89
бірнеше
маркалары болады, колонкадағы тарирлі таразы, немесе Мор
таразысы (сурет-7); Т-2 – 2-ші класты техникалық таразы.
Дәрілік
препараттарды дайындау кезінде құрғақ, қою және сұйық заттарды
салмақ бойынша дозалау үшін жіберілетін жүк шегі 50 г 1 кг
дейін
болатын тарирлі таразылар қолданылады. Салмақ бойынша дозалау –
тарирлеу, яғни, тараға тең тара массасын теңестіруге негізделгендіктен,
оларды тарирлі деп атайды.
Дәл дозалауды қамтамасыз ету үшін, конструкциясына байланыссыз,
таразылар 4 негізгі метрологиялық қасиеттерге ие болуы тиіс:
тұрақтылық, сезімталдық, дәлдік, көрсеткіштердің бір қалыптылығы.
Тұрақтылық – тепе-теңдік қалыптан шығарылған, бірақ,
бастапқы
қалпына 4-6 тербелістен соң қайта келетін таразы қабілеті.
Сезімталдық – тостағаншаларда жатқан жүктер арасындағы
минимальды айырмашылықты көрсететін таразы қабілеті.
Таразы сезімталдығы иінағаш иығы ұзындығына тура және иінағаш
салмағына, жүксалмаққа (тостағанша салмағына, жүкке, артық тиеуге),
иінағаштың иілген шамасына, сүйеу (трек) нүктесінен иінағаштың
орталық күшіне дейінгі қашықтыққа кері пропорционалды.
Таразы сезімталдығы келесі теңдеумен анықталады:
мұндағы:
S – сезімталдыдық, мм/мг;
L – иінағаштың иығының ұзындығы, мм;
P – тостағаншаның жүкпен салмағы, мг;
p – таразыны тепе-теңдік жағдайдан шығаратын, артық тиеу салмағы, мг;
h – сүйеу нүктесінен, жүк көтергіш және
тірегіш призмаларды қосатын
сызыққа дейінгі қашықтық, мм;
R – иінағаш салмағы, мг;
m – тірек нүктесінен иінағаштың орталық күшіне қашықтық,мм;
Z – бағыттағыш (стрелка) ұзындығы, мм;
X – шкаланың бөліну бағасы, мм.
Теңдеуде көрсетілгендей L, R, m, Z, X шамалары таразының
құрылымына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: