3. Дисперстік ортасы пластикалық немесе тұтқыр жүйелер. Бұл
жағдайда агрегаттық күйіне байланысты дисперстік орта сұйықтық және қатты
дене арасынан орын алады. Фаза дисперстігі және агрегаттық күйі бойынша бұл
жүйелер дисперстік ортасы сұйық жүйелер секілді бөлінеді: ерітінділер,
коллоидтар, суспензиялар, эмульсиялар, аралас немесе күрделі жүйелер. Оларды
келесі топтарға бөлу тиімдірек:
1) формасы жоқ жүйелер, жалпы масса түрінде болады (жағар майлар,
пасталар). Оларға геометриялық форма беру мүмкіндігі болмайды;
2) формасы бар жүйелер, олардың белгілі бір геометриялық формасы болады
(суппозиторийлер, шариктер, таяқшалар). Олар қалыпқа құю немесе қолмен
илеу арқылы алынады.
4. Дисперстік ортасы қатты жүйелер. Дисперстік фаза еріген, қоспа
түрінде немесе эмульсияланған болуы мүмкін. Бұл жүйелер де формасы бар
және формасы жоқ жүйелер болып бөлінеді. Жиі қолданылатын түріне – майлы
массалар және қатты полиэтиленгликоль негізінде дайындалған құйылған
немесе престелген шариктер жатады.
5. Дисперстік ортасы газ тәріздес жүйелер. Бұл топқа газды қоспалар –
ерітінділер аналогтары, аэрозольдер – коллоидты ерітінділер аналогтары,
тұмандар – эмульсиялар аналогтары және шаңдар - қоспа аналогтары
(ингаляциялар, темекілер) жатады.
ІІ. Байланысты-дисперсті жүйелер. Бұл жүйелер қатты денелердің майда
бөлшектерінен тұрады. Бөлшектері бір-бірімен жанасқан және дисперстік
ортада өзіндік кеңістіктік торлар және қаңқа құра молекулалық күштер есебінен
жанасу нүктесінде біріктірілген. Фаза бөлшектерінің ығысу мүмкіндігі жоқ, тек
тербелмелі қозғалыстар ғана жасай алады. Байланысты -дисперсті жүйелердің
дисперстік ортасы болуы да, болмауы да мүмкін.
Дисперстік ортасы жоқ жүйелер. Бұл ұнтақтарды жанастыру немесе
желімдеу арқылы алынған қатты саңылаулы денелер (түйіршіктер, престелген
таблеткалар). Бұл топқа, сонымен бірге қатты микрокристалды балқымалар да
жатады (какао майы, қатты парафин).
Достарыңызбен бөлісу: |