Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет181/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Бейионогенді 
эмульгаторлар 

ерітінділерде 
иондалмайды, 
молекулалары диссоциацияланбайтын заттар (холестерин, твиндер, майлы 
спирттер, целлюлоза және олардың туындылары, өсімдік шырыштары, 
пектинді заттар және т.б.). 
Ионогенді эмульгаторлар. Ионогенді эмульгаторларға жататын 
анионактивті және катионактивті ББЗ, линименттер және жағар майлар 
технологиясында қолданылады. 
Амфотерлі эмульгаторлар. Бұл топтағы эмульгаторлар ақ уызды 
өнімдер. Ақ уыз молекулалары негізгі - NН
2
және қышқыл - СООН топтар 
кіретін аминқышқылының конденсация өнімі. Олар рН мәніне байланысты 
қышқыл немесе негізгі тип бойынша диссоциациялануға ұшырайды. 
Желатоза - Gelatosae. Желатиннің судағы жартылай гидролизінің өнімі 
(1:2). 10,0 г майға 5,0 г желатоза алынады.
Сонымен қатар казеин, натрий казеинаты, құрғақ сүт қолданылады. 
Құрғақ сүттің құрылысы полипептидті, дәмі жағымды. Құрғақ сүтте ақ 
уызды - казеиноген (фосфопротеид) және альбумин, глобулин бар. Майды 
1:1 қатынаста эмульгирлейді. 
Казеинді эмульгатор ретінде А.Л. Каталхерман (1933 ж.) ұсынған, 
жоғары дисперсті эмульсия түзеді. Казеин казеиногеннен - сүт уызынан 
бөлініп алынады, оның құрамына 23,3% глютамин қышқылы, 9,7% лейцин, 
7,7% серин, 7,6% лизин, 6,7% тирозин, 6,5% валин және 6,1% аспаргин 
қышқылы кіреді.
Жұмыртқа сарысы. Құрамында эмульсияланған түрде болатын 29-36% 
майлары және липоидтары бар 17% ақ уыздың ерітіндісі болып табылады. 
Бір жұмыртқа сарысымен 15-20 г майды эмульсиялауға болады. Жұмыртқа 
сарысындағы эмульсиялау агенті - фосфопротеид вителлин болып 
табылады. 
Бейионогенді эмульгаторлар. Дәріханада эмульсиялар дайындау үшін 
шайырлар, пектинді және шырышты заттар кеңінен қолданылады.
Шайырлар - фазааралық шекарада шайырлардан түзілген адсорбциялық 
пленкалар жоғары серпінділігімен және беріктігімен сипатталады. 
Аравия шайыры, гуммиарабик (Gummі arabіcum) - импорттық өнім, 
африкалық акациядан алынады. Жақсы сорттары сарғыштау, жартылай 
мөлдір бөлшектер. Тұрақтандыру үшін 10 бөлік майға 5 бөлік шайыр 
алынады. 
Өрік шайыры (Gummі armenіaca) - өрік ағашы бұтақтарының 
діңгектерінен кесілген және жарылған жерінен алынады. Көп мөлшерде 
Орта Азияда әзірленеді. 10 бөлік майға 5 бөлік шайыр алынады. Қасиеті 
бойынша гуммиарабикті толық алмастырады. 
Трагакант (Gummі tragacanthae) - жоғары белсенді эмульгатор, 10 бөлік 
майға 1,0 г трагакант майда ұнтақ түрінде алынады. Жоғары дисперсті және 
тұрақты эмульсия алу үшін трагакантты гуммиарабикпен біріктіруге болады 
(1:1). 


257 
Өсімдік шырыштары. Салеп шырышы - Mucіlago salep. 10 г майды 
эмульсиялау үшін 1,0 г салеп ұнтағын алу қажет, оны алдын-ала шырышқа 
айналдырады. 
Пектин - Pectіnum. Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын өнім. Пектинді 
өрік шайырымен біріктіреді (1:1). 
 Крахмал - Amylum. Дәріханалық эмульсияларда крахмал шырышы 
түрінде қолданылады (Mucіlago Amylі). 10,0 г майды эмульгирлеу үшін 
5,0 г крахмал керек (10% шырыш дайындалады). 
Целлюлоза және оның туындылары. Крахмалға ұқсас, целлюлозаның 
молекулалық тізбектері глюкозаның қалдықтарынан құрастырылған, бірақ 
олар бұл топтардың кеңістікте орналасумен ерекшелінеді. Гидроксил 
топтарының бар болуына байланысты целлюлозаның этерификациялану 
қабілеті бар. Соның нәтижесінде түзілген туындылар тұрақтандыру қасиетке 
ие. 
Метилцеллюлоза (МЦ) - әртүрлі дәрежелі этерификацияланған 
целлюлозаның метил эфирі, суда ериді. 
Карбоксиметилцеллюлоза 
(КМЦ) 

целлюлоза 
мен 
гликоль 
қышқылының эфирі. КМЦ суда ерімейтіндіктен, оның натрий тұзы (Na-
КМЦ) қолданылады. Дәріханалық эмульсия дайындау үшін МЦ және Na-
КМЦ 1-2% ерітіндісі қолданылады. 
Твиндер, спандар - сорбитанның синтетикалық туындылары. 
Эмульсияның көлемдік салмағының 5-10% мөлшерінде қолданылады. 
Эмульгатор Т-2 - үшглицериннің диэфирі, балауыз тәрізді, қатты, сары 
немесе ашық қоңыр түсті май. Эмульсия алу үшін 10,0 г майға 1,5-2,0 г Т-2 
эмульгаторы алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет