Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет134/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Технологиясы: Бірден босататын құтыға бюреткалық қондырғыдан 160 
мл тазартылған суды, 15 мл натрий бромидінің 20% ерітіндісін, 20 мл калий 
бромидінің 10% ерітіндісін өлшеп құяды. Содан соң пипеткамен 5 мл жалбыз 
суын қосып, араластырады. Микстураны тығындап, босатуға безендіреді. 
Негізгі этикеткалар «Ішуге», ескерту этикеткалары «Қолданар алдында 
шайқа», «Балалардан сақта». 
б) Егер хош иісті су еріткіш ретінде берілсе, онда ерітінді тек құрғақ 
заттармен дайындалады. Бұл жағдайда олардың мөлшері 3% жоғары болса да 
көлем ұлғаю коэффиценті қолданылмайды, себебі хош иісті сулар өздері 
фармакологиялық әсер көрсетеді, сондықтан олардың көлемін азайтуға 
болмайды. Егер рецептіде белгілі көлемге дейін деген «ad» белгі болса, онда 
қажетті судың көлемі жалпы ережеге сай есептеледі.
Rp.: Natrіі bensoatіs 
Natrіі hydrocarbonatіs ana 0,5 
Lіquorіs Ammonіі anіsatі 4 ml 
 Sіrupі sіmplіcіs 10 ml 
 Aquae Menthae 100 ml
 Mіsce. Da. Sіgna. 1 ас қасықтан күніне 3 рет 
Микстураның жалпы көлемі: Vж. =100 + 4 + 10 = 114 мл; 
Б.П. 
Aquae Menthae 100 ml 
Natrіі bensoatіs 0,5 
Natrіі hydrocarbonatіs 0,5
Sіrupі sіmplіcіs 10 ml 
Lіquorіs Ammonіі anіsatі 4 ml 
Vж. = 114 ml 
Жазылым құрамына мүсәтір анис тамшылары кіреді. Мүсәтір анис 
тамшысын микстураға енгізудің екі жолы бар: 
а) шыныға тигізбей флаконның ортасына (центріне) абайлап ең 
соңында қосу қажет, себебі, анис майынан анетол кристалданып, тұнбаға 
түседі және флаконның ішкі беткейінде ағын түрде ластар түзіледі; 
б) дайын микстураның бір бөлігімен немесе қант шырынымен мүсәтір 
анис тамшысын араластырып, босататын құтыға құю. 
Технологиясы: Қосымша дәрі дайындайтын ыдысқа 100 мл жалбыз 
суын өлшеп, онда 0,5 г натрий бензоатын, 0,5 г натрий гидрокарбонатын 
ерітеді. Флаконға фильтрлеп, оған пипеткамен 10 мл қант шырынын және 
флаконның ортасына (центріне) тамшылатып 4 мл мүсәтір анис тамшысын 
қосады, араластырып, безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту 
этикеткалары «Балалардан сақта» және «Қолданар алдында шайқа». 
Микстуралардың сапасын, ерітінділердің көрсеткіштері бойынша 
бағалайды. 


202 
Дәріханаға микстура жазылған рецепті келіп түскенде, келесі 
шараларды жүргізу керек: 
- рецептінің дұрыс жазылғандығын тексеру; 
- рецептідегі ингредиенттердің сыйымдылығын анықтау;
- микстура көлемін анықтау;
- ішуге қолданатын микстурадағы улы және күшті әсер ететін дәрілік 
заттардың дозасын тексеру;
- құрғақ заттардың мөлшерін есептеу (3% көп немесе аз);
- еріткіш көлемін есептеу; 
- бақылау паспортын жазу;
- технологиясының тиімді вариантын таңдау;
- орамдау, босатуға безендіру, сапасын бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет