«бекітемін» мкқК «Музей кешені» Меңгерушісі Қ. Ходжаева



бет1/3
Дата17.04.2022
өлшемі22.27 Kb.
#456706
  1   2   3
Сәукеле және баскиімнің биік болу мәні


«БЕКІТЕМІН»
МКҚК «Музей кешені»
Меңгерушісі
___________Қ.Ходжаева
______________2022 ж.


«Сәукеле және баскиімнің биік болу мәні»
тақырыбында дәріс
Дайындаған: А.Балабаева





Форт-Шевченко, 2022

Сәукеле және баскиімнің биік болу мәні
Қай кезеңде болмасын баскиім формасы климаттық жағдайға және материалдың сапасына байланысты түрлі пішінде, сол қоғам талаптарына лайықты деңгейде тігілді. Қазақ ұлттық баскиімдерінің көркемдікке ұмтылысы мен олардың баскиім үлгілерінің ежелден қалыптасқан түрлерін байқаймыз. Қазақтардың ежелден эстетикалық әсемдікке деген құштарлығын ерекше философиялық ойлау жүйесінен көреміз.
Солардың ішінде осы уақытқа дейін назар аударылмай келе жатқан жайт қазақ баскиімдерінің биік болу ерекшелігі. Қазақ баскиімнің түп негізі ежелгі сақ заманынан, Шыңғыс хан дәуіріндегі Бодок аталып жүрген әйел баскиімі де, одан бергі қазақ сәукелелерінің биік болуы ешкімді бейжай қалдырмауы керек.
Мәселенің бәрі Есіктен табылған алтын киімді сақ жауынгерінің баскиімінен шығады. «Алтын адамға» тікелей ғылыми зерттеу жүргізген К. Ақышев пен мәскеулік антропологтердің зерттеуі бойынша ол – ер адам. Белгілі антрополог-ғалым О.Смағұловтың зерттеуінде де жерленген жауынгердің жас шамасы 18-19 жастағы ер адам.
Алайда еліміз тәуелсіздік алып, сақ жауынгері ұлтымыздың бас рәмізіне айналғаннан бастап, ол әйел адамның киімі деген пікірталас өрбіп, толастамай тұр. Алғаш филолог ғалым М.Барманқұлов, ол әйел адам деген қарапайым журналистік болжам жасады. «Алтын адам» әйел деген гипотезаны жақтаушылардың долбары бойынша сүйектер жақсы сақталмаған, ал баскиімі ұзын сәукеле сияқты. Бұл пікірді қолдаушылардың қатарында Бек Ыбраев секілді белгілі мәдениеттанушылар да болды.
«Шошақ бөрікті киімді барлық сақ тайпасы және Еуропаның көп бөлігіндегі скиф тайпалары да киген», деп К.Ақышевтың топшылауы бойынша ұзын баскиімді ер адамдар да киген. Бехистун жартасындағы сақ Скунханың бас киімінің (70 сантиметр) биіктігімен Есік қорғанындағы баскиіммен сәйкес (65 сантиметр). Сондықтан бас киімнің Персополь сатысындағы рельефтік суреттегідей биік болуы заңды.
«Бехустин жазбалары» Қазақстан тарихы үшін аса маңызды ежелгі парсы деректерінің бірі де бірегейі болып табылады. Еңбекте бізге қажетті тұсы тұтқынға түскен, соңында келе жатқан сақ патшасының басындағы шошақ бөрік және шошақ баскиім киген сақ жауынгерлері. Сонымен қатар барлық қазбадан табылған сақ қорғандарындағы ерлердің киімінің бәрінің қасынан қарулары, қанжарлары табылған.
Ал 1959 жылы Дондағы Елизавета қорғанынан скиф жауынгері қаруымен бірге табылғанда, қасынан патшайымның да қабірі табылған. Патшайымның баскиімі шошақ, әшекейі гүл бейнелі. Баскиімнің төбесінен беліне дейін жамылғы мата түскен. Бұл кәдімгі сәукелені еске түсіреді. Бірақ семсері, қару-жарағы жоқ.
Ал 1999 жылы Атырау аймағындағы Аралтөбе қорғанындағы сақ жауынгерінің қасынан қару табылған болатын. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы аймағында 2003 жылы табылған Шілікті қорғанындағы патша қабірінен де қару-жарақ шыққан. Ал 2012 жылы Батыс Қазақстанның Тақсай қорығынан ерте сақ кезеңіне жататын әйел адам табылды. Бұл қорғаннан да әртүрлі әшекейлер мен бұйымдар қазылып алынған. Осының өзі-ақ ерлер қорғанында қару болатыны, Есік қорғанының жауынгері ер кісі екенін дәлелдейді.
Ал қазақ баскиімдерінің ең әдемісі де бағалысы да – сәукеле. Сәукеле тек бір адамға ғана арналып тігіледі. Ежелгі түркі әлемінің атақты зерттеушісі Амантай Айзахметов «Рождение тюркского мира» кітабында, осы зерттеуімізге орай, түркі әлемінің бастауын сонау Крит Микен мәдениетіне тартатын пікірлер келтіреді. Сол кітапта Джорж Томсон «Исследования по истории древнегреческого общества» (доисторический Эгейский мир) атты зерттеу кітаптан «Келеи» деген өте кең таралған түрге жататын ауылдың атауы айтылады. Фестимдер, Алакоменам, Элевтериям, Потниям, Алесиям сияқты ауылдармен қатар, бұл ауылдың атауы жергілікті әйелдерге табынуды білдіреді және «Келеи» сөзбе-сөз «айқайлаған әйелдер» дегенді білдіреді (kaleo, kelomai). «Айына бір рет бұл ауылдың әйелдері қиылыстарға шығып, айға қарап айқайлайды», деген тамаша дерек келтірген.
Гомерге дейінгі уақыттағы Крит Микен аралдарымен Грекияның түркілік кезең екенін дәлелдейтін тілдік тұрғыдан байқауға болатын мысалдардың бірі. Қазақша «кел омай». Қазақ грамматикасында суффикс «ай» мейіріммен, еркелетіп айту мағынасында қолданылады. Апай, ағай деген сияқты. «Кел Ұм» қазіргі күнде келін болып өзгерген. «Ұмай ана» деп жүргеніміз де – осы сөз.
Ал Сәукеле сөзін Бек Ыбраев, Дастан Елдес, Серік Ерғали, т.б мәдениеттанушылар «Сау келуші» деген сөзден шыққан деп пікір айтады. Яғни жас келін о дүниеден бұ дүниеге қайта келуші ретінде сипатталады. Бірақ жас келіннің өліп-тірілту рәсіміне ғылыми дерек жоқ және негізсіз.
Сәукеле сөзін түсіндірсек, оның ғылыми ауқымы өте кең. Ең түсінікті сөз сәуегей – алдағыны, болашақты көруші. Сәуе – болашақ деген сөз. Сәу әуе – болашақ жарық жолы, Сәуле деген – нұр. Сәулем – деген бойжеткен қыз, болашақтан нұр шашушы. Түбір сөз Сәу – ғарыштан нұр шығарушы. Сәукеле сонда болашақтан, ғарыштан келуші Ұм. Мейіріммен айтқанда «Ұмай». Яғни болашақтан келетін «кел Ұм», «келін». Өйткені адам ұрпағын болашаққа жеткізуші келін ғой. Жас келін – ұрпақты болашаққа өсіріп, өрбітіп жеткізуші. Адам ұрпағымен мың жасайды дейміз. Әйелге бұндай құрметті әлем діндерінен де, дәстүрлерден де таба алмайсыз. Қандай терең философия.
Ал Сәукеле дизайнында – нұр бейнесіндегі салпыншақтар төгіліп тұратынын байқауға болады. Қыз ұзатуда ұзатушы жақ сәукелеге ерекше мән берген және ол өте қымбат бағаға жасалған. Оның түп негізінде болашаққа деген ерекше құрмет жатыр. Сәукеле әшекейлері төбеден нұр төгілгендей әсерге бөлейді. Тұрмысқа шығатын қызға арнайы тігіліп, ерекше асыл тастармен безендірілетін өте бағалы баскиім. Жас келін ұрпақты болашаққа жеткізуші. Өзі сол болашақ жарық әлемнен келуші. Беташар айтып келінді бұл дүниеге енгізеді.
Енді осы Сәукеле мен Сақтардың, оның ұрпақтары – қазақтардың баскиімі неге биік деген сұрақ туады.
Осы күнге дейін қазақтарда сақталған шошақ баскиімнің түп негізі көне сақ дүниетанымы екенін және не үшін биік болатынына зерттеушілер назар аудармай келеді. Қазақтарда шеңбер – ең қасиетті өлшем. Ол – кемел тұтастық, жинақылық. Отау киіз үйдің өзі де шеңберден тұрады. Қозғалыстың негізі арба дөңгелегі де шеңбер.
В.Радловтың жазбаларында отау киіз үйдің ішінде шеңбер, сондай-ақ ішінде пентаграмалы адам бейнесін шаңыраққа іліп қойғаны, тәңірдің бейнесі бейнеленгені туралы жазылған. Ол бейнеде бас киімсіз басы шеңберге жеткен. Сол арқылы тұтастыққа ие болған. Баскиімнің биіктігі қолсозым шеңберге тұруы неғұрлым Тәңірге жақындықты көрсетеді. Мәдениеттанушы Ұ.Нұрғалым өз мақаласында шаңырақтың шеңбер ағашын «арыс» деп айтатынын жазған. «Арыс» - қазақтар үшін ең дәрежелі ұғым. Суретті рәміз бойынша талдасақ төбесі көкке жеткен адам. Кемел адам мағынасын береді.
Пропорция заңдылығы бойынша қол-аяғы жетіп тұрған жерге басының жетпеуін шошақ баскиім арқылы көрсеткен. Баскиімнің биік болуы – дәреже.
Ал адамдар баскиімімен ғана жеңберге жетіп, өзінің қалаулы адам екенін көрсеткен. Бұдан басқа шеңбер ішіндегі пентаграмма Шіліктіден табылған б.з.б. VІІ ғасырлардағы сақ патшасының қабірінен де табылған.
Бұл алғашқы наградтаудың түп негізі. Патша құдай қалаулысы ретінде жұлдыз алған. Жалпы, түркі мәдениетінде оң мен сол, алды және арты сияқты жұп сандар жазықтық кеңістікті көрсетеді. Екі, төрт, алты, сегіз сияқты бұрыштармен кеңістікті белгілеу орын алған. Ал тылсым ғарыш әлемі бөлінбейтін әлем болғандықтан бес, жеті сияқты тақ сандармен белгіленеді.
Арғытектен үзілмей келе жатқан шошақ баскиім кейін қазақтарда үлкен мәртебе болды.
Яғни баскиімнің биік болуы тәңірге жақындықты, кемел тұтастықты, мәртебені, таңдаулы адам деген рәміз белгіні білдіреді.
Бұл жерде сақтардың баскиімін жасаушылар пропорция заңдылығын жақсы білген. Қолды төбеге тигізгенде тұтас шеңбер болатынын Қайта өрлеу дәуірінде Леонардо да Винчи де дәлелдеген. Бірақ олар баскиімге арнап философиялық мән үстемеген.
Қазақ сәукелесі этномәдени, рухани, дүниетанымдық алғышарттардың тұтас жүйесі бар ұлттық өнер кодтарымыздың бірі. Сәукеле – ұлттық брендтеріміздің үлкен бөлшегі. Өйткені оның қалыптасуы ежелгі дүниеден бастап қазақ ұлтының пайда болуы дәуірін түгел қамтиды. Баскиім ықылым заманнан бері қоғамда маңызды рөл атқарған. Қазақ баскиімінің ерекшелігі адам мен әлемнің байланысы туралы космогониялық дүниетаныммен де тығыз байланысты.

Қазақтың қыз-келіншектерінің бас киім мәдениеті


Ерте заманнан бастау алатын киім кию дәстүрі бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатса да, ұлттық киім кию мәнеріміз, өзіндік бітім-болмысымызды айқындайтын шынайы ұлттық төл киміміз қандай болады?
Қазақ қыз-келіншектері киімінің негізгі ерекшелігі – тұла-бойды жауып тұратындығында. Әйелдің киімі, әсіресе, бас киімі оның жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бейімделіп өзгеріп отырған. Қазақ «қызға қырық үйден тыю» жасаған, қазақ қыз-келіншектерінің киімінде көшпелі ұлттың қатпарлы тарихы қатталып жатқандай. Қыз етегінің ұзын болу себебі, ибалықты білдірсе, кимешек секілді басты жауып тұратын бас киімдер көшпелі халықты желдің өтінен, күннің ыстығынан, қыстың ызғарынан қорғаған. Ғалымдардың ұзақ жылдар бойы сан түрлі тәжірибе жасап барып, дәлелдеп жатқан дүниелерін, бір ауыз сөзбен айтып кеткен біздің ата-бабаларымыз ақ түстің денсаулықты қорғай алатын қасиеті бар екенін біліп, ақ түсті киелі түске айналдырған. Қазақ әйелдерінің бас киіміне жас ерекшеліктеріне қарай киетін тақия, қыздар кепеші, сораба, жырға, бөрік, қарқара, сәукеле, қасаба, күндік, шәлі, кимешек жатады. Құлпырған қыздың ажарын аша түсетін тақия асқан ұқыптылықпен, зерлі тегіспен, басқа да әртүрлі моншақтармен, күміс теңге, маржан тастармен әшекейленеді. Үкілі тақия – қазақ қыздары ерекше ұнатып киетін бас киімі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет