81
гигроскопиялылығы төмендейді).
Аэросилді пилюляларға қосу, сақтау
кезіндегі кебуге тұрақтылығын едәуір арттырады. Ол суппозиторийлік
массаның тұтқырлығын жоғарылатып, оған гомогендік сипат береді, сонымен
бірге, дәрілік құралдардың біркелкі
таралуын қамтамасыз етіп, сұйық және
гигроскопиялық заттарды енгізуге мүмкіндік береді.
Синтетикалық және жартылай синтетикалық қосымша заттар
Еритін Метилцеллюлоза (Methylcellulosum solubіle) –
целлюлоза мен
метанолдың қарапайым эфирі. Сарғыш түсті, түйіршіктелген немесе
талшықты, иіссіз, дәмсіз ұнтақ. Суық суда,
глицеринде ериді, ыстық суда
ерімейді. Ерітінділері айқын беттік-белсенді қасиеттерге ие. Концентрлі
ерітінділері жалған пластикалық, кептірген кезде жұқа тығыз пленка түзеді.
Метилцеллюлозаның (МЦ) сулы ерітінділерінің
жоғары сорбциялық,
эмульсиялаушы қасиеттері бар. Технологияда 0,5-1% ерітінділері
қоюлатқыш, тұрақтандырғыш ретінде, жағар
майлар мен линименттердің
гидрофобтық
негіздерін
гидрофилизациялау,
суспензиялар
мен
эмульсияларды дайындау кезінде эмульгатор және стабилизатор ретінде,
сонымен қатар, көз тамшылары үшін пролонгатор ретінде қолданылады. 3-8%
сулы ерітінділері глицеринмен глицерогельдер түзіп, жағар майларға кеуіп
кетпейтін негіздер ретінде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: