439
бірақ күшті қышқылдар мен сілтілер ерітінділерінде қыздырған кезде жеңіл
бұзылады. Левомицетин сілтілі ортада гидролизге ұшырайды. Полимиксин М
сульфаты қышқылды ортада тұрақты және сілтілі ортада ыдырайды.
Антибиотиктермен дәрілік түр дайындаған кезде олардың әртүрлі
еріткіштермен сыйымдылығын ескеру керек. Мысалы, грамицидин ампулада
2% спиртті ерітінді түрінде шығарылады. Оның емдік ерітіндісін алу үшін
100 есе 70% спиртпен, шаншуға арналған сумен немесе кәдімгі ауыз суымен
сұйылтады. Левомицетин де спиртте жеңіл ыдыраусыз ериді.
Пенициллин тұздары спиртпен әрекеттесіп,
антибактериалды қасиеті
жоқ, пеницилл қышқылының күрделі эфирлерін түзеді.
Антибиотиктермен дәрілік түрлер дайындау. Пенициллиндер -
эффективтілігі жоғары, улылығы төмен антибиотиктер. Пенициллиндерді
қолдану кезінде олардың ағзадан тез бөлініп шығатынын ескеру керек,
сондықтан оларды міндетті түрде тәулігіне 4-5 рет белгілейді.
Енгізу санын
дозасын жоғарылату арқылы қысқарту негізсіз, себебі сирек енгізу
кезінде қанда да, зақымдалу ошағында да антибиотиктің терапевтік
концентрациясын тұрақты ұстап тұру мүмкін емес. Дәріханада
пенициллиндермен жиі: көз,
мұрын және құлақ тамшылары, қуыстарды
жууға арналған ерітінділер,
ұнтақтар, сеппелер, көзге арналған және
дерматологиялық жағар майлар дайындалады.
Құрамына пенициллин кіретін дәрілік түрлерді, басқа антибиотиктер
секілді, пенициллинді
пенициллиназадан қорғайтын, асептикалық
жағдайда дайындау керек.
Қуыстарды
жууға
арналған
бензилпенициллин
тұздарының
ерітінділерін және көз тамшыларын асептикалық жағдайда,
натрий
хлоридінің изотондық ерітіндісінде дайындайды.
Rp.:
Benzylpenіcіllіnі-natrіі 200 000 ED
Solutіonіs Natrіі chlorіdі іsotonіcae 150 ml
M.D.S. жараны жууға
Есептеу:
N 25 кестеге сәйкес 1000 000 – 0,65 бензилпенициллин натрий тұзы
200 000 – х
х = 0,13 бензилпенициллин натрий
Натрий хлориді
0,9 – 100 мл
х – 150 мл х =
100
150
9
,
0
= 1,35 г.
БП
Aguae pro іnjectіonіbus 150 ml
Natrіі chlorіdі 1,35
Benzylpenіcіllіnі natrіі 0,13
V
ж
= 150 ml