Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


 Синтетикалық (жасанды) жоғары молекулалы қосылыстар



Pdf көрінісі
бет220/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

2. Синтетикалық (жасанды) жоғары молекулалы қосылыстар арасында 
полиэтиленоксидтер (ПЭО), полиэтиленгликольдер (ПЭГ) қолданылады. ПЭО 
молекулалық салмақғы 200 ден 6000-ға дейін, консистенциясы сұйықтан қатты
аралықта шығарылады. ПЭО АҚШ-та «Карбовакс», Францияда «Скурол», ФРГ 
«Постенал», ТМД ПЭО, ПЭГ атауларымен шығарылады. ПЭО суда жақсы ериді, 
спиртте, хлороформда, бензолда жақсы ериді, эфирде ерімейді. Негіз ретінде 
қатты және сұйық ПЭО балқымалары қолданылады: 1) ПЭО-400 - 60 бөлік және 
ПЭО-4000 - 40 бөлік; 2) ПЭО-400 - 70 бөлік және ПЭО-1500 - 30 бөлік. 
Осмостық белсенділігі бойынша ПЭО гельдері 10% натрий хлориді ерітіндісінің 
белсенділігінен 20 есе артық. ПЭО 400 (гельдердің негізгі компоненті) 
дегидрлеуші эффектісі полимердің сумен сутекті байланыстар арқылы 
комплексті қосылыс түзілуімен түсіндіріледі. 
Бұл негіздердің артықшылықтары: 
- суда жақсы ериді, сондықтан дәрілік затты оңай босатады; 
- микробтық бұзылуға ұшырамайды құрамындағы гидроксил (ОН) тобына 
байланысты бактерицидтік әсері бар; 
- теріден және киімнен оңай жуылады; 
- жарықтың, температураның және ылғалдың әсеріне тұрақты; 
- осмостық белсенділікке ие. 


300 
Кемшіліктері: 
- кілегей қабықтарды майсыздандырады; 
- тітіркендіргіш, күйдіргіш әсері бар; 
- күміс 
тұздарымен, 
қорғасын 
тұздарымен, 
салицил 
қышқылымен, 
бромидтермен, йодидтермен, резорцинмен, фенолмен сыйымсыз. 
3. Балшықты минерал гельдері (бейорганикалық заттар). Олар 
алюмосиликаттардың (SіO
2∙
Al
2
O
3 ∙
H
2
O) бентонитті балшық гельдері, алюминий 
орнын Na, K, Fe, Mg басуы мүмкін. 
Бентонитті гельдер теріге жеңіл жағылады, бірақ тез кеуіп кетеді. Оның 
кеуіп кетуін болдырмау үшін бентонитті гельдің құрамына 10% дейін глицерин 
енгізеді. Белгілі бентонитті негіздің құрамы: 13-20% бентонит, 10% глицерин, 70-
77% су. Бентонитті негіздер жоғары химиялық инерттілігімен, эмульсиялаушы 
қасиетімен, терінің экссудаттары мен жағымсыз иісті жоюмен ерекшеленеді. 
Бентониттің суды қосқанда гельге айналу қабілеті, оларды ұнтақ және таблетка 
түрінде құрғақ концентраттар дайындау үшін қолданады. Концентраттар түрінде 
оларды тасымалдау мен сақтау қолайлы. Жағар май негізін алу үшін ұнтақ немесе 
таблеткаға есептелінген судың мөлшерін қосып араластырады. 
А.Г. Кутателадзе Грузияның жергілікті бентониттерін зерттей отырып, 
гидрофильді негіз ретінде мантмориллониттің 7% коллоидты натрий тұзын
ұсынды. Бұл негіз әдебиеттерге «Асканкол» атауымен белгілі. 
З.А. Назарова, А.М. Ходжаева, М.А. Уманский Өзбекстанның бентонитті 
балшықтарының кейбір үлгілерін зерттеген. Бұл авторлармен жағар май үшін 
құрамы: бентониттен 20-25 бөлік, глицериннен - 10 бөлік, тазартылған судан 65-
70 бөлік тұратын гидрофильді негіз өндірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет