Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Эмульгатор ретінде ионогенді немесе бейионогенді ББЗ қолданылады



Pdf көрінісі
бет224/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Эмульгатор ретінде ионогенді немесе бейионогенді ББЗ қолданылады. 
Су/май типті эмульсиялық жүйелерге поливалентті сабындар: эмульгатор N 
1 және 2 - өсімдік майларынан алынған майлы қышқылдардың мырыш және 
кальций сабындары, олар іс-тәжірибеде кеңінен қолданылмайды. 
Кеңінен қолданылатын эмульгаторларға бейионогенді: жоғары молекулалы 
алифаттық спирттер және олардың туындылары, көпатомды спирттердің 
эфирлері, майлы қанттар жатады. 
Жоғары молекулалы алифаттық спирттер. Оларды алу көзі - кашалот 
майы. 
Перспективті 
эмульгатор 
липофильді-гидрофильді 
негіздер 
үшін, 
эмульсияларды, суспензияларды, линименттерді тұрақтандыру үшін натрий 
лаурилсульфаты - күкірт қышқылының додецил эфирінің натрий тұзы [CH
3
(CH
2
)
10
CH
2
OSO] Na қолданылады. 
Ақ немесе сарғыш түсті ұнтақ, суда әлсіз опалесценті ерітінді түзе ериді. 
Натрий лаурилсульфаты, анионактивті БАЗ, жоғары эмульгирлеуші әсері, жаңа 
гидрофобты-гидрофильді негіздерді зерттеген кезде және гетерогенді жүйелерді 
тұрақтандырғанда қолданылады. 
П.С. Угрюмов және В.И. Федоров ұсынған, эмульгатор N 1 - 70-73% 
кашалот майының жоғары молекулалы спирті мен 27-30% сол спирттердің 
сульфоэфирлерінің натрий тұзының қоспасы. 
Қоңыр-сары түсті, ұстағанда майлы, өзіне тән иісі бар, балқу температурасы 
50-58 
0
С болатын қатты масса. Суда іс жүзінде ерімейді, эфирде ериді, 
хлороформда жеңіл ериді. Эмульгатор N 1 майлармен жақсы араласады, жоғары 
эмульсиялаушы қасиетке (1 бөлік эмульгатор 9 бөлік суды эмульсиялайды) ие. 
Линимент және жағармай негіздеріне 10-20% мөлшерде қосылады. 
Жоғары молекулалы циклдік спирттер және олардың туындылары. 
Оларды алу көзі ланолин. 
1) Жүн балауызының спирттері - көмірсутек атомдары саны 27-30 болатын 
алифаттық спирттер қоспасы. 
Сары-қоңыр түсті, суықта сынатын және қыздырған кезде жұмсаратын, әлсіз 
өзіне тән иісі бар, балқу температурасы 58-60 
0
С, қатты масса.
Жүн 
балауызы спирттерінің ланолиннен айырмашылығы теріге 
тітіркендіргіш және аллергиялық әсерлер көрсетпейді. 
2) Полиоксиэтиленген ланолин - этилен тотығының ланолин эфирлерімен 
қосылған өнімі. Суда және сұйытылған этанолда ериді. Суда еритін ланолин 
өндірісте «Водлан-45», «Водлан-60», «Водлан-92,5» атауымен шығарылады және 
косметикалық құралдар өндірісінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет