75
г) эмульсиялар – бір-бірінде ерімейтін, немесе аз еритін өзара араласпайтын
екі сұйықтықтан тұратын дисперстік жүйелер. Сұйық фаза тамшысының
өлшемдері 20 мкм-ден аспайды.
д) аралас немесе күрделі жүйелер.
Технологиялық процестер мәні: еріту, пептизациялау, суспензиялау,
эмульсиялауға тіреледі.
Бұл топқа микстуралар, ішуге және сыртқа қолдануға
арналған тамшылар, шаюға, басуға арналған ерітінділер (дәрілі дымқыл дәке),
сулы, спиртті және т.б. сығындылар жатады.
Бұл топ ішіндегі негізгі орынды шаншуға арналған дәрілік түрлер алады
(ерітінділер, коллоидтар, суспензиялар, эмульсиялар). Оларды жеке топқа бөлу –
қолдану
тәсілінің ерекшелігіне, стерильдеу және асептикалық дайындау
жағдайларының қажеттілігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: