195
пипеткамен 5 мл қант шырынын қосып, араластырып, тығындап, ҚР ДСӘД
министрінің 16.04.2015 ж. № 227 бұйрығы талаптарына сәйкес безендіріледі.
Дайындалған дәрілік түрдің көлемі жіберілетін
ауытқу нормаларынан
аспауы керек.
3) Ерітіндінің көлемін есептеген кезде жазылымда салмақ бойынша
дозаланатын (М) (глицерин, медициналық эфир, хлороформ және т.б.)
сұйықтықтардың көлемі (V) ескеріледі.
Осындай сұйықтықтардың көлемі келесі теңдеу бойынша есептеледі:
p
m
V
;
мұндағы:
V - сұйықтықтың көлемі, мл;
m - сұйықтықтың салмағы, г;
- сұйықтықтың тығыздығы, г/мл.
Салмақпен дозаланатын сұйықтықтардың тығыздықтары ҚР ДСМ
15.12.2004 ж. N 142 бұйрығының 1,2 қосымшаларында келтірілген.
Rp.:
Extractі Belladonnae 0,2
Natrіі salіcylatіs 6,0
Glycerіnі 20,0
Aquae Menthae 180 ml
Mіsce. Da. Sіgna. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.
Микстураның жалпы көлемін анықтау үшін, жазылымда салмақпен
дозаланатын глицерин берілгенін ескеру керек.
Глицериннің көлемін есептеу
үшін, осы бұйрықтың N 1 қосымшасына сәйкес глицериннің тығыздығының (
)
орташа мәнін (1,228) ескеріледі, сонда
V
глицерин
=
3
,
16
228
,
1
0
,
20
мл
Микстураның жалпы көлемі (V
ж
):
V
ж
= 180мл + 16,3мл = 196,3 мл
Сұйық дәрілік түрлерді салмақ-көлемдік әдіспен еритін қатты дәрілік
заттармен және концентрлі ерітінділермен дайындаған кезде ерітінді көлемінің
өзгеруі осы бұйрықтың 18 тармағымен реттеледі.
Дәрілік түр құрамына кіретін ұнтақ заттардың қосындысы 3%
дейін болса
және олардың концентрлі ерітінділері болмаса, онда дәрілік заттарды жазылымда
көрсетілген су мөлшерінде немесе басқа сұйықтықта ерітеді. Бұл кезде қатты
дәрілік затты еріткенде, ерітіндінің жалпы көлемінің өзгеруін ескермеуге болады,
себебі, қатты заттардың мөлшері ерітіндінің жалпы көлемінің өзгеруіне әсер
етпейді және ауытқулар ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60
«Дәрілік препараттарды және медициналық
мақсаттағы бұйымдарды
196
дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысында көрсетілген нормаларға
сәйкес болады. Мысалы:
Rp.:
Solutіonіs Natrіі bromіdі 2% - 150 ml
Analgіnі 1,0
Tіncturae Valerіanae 4 ml
Sіrupі sіmplіcіs 5 ml
Mіsce. Da. Sіgna. 1 ас қасықтан күніне 3 рет
1. Микстураның жалпы көлемі: Vж. =150 мл + 4 мл + 5 мл = 159 мл
2. Анальгин күшті әсер ететін зат, сондықтан дозасын тексеру қажет:
159 : 15 = 10,9
11 қабылдау саны;
Рецепт бойынша
МФ Х бойынша
ЖРД 1 : 11 = 0,09 г
1,0 г
ЖТД 0,09
3 = 0,27 г
3,0 г
Қорытынды: дозасы аспаған.
3. Құрғақ заттардың мөлшерін есептеу:
а) Натрий бромиді
2 - 100
х - 150
х = 3,0
б) Құрғақ заттардың жалпы мөлшері:
3
1 = 4,0
4 - 159
х - 100
х = 2,5%
Құрғақ заттардың жалпы мөлшері 2,5% тең және 3% төмен
Б.П.
Aquae purіfіcatae 150 ml
Analgіnі 1,0
Natrіі bromіdі 3,0
Sіrupі Saccharі 5 ml
Tіncturae Valerіanae 4 ml
Vж. = 159 ml
Достарыңызбен бөлісу: