Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Тұрақтылығына әсер ететін қоспалар



Pdf көрінісі
бет294/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Тұрақтылығына әсер ететін қоспалар. Мысалы, натрий гидрокарбонат 
квалификациялары х.т., т.ү.т, ГОСТ 4201-66 талаптарына, сонымен қатар 
«инъекцияға жарамды», түстілігі және мөлдірлігі бойынша қосымша 
талаптарға жауап беруі керек. Кальций және магний иондары 0,05% көп 
болмауы керек. 
Стерильді ерітінділерді дайындау үшін қолданылатын дәрілік және 
қосымша заттар асептикалық блокта штангластарда тығыз жабылатын 
шкафтарда, олардың физика-химиялық қасиеттеріне сәйкес ластануын 
болдырмайтын жағдайларда сақталуы тиіс. Штангластар әрбір толтырар 


390 
алдында жуылып, стерильденуі қажет (ҚР Ұлттық экономика министрінің 
19.03.2015 ж. № 232 бұйрығына сәйкес). 
Дәріханалардағы шаншуға арналған ерітінділерді дайындаудың 
технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады: 
- бөлмені-асептикалық блокты дайындау;
- фармацевт-технологты дайындау;
- ыдыстарды және қосымша материалдарды дайындау;
- дәрілік заттар мен еріткіштерді дайындау; 
- дәрілік заттарды еріту;
- тұрақтандыру;
- фильтрлеу;
- ерітінді құрамындағы әсер етуші заттарды химиялық талдау;
- флаконды тығындап, механикалық қоспалардың болмауын бақылау; 
- тығынды бекітіп, маркалау;
- ерітіндіні стерильдеу;
- ерітіндінің мөлдірлігін анықтау, түстілігін, механикалық қоспалары
болмауын анықтап, химиялық талдау жасау;
- безендіру және босату. 
Ыдыстарды және қосымша материалдарды дайындау. Дәріханада 
стерильді ерітінділерді бөлшектеп құю, стерильдеу, сақтау және босату үшін 
бейтарап шыныдан жасалынған, құтылар: 
- сыйымдылығы 50, 100, 250, 400, 500 мл НС- 2 шыныдан жасалынған, қан 
құюға арналған шыны құтылар; 
- сыйымдылығы 10 және 20 мл НС-1 шыныдан жасалынған медициналық 
препараттар үшін қолданылатын (антибиотиктер) дрот флакондар; 
- сыйымдылығы 10, 20, 250 және 500 мл АБ-1 сілті шыныдан жасалынған 
флакондар қолданылады. 
Шаншуға арналған ерітінділерді орамдауға арналған құтылар - 
ерітінділердің сілтіленуін, тұнба түзілуін, басқа да қолайсыз өзгерістерді 
болдырмайтын бейтарап маркалы шыныдан жасалынған болуы тиіс. 
Сондықтан, дәріханаға белгісіз маркалы ыдыстар түскен кезде, шыны 
сілтілігін анықтау қажет. 
Оны анықтау екі түрлі әдіспен жүргізіледі: 
1 әдіс. Әр партиядан бақылауға алынған 5 флаконды 2 рет ағынды сумен, 
толтырып, тығындап, бу стерилизаторында (автоклав 121 
0
С температурада, 1,1 
атм.) 30 минут немесе 100 
0
С температурада 1 сағат стерильдейді. Суыған соң 
бастапқы тазартылған судың рН мәнін анықтайды. Егер ауытқу 1,7-ден жоғары 
болса, онда шыны сілтілі және ыдыстардың барлық партиясын жуып болған 
соң өңдейді. 
2 әдіс. Бақылауға алынған 5 флаконды жоғарыда көрсетілгендей жуып, 
оның 3/4 көлемін метил-қызылдың қышқылы ерітіндісімен толтырып, бу 
стерилизаторында (автоклавта) стерильдейді. Егер стерилденген соң ерітінді 
түсі қызылдан сарыға өзгерсе, онда шыны сілтілі және ыдыстарды жуып 
болған соң өңдеу қажет. 


391 
Дәріханада ерітінділерді бөлшектеп құюға арналған ыдыстар қазіргі 
кездегі талаптарға сәйкес өңдеудің келесі этаптарынан өтуі тиіс: суға салып 
қою, жібіту, жуу (қолымен немесе машинамен), шаю (қолмен немесе 
машинамен), кептіру (немесе стерильдеу), өңделу сапасын бақылау (қажет 
болса). 
Ыдыстарды өңдеу үшін жуғыш және дезинфекциялық заттар 
қолданылады. 
Дезинфекциялық құралдар: сутек асқын тотығы, этил спирті, трикрезол, 
бейтарап анолит, 1% дезаксон-1 ерітіндісі тағы да басқалар. 
Дәріхана ыдысын өңдеу технологиялық процесс, жуылған ыдыстың 
сапасын бақылау ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 
наурыздағы № 232 "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар 
мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге 
қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар" 
бұйрығы 
талаптарына сай жүргізіледі. 
Өндеуден кейін ыдыстар жылу стерилизаторларында 120 
0
С 45 минут 
немесе кептіргіш шкафтарда 180 
0
С 60 минут стерильделінеді. 
Шаншуға арналған ерітінділерді тығындау нұсқауына байланысты ТУ 
38006269-76 талаптарына жауап беретін, маркасы: 
- ИР-21 (сарғыш түсті) силиконды резинадан тұратын,
- 25П (қызыл түсті) табиғи каучуктан тұратын; 
- 52-369, 52-369/1 және 52-369/2, (қара түсті) бутил каучуктен тұратын 
резеңке тығындар қолданылады. 
Резенке және буып түйілген дәрі-дәрмектерді тығыздап жабуға арналған 
қалпақшалар мен тығындарды өңдеу және стерилдеу ҚР Ұлттық экономика 
министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232 "Дәрілік заттардың, 
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы 
саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар" бұйрығының 6 қосымшасына сәйкес жүргізіледі. 
Өңдеп болған соң тығындарды бикстерге салып, бу стерилизаторларында 
121 
0
С 45 минут стерильдейді. Жабық бикстерде 3 тәулік уақыт сақталады. 
Бикстерді ашқан соң тығындарды 24 сағаттың ішінде пайдалану қажет. 
Қосымша материалдар (мақта, дәке, пергамент қағаз, фильтрлер және т.б.) - 
үшінші қосымшаға сәйкес стерильденеді. Ашылған материалдар 24 сағат 
ішінде қолданылуы тиіс. Стерильді қосымша материалдар жабық түрінде 3 
тәулік уақыт сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет