301
Липофильді - гидрофильді (дифильді) негіздер
Құрамы жасанды түрде құралған липофильді және гидрофильді қасиеттерге
ие композициялар. Бұл негіздерге суда және майда еритін заттарды, дәрілік
заттардың сулы ерітінділерін енгізуге болады.
Липофильді-гидрофильді
негіздер
көмірсутектермен
салыстырғанда
жағармайдағы дәрілік заттардың жоғары резорбциясын қамтамасыз етеді. Тері
қабатындағы газ және жылу алмасуына кері әсер етпейді.
Жақсы консистентті
қасиеттерге ие. Липофильді-гидрофильді негіздер адсорбциялық және
эмульсиялық болып бөлінеді. Бұл екі топтың негізгі міндетті компоненті -
эмульгатор (ББЗ) кіреді.
а) Жағар майлардың адсорбциялық негізі
- липофильді негіздің
эмульгатормен (ББЗ) сусыз композициясы, ол сулы фазаны байланыстырып С/М
типті, эмульсиялық жүйені құрайды. Адсорбциялық жағармай негізінің құрамына
көбінесе вазелин, вазелин майы, церезин және т.б. көмірсутектердің
эмульгатормен қоспасы кіреді. Адсорбциялық негіздің
құрамына кіретін ББЗ
жағармайдың терапевтік белсенділігін жоғарылатады. Адсорбциялық негіздер
эмульсиялық жағармайды және судың қатысында гидролизге ұшырайтын дәрілік
заттардан жағармай дайындау үшін қолданылады.
Адсорбциялық негіздер:
Достарыңызбен бөлісу: