111
және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы
талаптарына сай жүргізіледі.
Ұнтақтардың сапасын бағалау. Ұнтақтардың
сапасын бағалау
технологиялық процестің әртүрлі кезеңдерінде жүргізіледі:
- алдынғы кезеңде (сыйымдылығын, өлшемін және т.б. тексеру);
- дайындау сатыларында (біркелкілігін, сусымалдығын, түсінің
және иісінің
ингредиенттерге сәйкестігін тексеру);
- дайын препараттың (органолептикалық бағалау, бөлшектің өлшемін
анықтау, салмағынан ауытқуын және т.б. анықтау);
- босатар кезде бағалау (орамдалуының, безендірілуінің сәйкестігін), қатысты
құжаттардың: жазбаша бақылау паспортының, рецепт көшірмесінің және т.б.
дұрыс жазылуын тексеру.
Ұнтақтардың жеке технологиясы
І. Дозаланбаған ұнтақтар бір тәсілмен жазылады.
Рецептіде босатуға
арналған дәрілік заттардың салмақтық мөлшері көрсетіледі. Мысалы:
Есептеулер:
Rp.: Natrіі hydrocarbonatіs 1,0 1,0
Natrіі tetraboratіs 1,5 1,5
Natrіі chlorіdі 2,0 2,0_____
Mіsce fіat pulvіs m
ж
= 4,5
Da. Sіgna: 1 шай қасықтан 1 стакан суға
араластырып, тамақты шаюға
Дозаланбаған ұнтақтарда дәрілік заттардың жалпы салмағы анықталады. Ал
бақылау паспорты (Б.П.) рецепті қайталайды.
Б.П
Natrіі hydrocarbonatіs 1,0
Natrіі tetraboratіs 1,5
Natrіі chlorіdі 2,0
m
ж
= 4,5
Достарыңызбен бөлісу: