83
этанол, глицерин,
өсімдік майлары, вазелин майы, полиэтиленоксид,
пропиленгликоль, силиконды сұйықтықтар (эсилондар),
бензилбензоат және
т.б. қолданылады. Қатты дәрілік түрлерді дайындау үшін қосымша заттар
ретінде сүт қанты, крахмал, тальк, дәрілік өсімдіктердің ұнтақтары, олардың
экстракттары және дәрілік препараттың түріне байланысты басқа да көптеген
компоненттер қолданылады. Жағар майлар технологиясында негіздер ретінде
көбінесе тұтқыр пластикалық заттар және олардың қоспалары қолданылады:
липофильді (вазелин, майлар, силиконды негіздер және т.б.); гидрофильді
(полиэтиленоксидті,
крахмал-глицеринді негіздер, МЦ және олардың
туындыларының
ерітінділері);
дифильді
(эмульсиялық
негіздер).
Суппозиторийлерді
дайындау
үшін
суда
еритін
(желатин,
полиэтиленоксидтер) және суда ерімейтін (какао майы, бутирол,
гидрогенизацияланған майлар) заттар қолданылады.
Тұрақтандырғыш заттар (стабилизаторлар). Тұрақтылық – дәрілік
құралдардың белгілі бір уақыт аралығында өзінің физика-химиялық және
микробтарға қарсы қасиеттерін сақтау қасиеті.
Дәрілік препараттарды
тұрақтандыру қазіргі кезде комплексті актуальды мәселе болып табылады:
дисперстік жүйе ретіндегі дәрілік түрлердің тұрақтылығы (ерітінділер,
суспензиялар, эмульсиялар), дәрілік құралдардың (табиғаты әртүрлі
химиялық қосылыстар) тұрақтылығы, дәрілік
препараттың микробтық
контаминацияға тұрақтылығы.
Достарыңызбен бөлісу: