Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


 Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділері



Pdf көрінісі
бет154/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
3.7 Жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділері 
 
Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) - молекулалық салмағы 
бірнеше мыңнан миллионға дейін және одан да жоғары болатын заттар. ЖМҚ 
молекуласының құрылысы сфералы және тізбекті жіп тәрізді болып келеді. 
Молекула ұзындығы, мысалы целлюлоза молекуласының 500 нм дейін, ал 
көлденеңінен 0,5 нм дейін болуы мүмкін. ЖМҚ молекулалық салмағы үлкен 
болғандықтан, ұшқыш емес, белгілі балқу температурасы жоқ, сыртқы 
факторларға сезімтал, қасиеті тек мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар 
молекула түріне де байланысты болады. 
Қөптеген ЖМҚ тән ерекшілік – олардың молекулаларында көп рет 
қайталанатын буындарының болуы. Ол полимеризация дәрежесіне 
байланысты болады. Осыдан олардың екінші – полимерлер деген атауы бар. 
Қазіргі кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары 
молекулалы қосылыстар қолданылады. 
Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуі. 
Алыну әдісіне байланысты: 
- табиғи жоғары молекулалық қосылыстар - ақ уыздар (желатин, желатоза, 
коллаген, казеин және т.б.), ферменттер (пепсин, трипсин, лидаза және 
т.б.), жоғары полисахаридтер (крахмал, целлюлоза, декстриндер, пектинді 
заттар, шырыштар, шайырлар); 
- синтетикалық және жартылай синтетикалық жоғары молекулалық 
қосылыстар - целлюлоза туындылары (метилцеллюлоза - МЦ, натрий 
метилцеллюлоза - Na-МЦ, натрий карбоксиметилцеллюлоза - Na-КМЦ


226 
поливинил спирті, поливинилпирролидон, полиэтилен, полистирол және 
т.б.). 
Жоғары молекулалық қосылыстар қолданылуы бойынша: дәрілік 
заттар; көмекші заттар (негіздер немесе жағар майлар мен суппозиторийлер 
үшін негіз компоненті, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, консерванттар, 
орамдаушы және тығындаушы материалдар және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет