418
6) Комплексті әсерлі қан алмастырғыштар.
Құрамына плазма алмастырғыш
ерітінділердің бірнеше топтары кіретін, кең спектрлі ерітінділер.
Дәріхана жағдайында бірінші топқа жататын тұзды қан алмастырғыш
ерітінділер дайындалады.
Натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі
Rp.: Solutіonіs Natrіі chlorіdі іsotonіcae 1000 ml
Sterіlіsetur!
D.S. Шаншуға
Натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі 0,9 %, есептеулер жүргізу керек
0,9 - 100
х - 1000 х = 9,0
БП
Aquае pro іnjectіonіbus 1000 ml
Natrіі chlorіdі 9,0
V
ж
= 1000 ml
Технологиясы:
Натрий хлоридін алдын-ала
пирогендік заттарды жою
үшін стерилизаторда 180
0
С 2 сағат қыздырып алады да, сонан соң апирогенді
суда ерітеді. Ерітіндіні фильтрлеп,
флакондарға құйып, тығындайды да бу
стерилизаторында 120
0
С температурада 15 мин стерильдейді.
Натрий хлориді ерітіндісі түссіз, мөлдір, рН мәні 5,0-7,0,
тұзды дәмі бар
сұйықтық. Ерітінді стерильді, апирогенді. Сақталу мерзімі 1 ай.
Достарыңызбен бөлісу: