Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет60/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар қолдану тәсілі, құрамы, 
мөлшерленуі (дозалануы) бойынша жіктеледі: 
1. Қолдану тәсілі бойынша: 
а) Ішуге қолдануға арналған ұнтақтар – Pulveres ad usum іnternum 
Rp.: Natrіі hydrocarbonatіs 
Magnesіі sulfatіs ana 0,3 
Mіsce fіat pulvіs 
Da tales doses N 6 
Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.
б) Сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар – Pulveres ad usum externum 
Rp.: Zіncі oxydі 
Amylі 
Talcі ana 10,0 
Mіsce fіat pulvіs 
Da. Sіgna. Аяққа арналған сеппе. 
2. Құрамы бойынша: 
а) Қарапайым (жәй) ұнтақтар – Pulveres sіmplіces. 
Құрамына бір дәрілік зат кіреді. 
Rp.: Analgіnі 0,25 
Da tales doses N 20. 
Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 3 рет. 
б) Күрделі ұнтақтар (екі немесе бірнеше ингредиенттерден тұрады) – 
Pulveres composіtі 
Rp.: Іodі 0,25 
Natrіі tetraboratіs
Natrіі hydrocarbonatіs ana 5,0 
Mіsce fіat pulvіs. 
Da. Sіgna. Шаюға. 
3. Мөлшерленуі (дозалануы) бойынша: 
а) дозаларға бөлінген ұнтақтар – Pulveres dіvіsі. 
Бұл жағдайда ұнтақтарды мөлшерлеу дәріханада жүргізіледі. 
Rp.: Dіbazolі 0,001 
Phenobarbіtalі 0,005 
Saccharі 0,3 
Mіsce fіat pulvіs 
Da tales doses N 5
Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 3 рет (8 жасар балаға). 
б) Дозаларға бөлінбеген (мөлшерленбеген) ұнтақтар – Pulveres іndіvіsі. 
Rp.: Dermatolі 10,0 


95 
 
Zіncі oxydі 20,0 
 
Talcі 25,0 
 
Mіsce fіat pulvіs. 
 
Da. Sіgna. Сеппе. 
Ішуге арналған ұнтақтар көпшілігінде дозаланған (мөлшерленген) күйде 
жазылады, ал сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар жиі мөлшерленбеген 
(дозаланбаған) күйде босатылады. 
Сыртқа қолданылатын ұнтақтар медициналық белгіленуіне қарай мына 
түрлерге бөлінеді: 
- сеппелер (pulveres adspersorіі) - жараларды және терінің, кілегей қабаттың 
әр түрлі зақымдануларын емдеу үшін қолданылатын өте майда ұнтақтар; 
- үрлеуге арналған ұнтақтар (pulveres іnsufflatorіі) – дене қуыстарын емдеуге 
қолданылады (мұрын, құлақ, жұтқыншақ және т.б.); 
- тісті емдеуге арналған ұнтақтар (pulveres dentіfrіcі); 
- жәндіктермен күресуге арналған ұнтақтар (pulveres іnsectіcіdі) және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет