белгілі түрдегі құралға ауыстырады. Берілген көрсеткіштер болмаса еркін жүрудің қыры 25 – 350С – ден көп болмауы керек, ал құралдарың кремальері 3 – тен көп тістен тұратын 450С.
-
Жабындының сапасын бағалау сыртқы түрін тексеру арқылы жүргізіледі. Ол беткі бетінің ақауларын анықтауға негізделген. Бақылау көзделмеген көзбен 25 см қашықтықта беткі бетін табиғи және жасанды жарықта зерттейді (жарықтық қыздыру шамын қолданғанда 300 лк кемінде болуы керек немесе люминесцентті шаммен).
-
Нормативті құжаттарға сәйкес инстурменттердің беткі беті біртекті, тегіс, жылтыр немесе айна тәріздес болу керек. Инструменттің беткі жылтыр бетінде сызат, жарықшақ, жуылмаған тұздар, коррозия өнімдері болмауы қажет. Жылтыр дәрежесі нормаланбайтын болғандықтан, ақаулы белгілерге жылтырлық пен түсінің біртексіздігі, ағынды судың ізі, хроматты және фосфатты ерітінділердің тұзсыз қалдығы, сонымен қатар бұйымды мұздатқанда және қыздырғанда жылтырау интенсивтілігінің өзгерістері жатпайды.
-
Бұйымның жинақталуы, маркировкасы және консервация сапасы сыртқы түрін тексеру арқылы және белгілі бір түрдегі инструменттің техникалық немесе стандартты жағдайларының сәйкес келуімен бағаланады.
-
Сонымен қатар, медициналық инструменттерді пайдалану барысында әрқашанда коррозиялық тұрақтылығына тексеріліп тұрады. Ол үшін зерттелетін инструменттерді алдын-ала майсыздап, тазартылған сумен толтырылған электрлі дезинфекциялық қайнату торына орналасқан шыныдан жасалған қоршалған бұйымға салады (инструменттер түгелімен суда батып тұру керек). Суда 15 минут қайнатады, сонан соң қайнаған суда хирургиялық инелерді 30 минут, ал қалған инструменттерді 3 сағатқа қалдырады. Уақыт өткен соң инструменттерді шығарып, тағы да тексереді. Егер де инструменттерде қара (коррозиялық) нүктелер болмаса, онда зерттеу дұрыс өтілді деп саналады. Зерттеу жүргізілетін инелердің жұмыс бөлігінде бір коррозиялық нүктенің 20% болуы босатылады.
-
Коррозиялық тұрақтылыққа зерттеуге хромды тот баспайтын болаттан тұратын, сонымен қатар көміртекті және төменлегирленген жабындысы бар болаттан тұратын инструменттер ұшырайды.
-
Көміртекті және төменлегирленген сілітілі жабындысы бар болаттан , сонымен қатар никельді немесе хромды жабындысы бар инструменттер коррозиялық тұрақтылық зерттеуіне ұшырамайды.
-
Инструменттердің нақты маркировкасы болуы керек, келесі мәліметтер болуы қажет:
♦ инструменттің номері немесе оның мағынасы (бірнеше номерін дайындаған жағдайда);
♦ дайындаушы-өндіріс орнының тауарлық белгісі;
♦ шығарылған жылы;
♦ шартты мағынасы «Т» (коррозиялы-тұрақты болаттан тұратын инструменттерге арналған) немесе «Ті» (титанды құймалардан тұратын инструменттерге арналған).
-
Экспортқа арналған инструменттерде қосымша маркировкасы болуы қажет, келесі жазылымдар болуы керек: «Made in Kazachstan», «Stainless steel» немесе «Stainless» (тот баспайтын болаттан жасалған инструменттерде). Титан құймасынан дайындалған инструменттерде «Titanium» жазылымын жазуға болады.
-
Маркировканы жұмыс жасалмайтын бөлігіне нақты суретттемесін қамтамасыз ететін механикалық, электроэрозионды немесе басқа да тәсілдермен жазады.
-
Маркировканы әр инструменттерге жазуға болмайды, ал тұтынушы тарасына немесе ярлыкка (ал, ол болмаған жағдайда- топтық тарасына) жазады.
1.3. Инструменттердің орамы
Орамды инструменттерді тасымалдау және сақтау кезінде, сонымен қатар тұтынушы және топтық тараларын бұзылыстан сақтау үшін жүргізіледі. Кескіш инструменттердің өткір ұштарын мұқалып қалудан сақтау қажет.
Инструменттер орамын тұтынушы тараларында жүргізеді: белгілі бір түрдегі инструменттердің техникалық және стандартты жағдайында қарастырылған инструменттердің сақталуын қамтамасыз ететін қораптар, қағаз пакеттер, бумалар және басқа да тара түрлері. Бір типті инструменттерді тұтынушылық емес топтық тараға орауға болады. Инструменттері бар тұтынушылық тара топтық тараға оралу қажет (қорап, бума, қағаз пакет және басқа да тара).
Тараларға келесі талаптар қойылады:
● Тараларды дайындауға арналған материалдар, инструменттерді сақтау және тасымалдау кезінде сақтауды қамтамасыз ете алу қажет.
● Тұтынушылық және топтық таралар сақтау және тасымалдау кезінде орамның тұтастығы бұзылмай ашу мүмкіндігін болдырмау керек.
● Көп реттік қолданылатын тараны пайдалануда орамды ашу кезінде тараның тұтастығы бұзылмау керек.
●Тұтынушылық және топтық тараның беткі бетінде майысу, сызат, жыртылу, қатпарлар болмауы қажет. Полимерлі материалдан жасалған қораптардың беткі бетінде пресс-форма, итеру құралдарының іздері рұқсат етіледі.
● Тұтынушылық тарда (немесе оған жапсырылған ярлыкта) келесі мәліметтер болуы қажет:
♦ дайындаушы-өндіріс орнының атауы немесе тауарлық белгісі, шартты мәні және/немесе шартты мәні болмаған жағдайда инструмент атауы;
♦ инструмент номері (жеке номермен оралған жағдайда), шартты белгісі «Т» немесе «Тот баспайтын болат» (коррозиялы-тұрақты болаттан тұратын инструменттерге арналған), «Ті» немесе «Титан» (титанды құймалардан тұратын инструменттерге арналған).
♦ дайындалған инструменттің стандартты немесе техникалық жағдайының мәні;
♦ техникалық бақылау бөлімінің инструментті қабылдау туралы мәліметі;
♦ бір орамдағы инструменттер саны;
♦ шығарылған күні;
♦ басқа жазылымдар (қажет болған жағдайда).
● Тұтынушылық тараның шектеулі мөлшерінде орамда немесе ярлыкта көрсетілетін мәліметтер көлемі азаюы мүмкін, бірақ та инструменттердің саны мен атауы туралы мәлімет міндетті түрде болуы қажет.
1.4. Инструменттердің тасымалдануы
Инструменттерді тақтайшалы жәшіктерде тасымалдау қажет. Тақтайшалы жәшіктердің ішіне су өткізбейтін материалмен қапталу қажет.
Контейнерлерде тасымалдау кезінде тасымалдау тарасы ретінде гофрирлі қатты қағаздан жасалған жәшіктер, сонымен қатар қаптауыш пергамент немесе орама қағазынан жасалған пакеттер рұқсат етіледі.
Тасымалдау тарасы орама қағазы немесе басқа да материалдармен толтырылу қажет, өйткені орамдалған тұтынушылық немесе топтық тара инструменттерін өз еркімен ауыстыру мүмкіндігін болдырмау үшін.
Бір мекен-жайға бағытталған аса көп емес инструменттердің әртүрлі түрлерін тасымалдау тарасына салуға болады. Әр тасымалдау тара жәшігіне дайындаушы-өндірісі немесе оның тауарлық белгісі, саны және орамдалған инструменттер атауы, бақылаушы және орамдаушының шартты номері, орамдау күні жазылған орамдау қағазы салыну керек.
Тасымалдау маркировкасын тасымалдау тарасының сыртқы бетіне сәйкес түрдегі манипуляциялық белгіні жазу арқылы белгілейді, мысалы «Дымқылдан қорқады». Жөнелту кезінде брутто массасы 50 кг аспау керек, ал пошталық посылкамен жіберу кезінде – 20 кг аспау қажет.
2. МАРКИРОВКА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Маркировка – тауар және/немесе оның орамында безендірілген текст, шартты белгілер немесе суреттер, сонымен қатар тауарды теңестіруге және оның бөлек қасиеттеріне арналған қосалқы заттар, сонымен қатар тұтынушыға өндіріс туралы ақпаратты жеткізу, тауардың дайындалған күні, тауардың сандық және сапалық сипаттамасы.
Медициналық бұйымдардың маркировкасы анық, көрнекі, бір мағыналы және техникалық жағдай және мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес болу керек.
Маркировканың келесі негізгі элеметтері бар:
-
өндірушінің номерлеу жүйесі бойынша оның номерін және бұйымның типті белгісі немесе атауы;
-
ұйым-өндірушінің тауарлық белгісі;
-
дайындау жылы;
-
бұйымда техникалық жағдайы немесе стандарт көрсеткіші;
-
берілген өнім түрі сертификациясы жүйесінде қабылданған сәйкестік белгісі.
Маркировканы тауар және/немесе өндірілген өнім тарасына белгіленеді. Медициналық өндірісте этикетка, косымша бет (вкладыш), ярлык (бирка), табличкалар кеңінен таралған.
-
Этикетка - өнім және оның өндірушісі туралы боялған немесе жазбаша сипаттамасы, орам бірлігінде трафарет, штамп, рельеф түрінде жазылған, сонымен қатар әрбір тауар бірлігіне қосымша бет қағазы ретінде қыстырылған. Этикеткамен қарапайым бұйымдарды жабдықтайды, мысалы хирургиялық инструменттер. Бір реттік қолданылатын медициналық тауарларға (шприцтар, презервативтар, инъекциялық инелер және т.б.) этикетканы тікелей тұтынушылық тарасына қыстырады.
-
Қосымша бет (вкладыш) – этикетканың бір түрі, негізгі элементтермен қоса тауардың тұтынушылық қасиетінің қысқаша сипаттамасы бар, бірінші орында функционалдық қасиеті. Вкладыш бір реттік тауарды топтастырып орамдаған кезде этикетка орныны кеңінен қолданылады.
-
Ярлык (бирка) – бұйымның берілген формасы, мөлшері және материалы, ол тауарға немесе орамға тіркеуге және маркировканы қыстыруға арналған.
-
Табличка – графикалық ақпараттың немесе текст түрінде жапсырылған диск немесе пластина формсындағы бөлшегі. Табличканы медициналық техника бұйымдарына жапсырады.
2.1. Ескерту маркировкасы
Ескерту маркировкасына бір нәрсе туралы еркерту сипатына ие барлық ақпараттар жатады.
Ескерту маркировкасының негізгі міндеті – үйде және жұмыс орнында қауіпті заттармен ұшырасқан кезде олардың потенциалдық қауіптілігін адамдарға жеткізу және осы заттармен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздік ережесін анықтауға мүмкіндік беру, ал қосымша ақпарат қажет болған кезде- қызықтырған мәліметті сәйкес орындардан, мысалы эксплуатация бойынша нұсқауынан немесе материалдың қауіпсіздік құжатынан алу.
Ескерту маркировкасына кіреді:
-
бұйымды қауіпсіз жағдайда қолдануға болатындығы туралы арнайы шарттар;
-
қалыпты қолдану кезінде немесе оны тағайындаусыз қолданған жағдайда залал немесе зиян болу мүмкіндігіне ескерту жасау.
Ескерту жазылымдарын көрсеткен кезде көбінесе стандартты белгілерге жол береді. Жазбаша түрде жазылған белгілер, қысқа және екі түсінікті болмау керек, сонымен қатар болар қауіп туралы ескерту және тұтынушыларды туындаған қауіптің белгілері туралы және болған зиянды болдырмау тәсілдерін түсіндіру.
Бұйымның эксплуатациясымен байланысты адамдардың көңілін аудару үшін «дабыл сөздері» қолдануға болады:
-
«қауіпті» - тәуекелділіктің жоғары дәрежесі;
-
«абайлаңыз» - тәуекелділіктің орташа дәрежесі;
-
«сақтаныңыз» - тәуекелділіктің потенциалдық қатері.
Тауарларды қолдану, тасымалдау, сақтау кезінде қауіпсіздік талаптарын басқа шрифтпен, түспен немесе басқа тәсілдермен, басқа ақпараттарға қарағанда ерекшелендіру қажет.
2.2. Экологиялық белгілер
Экологиялық белгілер өнімнің экологиялық нормативке сәйкестігін және қоршаған орта мен адамдарға қауіпсіз екендігін білдіреді.
Бұл белгілерді импорт тауарларына жиі қолданылады, алайда Қазақстанда ұлттық белгілер әлі өңделмеген.
Импорт тауарларына келесі белгілерді қолданылады.
-
Европалық ұйым елдерінде экологиялық белгі түс ретінде қабылданған.
-
1990 жылы экологиялық сертификациялық символ «Скандинавский лебедь (MILJOMARKT») скандинавиялық елдермен қабылданған (Швеция, Норвегия, Финляндия және Исландия). Белгілі тауарға бұл символды қолдану туралы шешімін арнайы мемлкет аралық комиссия шешеді (Nordic eco-labe[. ling соттittе).
-
«Зелёная точка (Dеr Grune Punkt)» белгісін герман бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсететін қалдықтарды қайта өңдейтін «Есо Eтballge» (Экологиялық орам) және оның пайдалану жүйесіне кіретін компаниялар өз өнімдеріне қоя алады. Белгі қара-ақ, жасыл-ақ және жасыл түсті болады.
-
«Зелёная печать» (Green Seal) – АҚШ тәуелсіз коммерциялық емес ұйымы, ол экологиялық қауіпсіз өнімдерді сатып алу және қызмет көрсетуді насихаттайды. «Зелёная печать» белгісімен қоршаған ортаға аз зиянын тигізетін өнімдерге жапсырады.
-
Екіншілік қайта өңдеу белгісі өнім (орам) қайта өңделген материалдан жасалғанын немесе келесі өңдеу (rесус/аble) үшін жарамды екендігін көрсетеді. Өндіруші белгі астынан текстпен қандай материал және қанша көлемде қолданғанын көрсету ұсынылады, мысалы «Қайта өңделген картонның 70% дайындалған». Мұндай белгілерді қолдану ешқандай ұйыммен тексерілмейді. Қайта өңдеу өндірісіне жарамды полимер материалынан дайындалған бұйымдарда белгі үшбұрыш түрінде ішінде сан жазылады. Үшбұрыш астында пластиктің әріп түріндегі мағынасы көрсетіледі.
2.3. Медициналық тауарлардың штрихтық коды
Штрихтық идентификация – тауар жүрісін оперативті бақылаудың тиімді тәсілі, ол автоматты мәлімет жинау және компьютерге ақпаратты беру тәсілінің бірі.
Штрихтық идентификация принципі - әріпт-сан белгілерін қара және ашық жолмен әртүрлі қалыңдықта (штрих және пробел) кезектестіріп кодтау, сканер қондырғысы көмегімен санайтын, кодты ашатын және ЭВМ –ге ақпа-ратты беретін, яғни бұл жағдайда штрихты машинаоқитын код ақпарат көзі.
Штрихтық коды (ШК) – автоматты идентификациялауға арналған және тауар туралы ақпаратты есептеу, штрих және сан түрінде кодтайтын белгісі. знак. Бұл кодпен машинаоқитын түрінде кодтау объектісі туралы ақпаратты бермейді (дайындаушы ел, өндіруші, тауар сипаттамасы , баға және т.б.), ал олардың шартты әріптік белгісін көрсетеді.
ШК басқа автоматты сертификациялау заттарына қарағанда артықшылығы:
-
Электронды байланыс жүйесі бойынша тауар туралы ақпаратты жылдам, тез, оперативті жеткізу;
-
Қатесіз (ШК есептеу кезінде) кодтау алгоритмін жоғары дәрежеде сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттың бір мағыналылығы;
-
Бағаның салыстырмалы жоғары еместігі (арзан ақпаратты жеткізуші ретінде қағазды пайдалану).
3. КОРРОЗИЯ ЖӘНЕ КОРРОЗИЯДАН САҚТАУ
Металдардың коррозиясы- олардың қоршаған ортамен электрохимиялық және химиялық өзара әрекеттесу әсерінен бұзылуы деп түсіндіріледі. Нәтижесінде коррозиядан жылына адамзаттың пайдаланған және жинаған барлық металдарының 1-1,5% жоғалтады.
Әдетте, сыртқы ортамен әрекеттесетін беткі беті болғандықтан коррозия бұйымның сыртқы түрінің өзгеруінен басталады. Химиялық коррозия –әртүрлі химиялық заттардың металдың беткі бетінде химиялық қосылыс-коррозия өнімінің пайда болу әсерінің нәтижесінен туындайды. Сонымен, көміртекті болаттан жасалған бұйымдарды тот басады (темір тотығы), мыс және оның қорытпаларынан жасалған бұйымдар- мыс тұзы мен тотығымен жабынды түзіп көгереді. Барлық металл материалдары уақыт өте келе коррозияға ұшырайды, өйткені сол немесе басқа ортада металдардың беріктігіне байланысты. Сонымен, алюминий және оның құймалары ауада жұқа тотықты қабық түзе отырып, бұзылыстардан қорғайды, бірақ та сілті ерітінділерімен әрекеттескен жағдайда коррозия процесі әлдеқайда жылдамдатылады.
Коррозия процесі келесі көрсеткіштер бойынша жіктеледі:
-
Түрі (геометриялық сипаттама) металлдың барлығы немесе беткі бетінің коррозиялық бұзылысы. Металдардың ортамен өзара әрекеттесуінің реакция механизмі (химиялық және электрохимиялық коррозия).
-
Коррозиялық орта типі (атмосфералық, газды, биологиялық, жоғарғы қуат, радиациялық).
-
Металдардың бір уақытта коррозиялық ортамен әрекеттесуінен туындайтын қосымша әсер сипаты.
3.1. Коррозиялық бұзылыстар түрлері
Металдың барлық беткі бетін алып жатқан коррозия тұтастай деп аталады. Олар біркелкі және әртүрлі учаскедегі коррозиялық бұзылыстар деп бөлінеді.
Таралмау дәрежесіне сәйкес коррозиялық дақ, жара және нүктелер (питтинг) деп ажыратады.
Коррозия процесінің негізінде металл және қоршаған орта компоненттерінен тұратын термодинамикалық тұрақсыз жүйе жатыр. Термодинамикалық тұрақсыздану шаралары — осы компонеттермен металдардың өзара әрекеттесуі кезінде босатылатын бос энергия. Бірақ бос энергия өздігінен коррозиялық процестің жылдамдығын анықтамайды.
Пайдалану жағдайында оттегіге өте көп жақындығы бар металл азырақ емес, керісінше көп есе тұрақты болуы мүмкін (мысалы, алюминий мен хром оксидінің темірге қарағанда бос энергия түзуі жоғары, ал беріктігі жағынан темірден әлдеқайда асып түседі).
Медициналық бұйымдарды коррозиядан қорғау қажеттілігінің туындауы, өйткені олар пайдаланбас бұрын термиялық, химиялық залалсыздандырудан немесе антисептикалық ерітінділермен өңдеуден өтеді. Сонымен қатар, көптеген бұйымдар пайдалану кезінде қан, ірің және т.б. агрессивті заттармен әрекеттеседі.
Медициналық бұйымдардың коррозияға ұшырау жылдамдығы жүйелі түрде стерилдеу немесе дезинфекция, сонымен қатар адамзаттың биологиялық ортасымен әрекеттесуі әсер етеді. Демек, бұйымдардың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін оларды коррозиядан қорғау керек.
Бұйымдардың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін коррозиядан қорғаудың әртүрлі тәсілдерін қолданады. Қолдану уақыты бойынша оларды тұрақты және уақытша деп 2-ге бөлуге болады. Уақытша коррозиядан сақтауды («консервация»), ереже бойынша, сақтау және тасымалдау процестерінде пайдаланады, ал қолданар алдында бұйымның расконсервациясын жүргізеді.
3.2. Уақытша коррозиядан сақтау
Уақытша коррозиядан сақтау (УКС) — металдарды және бұйымдарды коррозиядан олардың дайындалу уақыты, пайдалану, сақтау және тасымалдау заттарымен сақтау, ал ол металл мен бұйымдардың тағайындалуы мен қолдануы алдында алынып тасталады.
УКС металдық жабындысы, сонымен қатар металл емес және бейорганикалық жабындысы бар бұйымдар жатады.
УКС іске асуы белгіленген технология бойынша консервация деп аталады.
3.3. Консервация стадиялары
Консервацияға беткі бетін дайындау, УКС заттарын қолдану (жағу) және орамдау кіреді.
Медициналық бұйымдардың металл бетін дайындаудың кеңінен тараған әдісі — оны май және қарамайдан сулы-сілтілі ертіндіні қолдана отырып майланудан тазарту.
Медициналық бұйымдар үшін келесі консервация тәсілдері ұсынылған: консервациялық майлар, коррозияның контактты немесе ұшқыш ингибиторларымен (консервациялық май, қарамай).
Майлы консервация алдында металл бетін ерітіндіге батыру (трихлорэтилен, бензин) немесе бензинмен суланған матамен сүртеді. Консервация 80-90ОС қыздырылған майға батыру арқылы жүзеге асырылады. Басқа бұйымдарды тампон көмегімен майлайды.
Коррозия ингибиторлары – қорғау заттары (жабынды, орама қағаз) немесе коррозиялық ортаға аса көп емес мөлшерді енгізу кезінде коррозияны баяулататын заттар. Олардың ұшқыш және ұшқыш емес түрлері болады.
Коррозия ингибиторларының ұшқыш ерітінділерін қуысы бар бұйымдарды консервациялау кезінде қолдану тиімді.
Кеңінен таралғаны спиртті, сулы-спиртті немесе 5—10% сулы ерітінділер (гексаметилениминнің метанитробензоаты) және 7—10%
ерітінділері (дициклогексиламин нитриті).
Ұнтақ тәріздес ингибиторлар, таблин және гранлиндерді қуысы бар бұйымдарға қолданады.
Орамдау материалдары ретінде парафинді қағаз, парафинге батырылған конденсаторлы қағаз, екі қабатты орама қағазы, қосымша су өткізбейтін жабындысы бар қағаз қораптар, қалыңдығы 0,15 мм кем емес полиэтилен плёнкасы және олардан жасалған бұйымдар.
Расконсервация консервация тәсіліне байланысты. Коррозия ингибиторларымен қорғалған бұйымдарды сумен дымқылданған дәкемен сүртеді немесе жылы ағынды су астында жуады.
Консервирленген маймен – спирт, еріткіш немесе бензинге шыланған дәкемен сүртеді.
ҚОСЫМША
КЕҢІНЕН ТАРАЛҒАН ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНСТРУМЕНТТЕРДІҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ МЕН СИПАТТАМАСЫ.
Достарыңызбен бөлісу: |