436
енгізу
Механикалық қоспаның
болмауы
Фильтрлеу
Рационалды орауыш
Тамызғыш –флакондар
- көз тамшылары мен ерітінділерінің
сапасын бағалауда, әсіресе, олардың
стерильділігін тексергенде адекватты экспресс бақылау әдістерін жете
зерттеу;
- көз тамшыларын, ерітінділерін, жағар
майларын радикалды жетілдіру,
оларды бір рет қолданылатын орауыштағы дайын дәрілік құралдар
ретінде шығару.
Бақылау сұрақтары:
1. Көзге арналған дәрілік түрлер қалай жіктеледі?
2. Көз тамшылары мен көзге басуға арналған ерітінділердің стерильділігін
қалай қамтамасыз етеді?
3. Шаншуға арналған ерітінділер мен көз
тамшыларын сапасын бағалау
көрсеткіштері бойынша салыстырыңыздар.
4. Көзге арналған ерітінділерді тұрақтандырудың қандай жолдары бар?
5. Көз тамшысының инстилляциясы салдарынан пайда болатын жағымсыз
әсерлерді жоюдың қандай жолдары бар?
6. Көз тамшыларын механикалық қоспалардан қалай тазартады?
7. Көз тамшыларының технологиясында қандай жағдайда концентрлі
ерітінділер қолданылады? Олардың дайындалу және сақталу шарттары.
8. Көз тамшылары мен көзге арналған ерітінділердің сапасын бағалау.
9. Көз тамшыларын буып-түю және орамдау ерекшеліктері.
10. Көз жағар майларына қандай талаптар қойылады?
11. Көз жағар майларында қолданылатын негіздер
және оларды стерильдеу
жолдары.
12. Дәрілік заттар негізге қалай енгізіледі?
13. МФ Х басылымына қандай көз жағар майлары енгізілген?
14. Дерматологиялық және көз жағар майлары технологиясының ұқсастығы
неде?
15. Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын және технологиясын жетілдіру
қандай бағытта жүргізіледі?
Достарыңызбен бөлісу: