Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін



Pdf көрінісі
бет296/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін 
тұрақтандыру. Бұл топқа алколоид тұздарының және синтетикалық азотты 
негіз тұздары ерітінділері жатады. Олар шаншуға арналған ерітінділер 
ассортиментінде едәуір орын алады. Ерітінділер негіздің күшіне байланысты 
нейтралды немесе әлсіз қышқыл реакциялы болуы мүмкін. ВА тұзы В
+
және А
-
иондарына толық диссоциацияланады. Су диссоциациясы нәтижесінде 
түзілген гидроксий иондары аз диссоциацияланатын негізге байланысады. 
Осыдан ерітіндіде Н
+
бос иондары жиналып, рН мәні төмендейді. 
ВА + НОН ВОН + Н

+ А

Бұл ерітінділерге бос қышқыл, яғни сутек иондарының артық мөлшерін 
қосу, гидролизді бәсендетіп, тепе-тендікті солға ығыстырады. 
Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздарды хлорсутек 
қышқылының ерітіндісін қосу арқылы (0,1 моль/л) тұрақтандырады. Ерітіндіні 
тұрақтандыру үшін қажет қышқыл мөлшері препараттың қасиетіне 
байланысты анықталады. 
Жиі шығын нормасы 1л тұрақтандыратын ерітіндіге 10 мл қышқыл 
ерітіндісі құрайды, осыған байланысты хлорсутек қышқылының (0,001 моль/л) 
рН=3,0-4,0 болатын ерітіндісі түзіледі. 
Бұл топқа стрихнин нитраты, дибазол, дикаин, атропин сульфаты 
ерітінділері жатады. Ерітінділерді тұрақтандыру үшін 1л ерітіндіге хлорсутек 
қышқылының (0,1 моль/л) ерітіндісінен 10 мл, ал 1-5% морфин 
гидрохлоридының ерітіндісіне 10-20 мл қосады. Совкаин ерітіндісіне 6 мл 
0,1 моль/л хлорсутек қышқылын қосады. Лобелин гидрохлоридының 1 л 
ерітіндісіне 15 мл хлорсутек қышқылын қосады. 0,25; 0,5; 1; 2% новокаин 
ерітінділерін сәйкес 3; 4; 9; 12 мл 0,1 моль/л тұз қышқылымен 
тұрақтандырады. 
Натрий хлоридінің изотондық ерітіндісіндегі новокаиннің 1-2% тұрақты 
ерітіндісін алу үшін 1 л ерітіндіге 0,1 моль/л хлорсутек қышқылынан 5 мл қосу 
қажет. 
Жұлын милы анестезияға арналған 5 % новокаин ерітіндісі асептикалық 
жағдайда тұрақтандырусыз, алдын-ала новокаинді кептіргіш шкафта 
стерильдеп, дайындалады.
Rp.: Solutіonіs Atropіnі sulfatіs 0,1 % - 50 ml
Sterіlіsetur! 
Da Sіgna. 1 мл 2 рет тері астына 


394 
Ерітіндінің жалпы көлемі:
V
ж
= 50мл 
Атропин сульфаты улы зат. 
Дозасын тексеру: 
0,1 – 100
х – 50 х = 0,05 г дәрілік зат
0,05 – 50 мл
х – 1 мл х = 0,001 ЖРД
0,001 х 2 = 0,002 ЖТД 
Рецепт бойынша:
МФ Х бойынша:
ЖРД: 0,001
0,001 
ЖТД: 0,002
0,003 
Дозасы аспаған 
Атропин сульфаты: әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз 
хлорсутек қышқылмен тұрақтандыруды қажет етеді.
Тұрақтандырғышты есептеу: 
0,1моль/л НСl 10 мл - 1000 мл ерітіндіге 
х -
50 мл х = 0,5 мл 0,1 моль/л хлорсутек 
қышқылы 
БП 
Aquae pro іnjectіonіbus 50 ml 
Atropіnі sulfatіs 0,05 
Sol. Acіdі hydrochlorіcі 0,1 моль/л - 0,5 ml (X guttas) 
V
ж 
= 50 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет