199
Технологиясы: Босататын құтыға тазартылған судан 92,5 мл
өлшеп
алып, бюреткалық қондырғыдан 20 мл глюкозаның 50% ерітіндісін, 37,5 мл
натрий бромидінің 20% ерітіндісін өлшеп құяды. Соңғы кезекте 5 мл
сасықшөп тұндырмасын қосады.
Араластырып, тығындап, ҚР ДСӘД
министрінің 16.04.2015 ж. № 227 бұйрығы талаптарына сәйкес безендіріледі.
Егер дәріханада көрсетілген дәрілік заттардың
концентрлі ерітінділері
жоқ болса, онда дәрілік түрді өлшегіш ыдыста немесе дәрілік заттарды
ерітуге
қажетті су көлемін, олардың көлем ұлғаю коэффициентін (КҰК)
ескеріп дайындайды. Бұл жағдайда дәрілік заттарды жазылымда көрсетілген
су көлемінде ерітуге болмайды, себебі, құрғақ
заттарды еріткенде микстура
көлемінің ұлғаюы, сұйық дәрілік түрлердің жалпы көлемінде жіберілетін (ҚР
Үкіметінің 16.01.2012 ж. № 60 Қаулысы бойынша) ауытқу нормасына
кірмейді. Құрғақ заттардың мөлшері ерітінді көлемін ұлғайтып жібереді.
Жоғарыда келтірілген жазылымдағы микстураны құрғақ дәрілік заттарды
пайдалану арқылы дайындау:
а) Өлшегіш ыдыста дайындау:
Б.П. № 2
Aquae purіfіcatae quantum satіs
Natrіі bromіdі 7,5
Glucosі 10,0
Aquae purіfіcatae ad150 ml
Tіncturae Leonurі 5 ml
Vж. = 155 ml
Достарыңызбен бөлісу: