Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет219/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Гидрофильді негіздер 
Гидрофильді негіздердің сумен шексіз араласуы мен суда еруі бұл 
негіздердің өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Гидрофильді негізге дәрілік 
заттың сулы ерітіндісін енгізуге мүмкіндік береді және жағар майдың жоғары 
резорбциясын қамтамасыз етеді. Олардың кейбіреулері теріде серпімді пленка 
түзеді. Гидрофильді негіздер майлы із қалдырмайды және тері мен киімдерден 
оңай жуылады.
Гидрофильді негіздердің кемшілігі: микробты контаминацияға тұрақсыз. 
Гидрофильді негіздер тобына: жоғарғы молекулалы көмірсулар және 
ақуыздар гельдері, синтетикалық ЖМҚ, бейорганикалық заттар, фитостеринді 
негіздер кіреді. 
1. Жоғары молекулалы көмірсулар және ақуыздар гельдері. Крахмал, 
целлюлоза эфирлері, желатин, коллаген жоғарғы молекулалы көмірсулар және 
ақуыздар гельдерінің алу көздері болып табылады. 
Бұл топтың негізін қалаушысы - крахмал гелі. Крахмал-глицеринді гелі 
немесе глицерин жағар майы (Unquentum Glycerіnі) МФ ІХ жазылымы бойынша 
7% крахмалдың глицериндегі ерітіндісі. Кілегей қабатта жеңіл таралатын, түссіз, 
мөлдір, біртекті тұтқыр масса. Ертеректе көз жағар майын дайындау үшін жиі 
қолданылған. Глицерин жағар майының тұрақтылығының төмендігіне және 
синерезиске бейімділігіне байланысты дәріхана тәжірибесінде қолданылмайды. 
Жағар май негізі ретінде целлюлоза эфирінен метилцеллюлоза (МЦ) және 
натрий-карбоксиметилцеллюлоза (NaКМЦ) қолданылады. Көбіне МЦ 5-7% сулы 
ерітінділері қолданылады, олар тұтқыр, құрылымдық гель. МЦ ерітіндісі 


299 
кепкенде теріде тығыз пленка түзеді, осы қасиеті қорғаныс жағар майлар 
технологиясында қолданылады. Кейде метилцеллюлоза гелінің кебуін бәсеңдету 
үшін оның құрамына глицерин қосады. Осындай негіздің құрамы: 6 бөлік МЦ, 20 
бөлік глицерин, 74 бөлік тазартылған су. Негіз сақтау кезінде тұрақты, ортасы 
нейтралды, түссіз эластикалық гель. 
NaКМЦ гельдерінің липофильді негіздерге қарағанда жоғары осмостық 
белсенділігі бар екені анықталған, осыған орай жарадан бөлінетін сұйықтықтарды
сіңіріп, оны тазалайды және некрозды массаларды тартып алуына мүмкіндік 
туғызады. Ұсынылған негіз құрамы: 4,5 бөлік - NaКМЦ, 1,5 бөлік - ПВП, 10 бөлік 
- глицерин, 5 бөлік - пропиленгликоль, 0,025 бөлік - нипагин, 100 бөлікке дейін 
су, жұмсақ және ұзақ осмостық әсері натрий хлоридінің 10% ерітіндісінен 10 есе 
жоғары, іріңді жараларды емдеу үшін кеңінен қолданылады. 
Желатин гелі - желатин-глицеринді негіз ретінде қолданылады, ол 1-3% 
желатиннен, 10-30% глицериннен және 70-80% тазартылған судан тұрады. 
Мөлдір, ашық сары түсті, жараға оңай жағылатын гель, оны тері желімі деп 
атайды. Тығыздығы мен серпімділігі желатиннің сандық мөлшеріне байланысты. 
Желатинді негіздер қорғаныс жағар майларын дайындау үшін қолданылады және 
теріде қататын серпімді пленка түзеді. Теріге балқытылған түрде жағады. 
Желатинді негіздердің кемшілігі синеререзиске қабілетті және микробтық 
контаминацияға тұрақтылығы төмен. 
Негіз ретінде коллагенді гельдерді іс-тәжірибеге енгізу бойынша үлкен 
жұмыстар жүргізілген. Коллаген (Collagenum) - ірі қара малдың терісінен сілтілі - 
тұзды өңдеу арқылы алынатын ақуыз. Басқа негіздерге қарағанда коллагеннің 
емдік және регенерациялық әсері бар. Коллаген ұнтағы 2-5% концентрацияда 
суда ісіну арқылы тұтқыр түссіз гель түзеді және осы гель жағар май негізі 
ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет