Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Көз тамшыларының және көзге арналған ерітінділердің әсерін



Pdf көрінісі
бет322/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Көз тамшыларының және көзге арналған ерітінділердің әсерін 
ұзарту. Көз тамшыларының кемшілігі - құрамында арнайы қоспалары жоқ 
дәрілік заттардың сулы ерітінділерінің терапевтік әсері қысқа болады. Бұл, 
науқасқа және медициналық персоналға қолайсыз, сонымен қатар көзге 
қауіпті, оларды жиі инстилляциялау қажеттілігімен түсіндіріледі. Мысалы, 
пилокарпин гидрохлоридінің сулы ерітіндісінің максимум гипотензивтік 
эффектісі, глаукомамен ауыратын науқастарда, 2 сағат аралығында 
байқалады, 
сондықтан 
көз 
тамшысы 
тәулігіне 

ретке 
дейін 
инстилляциялауды қажет етеді. Осы кезде көз іші қысымының тез өзгеруі 
байқалады.
Сулы ерітінділерді жиі инстилляциялау, құрамында лизоцим бар көз 
жасы сұйықтығын жуып, соның әсерінен инфекциялық процестің пайда 
болуына жағдай жасайды. 
Көз тамшыларының инстилляциялау жиілігін қысқарту және бірден көз 
ұлпаларымен жанасу уақытын ұзарту үшін, дәрілік заттардың әсерін ұзарту: көз 
тамшыларының құрамына тұтқыр еріткіштер, синтетикалық гидрофильді ЖМҚ, 
метицеллюлоза (0,5-2%), карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы (0,5-2%), 
поливинил (1,5%), полиглюкин және т.б. қосу арқылы жүргізеді. Бұл заттар 
көздің шырышты қабығын тітіркендірмейді, кей жағдайларда көздің мүйізді 
қабығының эрозиясының эпителизациясын тездетеді және де көптеген дәрілік 
заттармен, консерванттармен сыйымды.
Сонымен бірге көзге арналған ерітінділердің әсерін ұзарту үшін, 
конъюнктивті қалтаға енгізілетін, таблеткалар (oculents), жартылай өткізгіш 
капсулалар, желатинді дискілер, желатин-глицеринді дискілер (ламеллалар - 
lamellae) ұсынылған. Келтірілген дәрілік түрлер кейбір артықшылығына 
қарамастан кеңінен қолдану таппаған, себебі көз жасы сұйықтығында нашар 
ериді. 
Көз тамшысының әсерін ұзартудың (пролонгирлеу) бір түрі көзге 
арналған пленкаларды қолдану - дәрілік көз пленкалары (ДКП). ДКП алғаш 
бүкіл одақтық медициналық техниканы ғылыми зерттеу және сынау 
институтында, 
Гельмгольц 
атындағы 
Мәскеулік 
ғылыми 
зерттеу 
институтында және И.М.Сеченов атында бірінші Мәскеулік медицина 
университетінің дәрілер технологиясы кафедрасында зерттелген. ДКП 
технологиясы өндірістік дәрілер технологиясы курсында қарастырылады. 
Көз тамшыларының және көзге арналған ерітінділердің сапасын тексеру: 
химиялық (сандық, сапалық) талдау жүргізіледі, механикалық қоспаның 
болмауын, түстілігі, көлемінің сәйкестігі тексеріледі. 


433 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет